Эксфолиативный Риттер дерматиті.
Клиникасы: нәрестелер күлдіреуігінің ауыр формасы. Нәрестелер өмірінің 4-6 күндері, кейді 2-3 күндері пайда болады. Ерін және кіндік айналасында терінің мацерациясы мен гиперемиясы пайда болады. Процесс тез арада дене мен аяқ-қолдарға жайылады, эпидермис ажырап, күлдіреуіктер пайда болады, олар тез жарылып, үлкен көлемдегі эрозиялар пайда болады. аяқ-қолдарда тері сылынады. Бұл нәрестелер үшін қауіпті ауру бболып табылады, қазіргі таңда өте сирек кездеседі.
Емі: жергілікті - антисептикалық препараттармен өңдеу, антибактериальді суспензиялар, майлар. Жалпы - активті антибактериальді комбинирленген терапия (цефалоспорины 3-4 + аминогликозидтер); септикалық дозада (2 есе көбірек); ауру толық қайтқанша курсты қайталау керек. Дезинтоксикация және гиповолемияны емдеу мақсатында инфузионнды терапия жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |