Дистрофиялар емі: ем дистрофияның түрімен дәрежесіне байланысты болады. алдымен этиологиялық факторды жою керек. Режим мен диетаны жөндеу керек.
Күтім: гипотрофияның ІІ және ІІІ дәрежесінде баланы міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек. Баланы кең, желдетіліп тұратын, жарық бөлмеге салу керек, бөлме жылылығы 24 – 250 төмен, 26 - 270 жоғары болмауы тиісты, себебі, бала тез тоңады да
қызып кетеді де. Баланы далаға -5о жоғары температурада шығаруға болады. Күзде және қыста далаға шығарғанда - баланың аяқтарына жылытқыш салу керек. Оны жиі қолға алып, жағымды тонус туғызу керек.
Баланы жұқпалардан қоршау үшін - оқшаланған бокстарға жатқызу керек. өте пайдалы жылы жалпы ванналар жасау. Міндетті түрде массаж, гимнастика жасалады.
Инфекция ошақтары болса, оларды анықтап уақытында емдеу керек, балаға антибиотиктерді, физиотерапиялық ем белгіленеді.
Ферменттермен емдеу.
Ас қорытуды жақсарту мақсатымен ацидин пепсин, асқазан сөлі, пепсин, мексаза қолданылады. Ферменттер жетіспеушілігін ас қазан асты безінің препараттарымен емдейді, негізінде панзинорммен, фесталмен.
Парентералды жолмен тамақтандыру гипотрофияның ауыр түрінде өткізіледі, ол үшін альвезин, левамин, ақуызды гидролизаттар қолданады.
Витаминдік терапия.
Алдымен С, В1, В6 витаминдер парентеральдық жолмен белгіленеді, жағдайы жақсарғасын, ауыз арқылы беріледі. Қосымша А, РР, В5, В15 , Е, аевит, токоферол дәрумендері беріледі.
Инфекциялық аурулар қосылған кезде – гамма-глобуллин, тамыр арқылы сары су, альбумин, протеин құйылады, анаболикалық гормондар (ретаболил, неробол), инсулин және глюкоза беріледі. Гипотрофияның ауыр түрінде апилак, дибазол, пентоксил, метацил, т.б. белгіленеді. Симптомдық ем клиникалық көріністерге байланысты.
Профилактикасы. Табиғи тамақтандыру үшін күрес жүргізу, гипогалактияны ерте айқындап емдеу, жасына байланысты балаға қосымша тамақ және дәрумендерге бай тамақ беру, баланың жасына сай күтім тәртібін белгілеу, мешелдің алдын алуы. Мешелдің, анемияның диагностикасы, оларды уақытында, ерте емдеуі өте мағыналы. Гипотрофияның алдын алуында ұрықтың денсаулығын сақтау шаралар өте маңызды, сондықтан әйелдің денсаулығын сақтау, еңбегінің және тұрмысының гигиеналық тәртібін бұзбау. Уақытында баланың салмағын және бойын өлшеп тұру.
Достарыңызбен бөлісу: |