Кіндік жарасының аурулары.
Кіндік жарасы нәрестелер өмірінің 3 – 5 күндері түседі. Дені сау нәрестелерде кіндік жарасы эпителимен жабылып, 12-14 күндері толық эпителизация болады. Кіндіктің инфицирленуі алғашқы өңдеуі кезінде және басқа күндері күтім кезінде болуы мүмкін. Кіндіктің алғашқы өңдеу кезінде кіндік артериясында екі тромб пайда болады, сол жерлерде жиі инфекция жиналады.
Сулы кіндік.
Кіндік жарасы суланады, сұр немесе сұр іріңді бөлініс бөлініп, ол қабыршықтанады.
Кіндік пиореясы.
кіндіктен іріңді бөліністер бөлініп, кіндік қатпарларында жиналып қалады.
Омфалит.
Омфалит дегеніміз – кіндік жарасы айналасындағы тіндердің қабынуы.
Себебі: әртүрлі инфекцияның нәтижесінде дамиды.
Клиникасы: кіндік айналасында тері гиперемияланып, тығыздалып, айналасындағы тіндерге жайылады. Кіндіктен іріңді бөліністер шығады.
Кейде ірің кіндік тамырлары арқылы кіндіктен бөлек аймақтарға таралуы мүмкін.
Қабыну процессі кінді айналасындағы тері мен теріасты шел май қабатына таралады. Кінді айналасындағы тері қызарады, инфильтрацияланады, кіндік айналасы ісінеді, іріңді бөліністер болады. Инфекциялық токсикоз белгілері дамып, дене қызуы жоғарылайды.
Емі. Кіндік жарасын өңдеу керек: кіндік сақинасын жақсылап 33 % сүтегі асқын тотығымен өңдеп, антисептикалық ерітінділерге (1% брилиантин көк ерітіндісімен немесе 3-5% перманганат калий ерітіндісіне) малынған мақтамен кіндік жарасын өңдеу керек. Іріңді омфалитте өңдегеннен кейін 25% магнезиямен, ал 2-3 сағаттан соң – антибиотиктермен таңғыш жасап қояды. Кінді айналасына физиотерапия қолданады: УКС. Егер инфильтрация көлемі үлкен болып кіндік айналасына таралып, флюктуация болса, шахматты ретпен кесіп, гипертоникалық ерітіндімен өңдеп, дренаждайды. Жалпы терапия – сезімталдығын ескере отырып 7- 10 күнге антибиотикотерапия тағайындайды. Кіндік жарасы инфекцияның ену қақпасы екенін есте шығармай емдік дәл уақытында және тиімді жүргізу керек.
Сепсис
Сепсистің дамуына белгілі-бір жағдайлар керек:
қолайсыз преморбидті фон (жатырішілік инфицирлену);
вирулентті микроағзалармен постнатальді инфицирлену;
морфо-функциональді жетілмеу; шала туылуы;
иммундық жүйенің толық жетілмеуі;
ерте неонатальді кезеңде антибактериальді терапияның дұрыс жүргізілмеуі;
септикалық процесстің дамуына уақыт қажет: интранатальді және постнатальді инфицирлену кезінде процесс макро және микроағзамен әсерлескен кезде 2 аптадан соң басталады. Бірақ, жатырішілік инфицирлену кезінде – процесс тез басталып кетеді.
Сепсистің клиникалық көрінісі:
этиологиясы белгісіз респираторлы дистресс синдром,
ана сүтін көтере алмау (жиі лоқсу, құсу, анорексия, гипотрофия),
дене қызуының тұрақсыздығы,
ұйқышылдық, мазасыздану,
терісінің түсінің өзгеруі (бозару, сұрлану),
іштің кебуі, диспепсиялық бұзылыстар,
гепатоспленомегалия,
ОЖЖ қызметінің бұзылыстары.
Диагностика:
1. ЖҚА:
лейкоцитоз немесе лейкопения,
нейтрофилез, солға жылжыған,
ерте анемия,
тромбоцитопения,
СОЭ жылдамдаған.
2. Геморрагиялық синдром (К витаминінің жеткіліксіздігі, ДВС-синдром, тромбоцитопения):
3. Қанның биохимиялық зерттеуі:
гипопротеинемия,
гипоальбуминемия,
диспротеинемия,
АЛТ, АСТ жоғарылауы,
С-реактивті протеиннің жоғарылауы.
4. Бірнеше қабу ошағының болуы.
5. Ісіну синдромы: жиі іш қуысының алдыңғы қабырғасы, қасаға және аяқтардың.
6. Паренхиматозды ағзалардың өзгерістері:
гепатомегалия (бауырдың токсикалық зақымдануы немесе тура гипербилирубинемиялы гепатит),
сире - спленомегалия.
8. Температурлы реакция тән емес.
Емі: сепсис диагнозы қойылғаннан кейін емдеу программасы құрыстырылады. Ең алдымен диспепсиялық бұзылыстарды ескере отырып, тамақтануын дұрыстау керек.
1. Егер анасының сүті стерильді болса, онда емізу керек. Егер жасанды тамақтандыру болса, бейімделген сүт өнімдерін беру керек.
а) тамақтандыру тәулігіне 8-10 50 мл-ден, әрбір 2-2.5 сағат сайын. Сумен жүктеме емізулер арсында 150-200 мл қайнаған жылы су беріледі.
б) диспепсиялық синдромды басқаннан кейін тамақтанудың физиологиялық ритміне көшеді.
2. Инфекциямен күрес:
сезімталдығын ескере отырып кең спектрлі антибиотико терапия жүргізеді немесе 2 антибиотиктермен комбинирленген терапия жүргізу керек ( жартылайсинтетические пенициллиндер + аминогликозидтер немесе цефалоспориндер 3-4 поколения + амигликозидтер); дозасы терапиялыққа қарағанда 2 есе көбірек болу керек; еңгізу жлы көктамыр ішілік. Ұзақтығы ауру ағымына байланысты 2-3 курс.
3. Патогенетикалық терапия:
а) дезинтоксикация мақсатында инфузионды терапия (инфекционды-токсикалық шокпен күрес), метаболических бұзылыстарды қалпына келтіру гемодинамических көрсеткіштерді жақсарту, ДВС-синдромды басу:
жаңа ерітілген плазма,
плазмо алмастыру,
кристаллоидтар,
ККБ, витаминдер, қан тамырлық және мембрананы тұрақтандыратын препараттар.
4. Пассивтті иммунизация:
3-4 күн сайн гипериммуннды плазмаларды көктамырға.
анатоксиндер,
антитоксикалық сарысу.
Көктамырға, тамшылатып иммуноглобулиндер.
Есте сақта! Бұндай жағдайда вакцинамен иммунизация жасауға болмайды, себебі нәрестенің ағзасы антидене синтезин жасай алмайды.
5. Инфекция ошағын санациялау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |