Ыстықты (тербөрпе) – нәрестенің күтімі нашар болған жағдайда және температура режимін дұрыс сақтамаған жағдайда пайда болады. Нәрестенің денесінде, мойнында, тері қыртыстарында ұсақ, серозды сұйықтыққа толы көпіршіктер пайда болады. Көпіршіктер айналасындағы терінің түсі өзгермейді. Бала кішкен мазасызданады.
Емі: тері күтімін ұйымдастыру
Күнделікті гигиеналық ванна өткізу (калий перманганат ерітіндісіне, түймедақ т.б шөптер қосып);
Жергілікті ем (ұнтақ себу, таза стерильді өсімдік майын жағу, 1-2% танин);
Баздану – денеде, мойында, аяқ-қолдардың ішкі бетінде, тері қыртыстарында және жамбаста ұсақ нүкте тәрізді қызғылт түсті бөртпелердің пайда болуы.
Этиологиясы: тері күтімінің нашар болуы (күнделікті шомылдырмау, шат аралығын жумау, памперстерді уақытылы ауыстырмау).
Клиникалық белгілері: 3 дәрежесін ажыратады:
1 дәреже – терінің қызаруы
2 дәреже – тері қызарып эрозия пайда болады
3 дәреже – тері қызарып суланады.
Емі:
Теріге гигиеналық күтім
Жалпы және жергілікті ванна
Таза стерильденген өсімдік майы, Авитаминінің майлы ерітіндісі, ұнтақтар себу
Суланған тері аймақтарына 0,5% резорцин немесе 1,25% күміс нитраты немесе 0,1% риванол ерітінділеріне жуу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |