Қыпшақбаева Нұрлыай



бет3/3
Дата16.11.2022
өлшемі20,08 Kb.
#158396
1   2   3
Байланысты:
психология 4 апта
СРО-5. Ситуация для кейс-задания
Қарым-қатынастың рөлі
Қарым-қатынас ұғымы, әлеуметтік психологияның кез-келген ұғымдары сияқты, көптеген зерттеушілермен қарастырылған және әртүрлі түсіндірілген. Қарым-қатынасқа әлеуметтанушылар, педагогтар және философтар да назар аударған. Қарым-қатынасты зерттеу үдемелеп бара жатыр. Қарым-қатынас адамдық өмір сүрудің, соның ішінде еңбек іс-әрекетінің қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас мәселесі қазіргі кезде көпшілікке белгілі мәселелердің бірі. Бұл, ең алдымен, әлеуметтік психологияның дамуымен және оның психологиялық ғылымдар жүйесінің барлығына әсерінің күшеюімен байланысты. Бірақ қарым-қатынас мәселесі өте кең мағынаға ие.
Қарым-қатынасты зерттеу тек қана арнайы психологиялық пәндермен ғана емес, сонымен қатар психологияның жалпы теориясының да дамуының маңызды шарты болып табылады. Сірә, қарым-қатынас мәселесі рөлінің дамуын барлық психологиялық ғылымдар жүйесінің дамуының жалпы тенденциясы ретінде қарастыруға болатын шығар.
Психологиялық тар мағынада қарым-қатынас адам арасындағы байланыстың қойылу нәтижесі және процесі ретінде немесе субъектілердің түрлі белгілер жүйесі арқылы өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі. А.В.Петровский және М.Г.Ярошевский редакциясымен шыққан психологиялық сөздікте қарым-қатынас біріккен іс-әрекетке қажеттіліктен туындайтын, өзіне ақпаратпен алмасуды, өзара әрекеттің бір стратегиясын шығаруды кіргізетін, адамдар арасында байланыс орнату және дамыту процесі ретінде қарастырылды [1]. Бұл анықтама қарым-қатынастың негізгі мазмұнын бөліп шығарады: адамдардың ақпаратпен алмасуы, өзара әрекетті, бір-бірін тануы. Мазмұнның осы 3 сипаттамасын қарым-қатынастың аспектілерін қарастыру деп қабылданған. Ақпаратты беру қарым-қатынастың коммуникативті аспектісі ретінде қарастырылады; өзара әрекет қарым-қатынастың интерактивті аспектісі ретінде қарастырылады; адамдардың бір-бірін түсінуі және тануы қарым-қатынастың перцептивті аспектісі ретінде қарастырылады. Қарым-қатынас барлық үш аспектілер бірлестігінде толығырақ зерттелуі мүмкін, бірақ феноменді талдауда әрбір аспектіні жеке қарастырған жөн. Кейде коммуникация, перцепция және интеракция қарым-қатынастың негізгі қызметтері ретінде зерттелінеді [2].
Қарым-қатынасты «іс-әрекет» категориясы арқылы анықтай отырып, В.Г.Ананьев, А.А.Бодалев және т.б. психологтар қарым-қатынас амалына, тәсіліне, мақсатына және мотивіне назарды шоғырлау арқылы оның материалды сипатын көрсетеді. «Қарым-қатынас үшін қарым-қатынас» жағдайын қоспағанда қарым-қатынастың мазмұнды жағы оны бұндай талдауда өзара әрекеттің заттық сипатымен дәл сәйкес келеді, партнер да, онымен қарым-қатынас та біріккен іс-әрекеттің заттық-практикалық мақсатына жету амалы болып табылады.
Қарым-қатынас - өте күрделі феномен. Оның әртүрлілігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көп қызметтілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орын мен мағынасына байланысты.
Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жан-жақты талдау үшін үшке бөлеміз.
Коммуникация (информативті) – арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру үрдісі.
Интеракция (интерактивті) – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция (перцептивті) – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Жалпы қарым-қатынастағы этникалық ерекшеліктер қазіргі экономикалық даму кезеңінде өте өзекті мәселе болып отыр, өйткені әр мемлекет, әр ел өкілдері бір-бірімен достық, экономикалық, саяси, т.б. қатынастар орнатып, жиі қарым-қатынасқа түсіп отырады. Осындай қарым-қатынас жағдайында әр ұлттың этникалық ерекшеліктерін, этникалық өзіндік сана көріністерін ескеру олардың арасындағы байланысты нығайта түсіп, арадағы мүмкін болатын шиеленістерді азайтады деп ойлаймын. Олардың бір-бірінің өзіндік бағалауын, өзін санасын, соның ішінде этникалық өзіндік санасын төмендетпей, бір-біріне түсіністікпен қарауы, олардың арасындағы қарым-қатынасын, достық қатынасын, т.б. нығайта түседі.

Пайдаланылған Әдебиет:
1. Елікбаев Н. Ұлттық психология. А., 1992
2. Малаева А.Т. Надэтническая идентичность или казахи и русские в Казахстане. Алматы, 2000
3. Муканов И.М. Исследование когнитивной эмпатии и рефлексии у представителей традиционных культур //Исследование речемысли и рефлексии. А-Ата., 1979
4. Мухаметбердиев О.Б. Национальное самосознание. М., 1992

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет