апта Туғанөлкем
(07.12 - 11.12)
|
Дене шынықтыру
Еденде ирелеңдеп жатқан жіптің үстімен жүру.
Сызықтардың, жіптердің арасымен жүгіру.
Қимылды ойын: «Кішкентай мергендер»
Бағдар бойынша кілемнің бойымен жүріп келіп,
бір орында баяу айналу.
Қимылды ойын: «Қуыршақпен бірге айналайық»
Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.
Құм салынған қапшықты нысанаға лақтыру.
Қимылды ойын: «Кім күшті?»
Дене шынықтыру
Дене шынықтыру таза ауада
|
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қыс ерекшеліктері» тақырыбында (әңгімелесу).
Білімділік: қыс мезгілі туралы айту,суретке қарап әңгіме құрастыру.
Дамытушылық: қысқы қауіптер туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
|
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Білімділік: Видеоролик арқылы Қазақстанның жабайы аңдарымен таныстыру (ақ аю, қоян, түлкі, қасқыр)
Дамытушылық: аюдың не себепті жабайы аңдардың қатарына жататындығы туралы түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: аңдарға, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Ойын жаттығу: «Мекенін тап»
Құрастыру
Тақырыбы: «Көпір»
Білімділік: құрылыс материалдарының бірнеше бөліктерін құрастырып, жасауға үйрету.
Дамытушылық: құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып жиһаздарды құрастыра білуге тәрбиелеу.
|