Қараша
Серуен №7
Жаяу адамдарды бақылау
Мақсаты: жолда жүру ережесі туралы, жолдың жаяулар жүретін бөлігі туралы білімдерін тиянақтау.
Бақылау барысы
Көркем сөз
Жаяу жүргінші білуі тиіс: Бағдаршамның өз белгісі бар-оған ешқандай қарсылықсыз көнуің керек! Сары түс-ескерту: қозғалыс белгісін асықпай күте біл! Жасыл түс-жол ашық. Жолдан еркін өте бер! Қызыл түс бізге ТОҚТА дегенді білдіреді. Қауіпті! Жол жабық! Балалар жолдан өтерде өте сақ болыңдар! Жолда жүру ережесін үнемі есте сақта!
Тәрбиеші балаларды жолдың жаяулар жүретін бөлігіне әкеліп, әңгіме өткізеді.
♦ Жаяу жүргінші жолдың қай бөлігімен жүруі керек? (тротуармен)
Жүргенде жолдың оң жағымен , өзгелерге соқтықпай, басқаларға кедергі келтірмей жүруге тырысу керек. Көшеде сабырлы болу керек. Жолдан өтерде бағдаршамның жасыл түсінің жануын күтіп, жаяулар жүретін жолақтан өту керек.
♦ Жаяулардың тек осы жерден өтуі керегін сендер қайдан білдіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар, «Жүргіншілер жолы» деген белгі бар және жолға жалпақ ақ жолақ сызылған.
Еңбек
Гербарий жасау үшін әдемі жапырақтарды жинау;
Түскен жапырақтарды ағаш түбіне тырмамен жинау. .
Мақсаты: табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Қ/О: «Бағдаршам».
Мақсаты:
бағдаршам маңызы туралы білімдерін бекіту
- ептіліктерін дамыту.
Жаттығу ойындары Қозғалыстарын дамыту.
Мақсаты: затты қашықтыққа лақтыру дағдыларын дамыту.
|
Қараша
Серуен № 8
Итті бақылау
Мақсаты:
Жануарлар өміріне деген қызығушылықтарын арттыру, қиын жағдайда көмек беруге дайын болуға тәрбиелеу.
Бақылау барысы
Көркем сөз
Ей, адамдар, адамдар!
Айналаға қараңдар,
Зардап шегіп жатпасын,
Аш үйіңнің қақпасын,
Жануарлар қорғансыз,
Далада қалып қоймасын.
Балаларға сұрақтар.
Иттің тұратын орны қалай аталады?
Иттің сүйікті тамағы не?
Иттің сыртқы кейпі қандай? Иттің қандай түрлерін білесіңдер?
Кейбір иттерді неге «үйсіз иттер» (жабайы) деп атайды? Иттердің жақсы өмір сүруі, оның иесіне байланысты. Иттер әртүрлі тағамдармен тамақтанады. Олар ботқаларды, ірімшікті, сүтті жей береді. Иттер бәрінен де піскен етті жақсы көреді. Иттің тұқымы (түрлері) өте көп-неміс овчаркасы, тазы (аңшы ит), такса, пудель (бұйра жүнді ит), ротвеилер тағы басқа иттер. Олардың бәрінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Иттер ақылды және зиінді. Есте сақтау қабілеттері өте күшті, есту қабілеті өте зор болады. Ол өзінің иесін еш уақытта еш уақытта қиын жағдайда далада қалдырмайды, өз иесіне сатқандық жасамайды.
Кейбір адамдар иттер мен мысықтарды далаға қуып жібереді. Ол кезде жануардың өмірі тозаққа айналады. Олардың ішер тамағы нашар, жылы орын жоқ, ешкім еркелетпейді, үй астындағы жертөледе, көшеде мекендеулеріне тура келеді. Олар суықпен аштықтан ауырады, өледі. Мұндай адамдарды жүрексіз адамдар дейді. Сондықтан да үй жануарларын далаға тастамаңдар, оларға қамқор болыңдар!
Еңбек. Сынған ағаш бұтақтары мен жапырақтарды жинап қоқысқа апару.
Мақсаты. Бірлесе жұмыс істеу, мақсатқа жету.
Қ/О: «Біз көңілді балалармыз».
Мақсаты: Ойын шартын сақтап ойнауға баулу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |