«№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Ашық сабақтың тақырыбы:
««Термоядролық реакциялар.
Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану.»
11 «Б» сынып
Тиыштыкбаева Сауле Багдаулетовна
Сабақтың тақырыбы: «Термоядролық реакциялар. Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану.»
Сабақ мақсаты: Оқушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасай отырып, таным белсенділігін арттыратын талпынысқа ынталандыру үшін олардың іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыру арқылы термоядролық реакциялар , радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері және радиациядан қорғану туралы түсінік беру.
Оқыту міндеттері: а/ оқушыларды термоядролық реакциялардың жүруімен, радиоактивті сәулелердің қоршаған ортаға , адам организміне тигізетін әсерілерімен таныстырып, есеп шығаруға үйрету.
б/ Оқушылардың шығармашылық белсенділігін, өз бетімен танып білуін жетілдіру, өз ойын тиянақты жеткізе білу, есте сақтау қабілетін , қабылдауын, зейінін тұрақтандыру.
в/ оқушылар білімін өмірмен байланыстыру.
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақ типі: семинар
Сабақта қолданылатын әдістер: оқушылар шығармашылығы, оқушылардың өзін-өзі бағалауы, карточка, физикалық байқау, есептер шығару, физикалық лото.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, таблица, карточкалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді:
1.Ғалым-физиктер
2. Дәрігерлер
3. Экологтар
2. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Тізбекті ядролық реакциялар
Тізбекті реакцияның жүру механизмі
Ядролық реактор құрылысы
Реактордың жұмыс істеу принципі
3. физикалық байқау / ой толғау/.
1. Ядрода протондар мен нейтрондарды ұстап тұратын күш
/ ядролық күш/
2. Белгілі ядролық реакция келесі дәл сондай
реакцияны туғызатын процес
/ тізбекті ядролық реакция/
3. Тізбекті бөлу реакциясын тұрақты қамтамасыз
ететін бөлінетін заттың (уранның) ең аз массасы
/ сындық масса/
4. Нейтрондардың көбею қарқынын сипаттайтын физикалық шама k-
/ нейтрондардың көбею коэффициенті/
5. Басқарылатын тізбекті бөліну реакциясын жүзеге асыратын қондырғы
/ядролық реактор/
6. Ядроның ішкі энергиясын алу жолдары: а/ ауыр ядролардың бөлінуі
б/жеңіл ядроларды синтездеу
7. Тізбекті реакцияда бөлінетін ядроның энергиясын практикалық мақсатта пайдаланудың тиімді жолы
8. Баяулатқышсыз реактор
/ шапшаң нейтронды реактор/
9. Атом ядросының басқа ядромен, элементар бөлшектер және гамма -кванттармен өзара әсерлесуі кезінде болатын түрленулер-
/ Ядролық реакция/
10. Бөлшектер мен ядролардың реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымы
/ Ядролық реакцияның энергетикалық шығуы/
3.Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі. / топпен жұмыс/
Топтарға мәтін таратылып, тапсырмалар беріледі және жаңа тақырыпты өз бетімен түсінуге жағдай жасау:
Термоядролық реакциялар, сутекті бомба, басқарылатын термоядролық синтез.
Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері.
«Білім жәрмеңкесі »- жаңа білімді меңгеру, оқушылар жаңатақырып бойынша түсінгендерін ортаға салады.
Жаңа тақырыпты бекіту үшін «Термоядролық реакциялар» слайды қолданылады.
Физикалық лото:
/Экраннан сұрақ көрсетіледі, дұрыс жауап берген оқушыға карточка беріледі. Кім көп карточка алса ұпайы көп болады/
1.Радиацияның мөлшерін өлшейтін құрал- дозиметр
2.Шығарылған сәуленің жұтылған дозасының формуласы- D=E/m
3.Белгілі ядролық реакция келесі дәл сондай реакцияны туғызатын процесс- тізбекті ядролық реакция
4.Өте жоғары температурада жеңіл ядролардың бірігіп ауырлау ядроны түзу реакция- термоядролық реакция
5.Сәулеленудің өлшем бірлігі- 1 рентген
6.Ядролардан және жеңіл электроннан тұратын иондалған газ-плазма
V. Үйге тапсырма. §8.11,8.12
VI. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |