Иран Ислам Республикасындағы діни және ұлттық мерекелер.
Діни мерекелері:
Ейд-е фетр – ораза айының біту салтанаты;
Ейд-е құрбан – құрбан айт;
Ейд-е маб'ас – Мұхамедтің үмбетінің келуі
Ейд-е Қадир - Әлидің Мұхамедтің орнын басуы
Мұхамед пайғамбардың туған күні
Алидің туған күні
Ұлттық мерекелері:
Ислам Революциясының жеңген күні
Ноуруз – жаңа жыл мерекесі
Сиздаһ бе дар – наурыздың 13- і күні
Чахаршанбе Сури – Наурыздың алдындағы сәрсенбі
Саде- ежелгі иран мерекесі
Меһрган – ежелгі иран мерекесі, қырман той
Ұлттық тағамдары: палау, челу кәуап, абгушт, арнайы әдіспен пісірілген күріш. Сонымен қатар, жеміс-жидектер, көкеністер, айран, шәй, сусындар, тәттілер. Соның ішінде гәз, пахлава, пәшмәк т.б
Иран Ислам Республикасындағы үйлену рәсімі.
Иранда атастыру рәсімі кеңінен жайылған. Яғни ата-аналар тарапынан үйлендіру. Үйлену рәсімі ерлер үшін қол жетпес бақыт болып саналады, себеі иран қыздары өте қымбат, яғни жар алу үшін үлкен қаражат керек. Шариғат бойынша ерлер 4 әйелге дейін алуға болады, бірақ бұл әйелдердің рұқсатымен іске асады.
Иран күнтізбесі.
Иранда жыл 365 күнге созылады. Жылдың басы 21-ші наурыздан басталып,келесі жылдың 20- шы наурызымен аяқталады. Алдыңғы алты ай 31 күннен, бес ай 30 күннен және соңғы ай 29 күннен тұрады. Иран жыл санауы 622- ші жылдан бастап есептелді, Мұхамед пайғамбардың Меккеден Мәдинеге келген күні.
Иран Ислам Республикасының экономикасы.
Иранның экономикасы мұнай көздеріне тікелей байланысты. 40 жылдан астам уақыт бойы Иран экономикасы мұнаймен дамып келеді.
Иранда кәдімгі қол сүртететін қағаздан бастап, автообильге дейін өндіріс қарқынды дамыған. Сонымен қатар, Иранда пайдалы қазбалар көздері, азық- түлік, жеміс-жидек, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, қолөнер бұйымдары ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосып келеді. 10 жылға созылған Иран-Ирак соғысы Иран экономикасын күрт түсірсе де, аздаған жылдар арасында ел бұл олқылықтарды түзетіп қатарға қосылды. Иранның атақты кілемдері елдің экономикасының өсуіне өз үлесін қосуда.
Иран Ислам Республикасындағы киностудия.
Иранда жыл сайын 60-тан аса кинофильм түсіріледі. Бұл салада бірнеше мыңдаған адамдар жұмыс атқарады. Иран кинофильмдері әр түрлі кино фестивальдарда лайықты орындарға ие болды. Елде 284- тен аса кинотеатрлар жұмыс істейді. Иран кинофильмдері 55- тен аса елдерде көрсетіледі.
Иран Ислам Республикасындағы транспорт.
Иран жолдарындағы тасымалдау «Елдің тасымалдау ұйымымен» 3300 тасымалдау ұйымдарымен жүзеге асады. Олардың 3%-і ғана мемлекет меншігінде. Иран өз тасымалдау мүмкіндіктері мен, жағрапиялық орналасуы жағынан әлемдегі транзиттік кілт ретінде мойындалған. Елде жер үсті көліктерімен қатар, теңіз жолы, әуе жолы жақсы дамыған. Иран жолдарының түзулі мен жасалу үлгісі әлемдік стандарттарға сәйкес деп айта аламыз. Иранға жолыңыз түсіп бара қалсаңыз, бұған көзіңіз толығымен жетеді.
Иран Ислам Республикасындағы спорт.
Ирандықтар спорттан да құр алақан емес. Иран футбол командасы екі мәрте Азия біріншілігін жеңіп алды. Күреске келетін болсақ, әлем біріншіліктері мен олиапиада ойындарында спорттың бұл түрінен де ирандықтар алдыңғы орындарға ие болды.
Иран әйелдер арасындағы алғашқы олимиаданы ұйымдастырушы ел.
Иран Ислам Республикасындағы «хежабтың» маңызы.
«Хежаб» - мұсылмандық тәртіптің бөлшегі, әйел денесін сұқ көздерден қорғайтын жамылғы. «Хежаб» - әйелдерді шектейтін нәрсе емес, пәктіктің, адалдықтың, тазалықтың белгісі.
Иран Ислам Республикасындағы адамдармен араласу мәдениеті.
Иранда қазақша айтқанда, «сарт мезірет» жасау, орысша айтқанда «любезности» күнделікті өмірде көп кездеседі. Бұл сауда жасауда, транспортта, қонақта, көшеде кездесетін тек ирандықтарға ғана тән мінез түрі. Бұл сарт мезіреттерге айтылатын арнайы жауап түрлері де бар. Мысалы: «Сізге сондай жарасады» дейтін болсақ, сіздің жауабыңыз келесідей болуы шарт: «Сіздің көзіңіз әдемі көреді».
Иран Ислам Республикасы – исламдық идеологияны берік ұстанған, шариғат заңдарымен өмір сүретін елдердің бірі болып саналады. Иран мемлекетінің дүнижүзілік аренада өз орны бар, шығыстық мәдениеті мен әдебиеттің ғажап үлгісі деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |