Қимылды ойын: «Қай топ тез жиналады?»
Мақсаты:
Жүру және жүгіру барысында бір – біріне соқтығыспай еркін жүруге үйрету;
Тәрбиеші тапсырмасын бұлжытпай орындауға үйрету;
Қажетті материалдар: ұсақ ойыншықтар, қалақшалар мен шелек.
Мұзды бақылау.
Мақсаты:
балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру.
Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға беріп, қортынды жасай білуге үйрету.
Бақылау барысы:
Тапсырма: «Сүмелек мұз» тақырыбына сурет салу.
Сұрақтар:
мұз жөнінде не айтуға болады?
Ол қандай?
мұз қай жерде, қалай пайда болады?
Олар қайдан пайда болады?
Осыдан қандай қортынды жасауға болады?
Көркем сөз:
Көл бетінде жатыр айдын – мұз ойнақ,
Қыстың өзі жасағандай бізді ойнап,
Шаңғы теуіп жарысамыз желменен,
Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап.
Мұзафар Әлімбаев
Достарыңызбен бөлісу: |