Қырым хандығы


Қасым хандығының билеушілері



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі29,23 Kb.
#93257
1   2   3   4
Байланысты:
Алтын Орда

Қасым хандығының билеушілері

Алтын Орда ханы Ұлығ-Мұхаммедтің ұлдарының бірі Қасымға қызметі үшін оған ұлы князь Иван ІІІ 1452 ж. шамасында өз атымен аталатын қала салуға рұқсат берді. Қасым өз иелігінде мешіт пен тас қамал тұрғызды. 1469 жылы Қасым қайтыс болғаннан кейін, иелігі ұлы Даниярға (1469-86) өтгі. 1486-1512 жылдар аралығында Қасым хандығын Гирей әулетінен шыққан, Мәскеу билеушілеріне қызметке тұрған Нүр-Дәулет пен оның ұлдары Сатылған мен Жанай басқарды. 1512-16 жылдары хандықты Алтын Орданың екінші бір ханы болған Кіші-Мұхаммедтің немересі Шейх-Аллиар, 1616— 67 жылы оның кәмелетке толмаған ұлы Шейх-Әли (Шах-Әли, орыс құжаттарында Шигалей) билік құрды. Мәскеу билеушілері оны бірнеше рет Қазан хандығы тағына отырғызды. Ол Қазанда билік жүргізген уақытта Қасым хандығын інісі Жан-Әли басқарды. Шейх-Әлидің ұлы болған жоқ, сондықтан таққа Алтын Орданың соңғы ханы Ахмедтің шөбересі Саин-Болат отырды (1567-73 ж.). 1573 жылы ол шоқынып, Симеон деген атпен Мәскеуге келіп Иван Грозныйдан «Бүкіл Ресей патшасы» деген атақ алды. Қасым хандығына уақытша ешкім бекітілмей, 1585 жылы Ахмед ханның тағы бір шөбересі Мұстафа- Әли келді. 1600 жылы ол қайтыс болғаннан кейін таққа қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед отырды. Ол біршама тәуелсіз саясат жүргізіп, 1605-10 жылы Қасым хандығын жеке мемлекет етуге ұмтылды. Бірақ 1610 жылы өлтірілді. Ораз- Мұхаммед өлтірілгеннен кейін биілікке Көшім ханның немересі Арслан (1610-27) және оның ұлы Сейт-Бұрхан (1627-78) келді. Сейт-Бұрхан 1653-55 жылдары шоқынып Василий деген ат алды, бірақ тақтан түскен жоқ. Қасым хандығы халықты күштеп шоқындыра бастады. Жергілікті халық шоқынудан бас тартып, миссионерлерді өлтірді. Бірақ соңғы ханның тұсынан бастап бүкіл билік орыс воеводаларының қолына көше бастады. Василий (Сейіт-Бұрхан) хан өлгеннен кейін Қасым хандығын 1681 жылға дейін ханның шешесі Фатима-Сұлтан басқарды. Осыдан кейін хандық жойылып, воеводаға айнылдырылды, 1708 жылы Қазан1767 жылы Рязань губернияларына қарайтын уезге айналды. Хандықтың орталығы - Қасым қаласы болды. Ол үлкен гас қорғанмен қоршалды. Қалада Қасым сарайы, мешіт (1700 жылы дейін сақталған), 2 кесене (мазар) болған. Оның біріншісін 1555 жылы Шах-Әли, екіншісін 1616 жылы Арслан патша салдырған. Сейіт-Бұрхан сарайы 19 ғасырға дейін сақталды. Қасым хандығы құрамындағы халық орыс деректерінде қасым татарлары деп жазылған. 19 ғасырда орыс тарихшылары олардың өздерін қазақпыз деп атағанын айтады. Олар Қасым хандығы халкының өздерін қазақ деп те атауы этникалық ұғым емес, әскери тап, яғни қазақ атауынан шыққан деп түсіндіреді. Олардың кұрамында басты 4 тайпа (арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт) болған. Қалған ру-тайпалар қағазға түспеген. Жалпы Қасым хандығы әскерлері Ресейдің ішкі соғыстарына және сырткы жорықтарына (ПольшағаШвецияғаЛивонияға, т.б.) белсене араласып отырған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет