Қараша Серуен № 10 Алғашқы қарды бақылау Мақсаты: табиғат өзгерістерін көре білуге ұйрету, әдемілікті сезіну.
Бақылау барысы. Көркем сөз «Алғашқы қар»Қ. Ыбыраев Бейне ақ бұлт қоныпты,
Аулаға қар толыпты.
Атам аңға шығатын,
Нағыз сонар болыпты.
Інім тұрып ертерек:
«Бір – ақ түнде қарашы,
Қар өсіпті жерге» - деп (тәрбиеші өлең мазмұны бойынша әңгіме жүргізеді)
Тәрбиеші сұрақтары:
Алғашқы қар қанша уақыт ерімей жатады? (екі – үш күн)
Ол ұстағанда қандай болып сезіледі? (ылғал)
Алғашқы қар күннің қай мезгілінде жауады? (түнде)
Зерттеу жұмысы: Қар ұшқынын алақанға қағып алып, оған қарау.
Екі қарды салыстыру.
Қай жердегі қардың тез еритінін анықтау.
Әлі қар ерімеген жерді табу.
Еңбек: Ағаш түптерін қармен жабу.
Мақсаты: қардың қорғаныштық қасиеті туралы түсініктерін бекіту. Қимылды ойын: «Бір, екі, үш - тез жүгір!»
Мақсаты: ептіліктерін, жүгіру жылдамдықтарын дамыту. Жаттығу ойындары: «Шеңберге түсір».
Мақсаты: