Қыркүйек Серуен №1 Жыл мезгілдерінің өзгеруін бақылау Мақсаты



бет24/25
Дата24.04.2023
өлшемі63,61 Kb.
#175306
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Серуен - күз

Жаттығу ойындары: Қозғалыстарын дамыту.
Мақсаты:

  • Затты көлденең бағытта лақтыру тәсілін меңгерту;

  • Көз өлшемін, қозғалыс координатын, ептіліктерін дамыту.

Тыйым сөз: Ит – жеті қазынаның бірі. Сондықтан оны өлтіруге, азаптауға, қаңғыртып жіберуге болмайды. Олай етсе, иесінің басына жаманшылық үйіріледі.

Қараша
Серуен № 9
Суды бақылау
Мақсаты: Күз мезгіліндегі судың жай – күйі жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Бақылау барысы.
Балаларға сұрақтар.

  • Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?

  • Судың көлемі (қалпы) болама?

  • Өзеннің, көлдің, мұхиттың, шалшықтың сулары бәріде мөлдір ме?

  • Суды аязға шығарса не болады?

Су өте мөлдір. Оның түбіндегі жатқан зат көрінеді. Су - сұйық зат, оның өзіндік қалпы (көлемі) жоқ. Оны қандай ыдысқа құйсаң сол ыдыстың көлемін береді. Су түссіз, дәмсіз, иіссіз. Таза су мөлдір болады. Лай немесе лас су мөлдір болмайды. Лас судың жаман иісі болады. Ауа температурасы 0 градустан төмен болған жағдайда су мұз болып қатады.
Зерттеу жұмысы.
Тәрбиеші балалармен зерттеу жұмысын жүргізуге ұсынады.
Шыны ыдысқа толтырып су құйып, аузын мықтап жауып, далаға аязға шығарып қою.
Біраз уақыттан соң ыдыс жарылып сынады да, оның орнында бір кесек мұз қалады. Қатқан су, яғни мұз сұйық судың өзіне қарағанда көп орын алады. Яғни мұз болып қатқанда судың көлемі ұлғаяды да, ыдысты сындырады. Ең алғаш аяз болған күні ақ өзендер, көлдер, шалшықтар мұз болып қатады. Аяз қатайған сайын мұз қалыңдай түседі.
Ал, егер мұзды жылы жерге әкелсе не болар еді? (Мұз ериді де су болады).

  • Үлкен және кіші ыдыстардағы таза сумен бояу қосылған судың қатуын бақылау.

  • Ыдыстағы тығыз салынған және жәй салынған қардың еру жылдамдығы бақылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет