Зақымдану дәрежесіне байланысты клиникалық көрісініс:
Зақымдану дәрежесі
|
Клиникалық белгілері
|
Жеңіл
|
Нерв-рефлекторлы қозғыштық, бұлшықет тонусының және рефлекстерінің жоғарылауы немесе төмендеуі. Горизонтальді нистагм, қылилық. Кейде бұл белгілер 7-10 күннен кейін ОЖЖ/нің қозғыштығына ауысады, иек пен қолдардың треморы, мазасыздық.
|
Орташа
|
Бұлшықет гипотониясы, гипорефлексия, бірнеше күннен кейін бұлшықеттердің гипертонусына ауысады. Кейде қысқа уақытты тырысулар, мазасыздық, гиперестезия, көз қозғалысының бұзылыстары (Грефе симптомы, «батқан күн» симптомы, горизонтальді және вертикальді нистагм және т.б.). Вегето-висцеральді бұзылыстар жиі дамиды.
|
Ауыр
|
Жалпы милық белгілер айқын болады (ОЖЖ/ң бұзылыстары, тырысулар) және соматикалық (тыныс алу, жүрек, бүйрек, ішектер парезі, бүйрек үсті безінің гипофункциясы).
|
Диагностика
Диагноз анамнездік (социальді-биологиялық факторлар, анасының денсаулық жағдайы, оның акушерлік-гинекологиялық анамнезі, жүктілік ағымы мен туыт асқынулары) және клиникалық мәліметтермен инструментальді белгілерге сүйеніп қойылады. НСГ, бас сүйегінің және омыртқаның рентгенологиялық зерттеуі, КТ мен МРТ кең қолданады.
Емі.
Жедел кезеңде:
Емнің негізінде мидағы қанайналымның бұзылуын қалпына келтіру жатады:
Мидың ісінуін жою. Осы мақсатта дегидратациялық терапия жүргізеді (маннитол, ГОМК, альбумин, плазма, лазикс, дексаметазон және т.б.).
Тырысу синдромын жою немесе алдын алу (седуксен, фенобарбитал, дифенин).
Қан тамыр қабырғасының өткізгіштігін төмендету (С витамині, рутин, кальци глюконат).
Миокардтың жиырылу қасиетін жақсарту (карнитин хлориді, магнии препараттары, панангин).
Жүйке жасушаларының метаболизмін тұрақтандыру және оның гипоксияға тұрақтығын ұлғайту (глюкоза, дибазол, альфа-токоферол, актовегин).
Достарыңызбен бөлісу: |