Ирандағы қазақтар Қазіргі уақытта қазақ диаспорасы әртүрлі мәліметтер бойынша Гор-ган, Бендер-Туркмен және Гүлістан провинциясының Гомбад қалаларында тұратын 10-нан 15 мыңға дейінгі адамды құрайды. Ирандағы диаспора негізінен өткен ғасырдың 20-30-жылдары, КСРО-да ұжымдастыру, мал мен астық қорын тәркілеу процесі басталған кезде қалыптасқан. Олардың көпшілігі – Маңғыстау облысы аумағынан келгендер. Ирандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің жәрдемімен 59 отбасы арнайы авиарейспен тарихи отандарына көшіп келді.
Иранда (Иран Ислам Республикасы) 2000 жылдың басында 3 450 қазақ бары анықталған. XX ғасырдың 80-жылдары көшіп барған қазақтар тек 60-жылдар ортасында ғана уақытша тұруға рұқсат алып, кейін азаматтыққа да қол жеткізген. Бірен-саран өзге де қазақ руларының өкілдері болғанымен, ондағылар, иегізінен, адайлар.
Олардыңкөпшілігі Гүрген, Бендер, Түрікмен, Аққала, Күмбеш қалаларына қоныстанған.
Басым көпшілігі саудамен айналысады. Балалары парсы тілінде оқығанымен, қазақы тәрбие қатаң сақталған.
Иран қазақтарының бір ерекшеліғі — олар өздерінің ұлттык киімін әлі күнге қолданыстан қалдырмай келеді. Қазіргі Иран қазақтарындағы әйел киімі — көне дәстүрдің сарқытын танытады.
Иран қазақтарының үй тұрмысында да ескілікті бұйымдар көптеп қолданылады. Соның бірі — қазақтық текеметі. Олар текеметті жай-намаз ретінде кіші өлшемде де, кілем көлемінде де пайдалана береді.
Дәстүрмен біте қайнасқан қазақы махаллада үйлену, үй болу жайы да аталар салған сара жолдан ауытқымаған. Атастыру, құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру тойлары бүкіл махаллалық мейрам ретінде тойланады. Ойын-тойда парсыша, қазақша әндер айтылады. Домбыра тартушылар азайған. Иран қазақтарының тілдері таза сақталған, десек те, кейінгі жастар арасында парсы сөзі аралас қазақ тілімен сөйлеу заңды құбылысқа айналған.
Иран қазақтарының мамандықтары — жүргізуші, механик, техникалық қызметші, бақташы. Негізінен, бұл елдегі қазақтардың тұрмыс деңгейі орташа, сондықтан кейбір әлеуметтік және мәдени қысымдарға қарамастан, бұл елдеп көшіп келуші оралмандар саны да аз.
Пәкістан мен Ауғанстан[
Пәкістан Ислам Республикасындағы қазақ диаспорасы Сайлау Батыршаұлының мәліметтері бойынша 1600 адамды құрайды. М.Тәтімов олардың саны 3 000 адам деп есептейді, Г.Меңдіқұлованың мәліметтері бойынша олардың саны 5 000 адам. Пәкістандағы қазақ ұлты негізінен басқыншы Кеңес армиясынан қашқан ауғандық қазақтардан тұрады. Пәкістаннан келген репатрианттар өмір сүруге қажетті қаражатсыз қалғандықтан Елшілік олардың тіршілік етуіне көмектесудің барлық мүмкіндіктерін жасады. 1998 жылы Қазақстанға Ауғанстаннан келген босқындардың көп бөлігі (230 адам) жіберілді. 1999-2000 жылдары тағы 573 қазақ оралды. Ауғанстанда 21 000 қазақ бар. Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясының ақпаратына сәйкес 374 адам тарихи отанына оралуға тілек білдірген. Ауған қазақтарының көбі сауатсыз, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ. Ауғаныстан қазақтарының тарихы, этнографиясы, тілі мен діні, жалпы тыныс-тіршілігі жүйелі түрде зерттелмей келеді.
Осыдан оншақты жыл бұрын алыс шетелдердің ішінде қазақтар ең көп, тығыз орналасқан елдің бірі – Ауғанстан елі. Мұндағы қазақтар негізінен Мазари Шариф төңірегінде тұратын. Кабул қаласында және басқа жерлерде біраз қазақтар бар еді (жалпы ол кезде ресми статистикалық есептерде Ауғанстанда 30 мың қазақ бар деп көрсетілген). Міне осы қазақтардың басым көпшілігі Ауғанстандағы соғыс кезінде шетелдерге(Иран, Түркия, Сауд Арабиясы, Пакистан) өтіп кетті. Кейін олардың бәрі дерлік Көші-қон квотасы арқылы Қазақстанға жетті. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан облысына келіп қоныстанды, біраз бөлігі Алматы облысында тұрып жатыр.
Қазір Ауғанстанда 300 отбасындай қазақтар қалды деп есептелінеді. Олармен байланыс өте қиын. Барыс-келіс мүлде жоқ деуге болады. Сондай-ақ, Ауғанстанда қазақ жерінен осыдан 150-200 жыл бұрын кеткен қазақтар бар. Олар өз шежіресін, ата-бабасын жақсы біледі. Бірақ қазақ тілін білмейді.