Іс қағаздарын қазақша жүргізу



бет4/5
Дата24.03.2018
өлшемі0,6 Mb.
#39579
1   2   3   4   5
Хаттаманын деректемелері: мекеменің атауы; күжаттын атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса); тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы); мәтін. 
Мәтіннің кіріспе бөлігінде катысушылардың қүрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалган мәселе, сойлеген сөздер және қабылдантан қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы койылады. 
 
 
Сөздік 
хаттама - протокол 
мәжіліс, отырыс - заседание 
жинальтс - собрание 
төраға - председатель 
хатшы - секретаръ 
тізім - список 
күн тәртібі - повестка дня 
баяндама - доклад 
қысқаша жазба - краткая запись 
есеп -отчет 
қүжат - документ 
міндет - задача 
мәселе — проблема, вопрос, задача 
ұсьшыс - предложение 
бірауыздан - единогласно 
қатысу - участвовать, присутствовать 
сөйлеу - выступать 
тыңдау - слушать 
қаулы кабылдау - постановить 
қабылданған қаулы - постановление 
макұлдау - одобрить 
бекіту - утвердить 
қоса беру - прилагать 
коса беріліп отыр - приллагается 
ұсыну - предлогать 
енгізу - внести 
мекеме - учреждение 
корытындылау - подытожить, заклгочить 
ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ 
I.  Грамматикалық минимум: 
Акпаратты ұлғайту. Ырьщсыз етіс. Ауыспалы осы шақ. Көптік жалғау. Сиионимдік катарлар. Зат есімнің тәуелденуі. Жалкы ссім. Реттік сан есім. Номенклатуралык атаулар. 
II.  Коммуникативтік минимум: 
керек, накты дерек, айтылған ескертпелер. 
III.  Фонетикалык минимум: 
Үндестік заңы (сиигармонизм). Ілгерінді және кейінді ықпал. 
IV.  Етістік минимумы: 
көңіл аудару, белгілеу, нактылау, камтамасыз ету, мән беру, міндеттеу, іске асыру, ескеру. 
Хаттама жазу, мәжіліс өткен орын, күн тәртібі, тіркеу нөмірі. 
Тапсырма 3.             Төмендегі сүрактарға жауап берініздер. (Ответьте на вопросы). 
1. Хаттама деген не? 
2. Хаттама кандай жағдайда жазылады? 
3.  Хаттаманың деректемелерін атаңыз. 
4. Хаттаманың үзіндісін кім куәландырады? 
5. Хаттамада шешімін тапкан мәселелердің орындалу мерзімі көрсетіледі ме? 
 
 
ХІІ. Ресми хаттар.  
Ресми хаттар белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер  жазбаша карастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды. 
Қызметтік жеке хатттар. Бүл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе орісінің кеңдігі жоне қызметтен тыс моселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мөселелер, адамның өз қызметімен, үйымның атқаратын қьтзметімен шеше алатын моселелер орісімен тікелей байланыста болады. Бүл хаттар жеке түлға атынан жазылады. 
Үсыныс хаттар. Бүл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметқерді белгілі бір орынға , қызметке үсыну жөнінде басшыга үсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне қепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән қүрылымы сақталып жазылады. Бүл хатқа үсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды. 
Сұраныс хаттары. Бүл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден кереқті ақпаратты немесе белгілі бір кұжатты жіберуін сүрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды. 
Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сүрау мақсатында жазылады. Хат мазмүнының неғізгі қүндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмүнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды. 
Циркуляр хат. Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерғе бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады. 
Жолдама хаттар. Қүжатпен бірге жіберілетін қосымшаньтң немесе қосымшадардың құрамы, мазмүны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бүл хаттар өрсетілген ақпараттың долдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды. 
Хатты жазып отрығнада онда келтірілетін фактілер мен айтылатын мәселенің маңыз, мазмүнына ғана емес, өзіңіздің оны қалай беріп, жеткізіп отырғандығьщызға да назар аударыңыз. Әрбір хатты жазғанда қалыптасқан стильдік нормадан ауытқьшаған жөн. 
 
Үлгі                                              Жолдама хат 
 
Казақ мемлекеттік Ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институтының директорына 
Абай атындагы Алматы мемлекеттік упиверситетіндегі филология гылымдарының докторы гылыми дәрежесін алу ушін диссертация қоргаитын ДР 14.05.04 диссертациялық кеңес 10.02.02 — қазақ тілі мамандыгы бойынша Оспанова Өміргул Ақанқызының "Қазақ тіліндегі көсемшеніц магынасы мен қызметінің дамуы" атты кандидаттық диссертация жумысыны және авторефератыныц 2 данасын мемлекеттік тіркеу мен микрофильмнен өткізу ушін жіберіп отыр. 
Диссертацияның қоргалган куні 11 наурыз 1999 жыл. 
Диссертация кеңес төрайымы, филология гылымының докторы, 
профессор З.Қ. Ахметова 
 
Үлгі:                                      Қызметтік хат 
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті. 480100, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13. тел. 91-33-77 
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры К.Ш.Құсайынов мырзаға 
Абай атындагы Алматы мемлекеттік университетінің филология гылымдарының докторы гылыми дәрежесін алу ушін диссертация қореайтын кеңес шешімімен (хаттама №11, 10-шы ақпан 1998 жыл) Сіз басшылық жасап отырган А.Байтурсынов атындагы Тіл білімі институты мына диссертацияга жетекші уйым болып бекітілді: Бейсембекова Жулдыз Сардырбекқызының "Қазіргі қазақ тіліндегі буйрық райдың парадигмасы мен магыналық қурамы" атты кандидаттық диссертациясы, 10.02.02. — қазақ тілі мамандыгы бойынша. 
Осыган орай аталган диссертацияны Сізге жіберіп отырмыз, оның қоргаллы 18 наурыз 1998 ж. белгіленді. Оган мына мерзімге дейін пікір беруіңізді өтінеміз: 
16 наурыз 1998ж. 
Жетекші уйым басшысының қолы елтаңбалы мәрмен бекітілуге тиіс. Пікірде кеңейтілген турде мынадай тустарга жауап беруіңізді сураймыз: 
1.   Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы гылымдармен және жалпы мемлекеттік багдарламамен байланысы. 
2.   Диссертацияныц   'Тылыми дәрежелер мен еылыми атақтар беру туралы Ереженің " ушінші бәлімі қоятын талаптарга сәйкестігі. 
Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, филология гылымының кандидаты, доцент ^^_^__^ Мусатаева М.Ш. 
 
Қолы 
 
Постскриптум. Постскриптум - латын тілінен аударғанда "хаттың аяқ жағына, қол қойылғаннан кейін "р.з." таңбаларын койып түрып, одан кейін жазылатын сөздер немесе мотін" деген мағына береді. 
Постскриптум қызметтік хаттарда мынадай екі жағдайда ғана жазылады. 
1.  Адресатқа міндетті түрде жеткізілуі тиіс мәлімет хаттың негізгі мазмұнында   айтылмай   қалса,   хат  дайындалып   қол   қойылып   койса, қойылған  қолдан  кейін  "р.з."   белгісі  қойылып,   қосымша  айтылатын мәлімет жазылады. Бұдан кейін қайтадан қол койылады. 
2.  Хат мазмұнында айтылған ақпарат, мәлім.ет өзгерген жағдайда да қойылған қолдан кейін "р.з." белғісі қойылып жаңа ақпарат жазылады. Ол да қайтадан қойылған қолмен расталады. Хатты жедел жіберу қажет болған жағдайда Постскриптум қолмен жазылады. Қол қойылып, датасы көрсетіледі. 
"р.8. 4- квартал бойынша жасалеап есепті жаңа гана қабылдап алдым. 1999 жыягы желтоқсанның 31-і саг. 17.30" 
(сиғнатура, факсимиле) 
"р.з." Шүғыл жолсапарға шығуға ткра келіп түр. Сондықтан 2 аптаға дейін сізбен кездесе алмаймын. Кездесу уақытын қосымша хабарлаймын. 22.04.98. 
Құрметті 
(сишатура, факсимиле) 
Кейбір күрделі, күтуге келмейтін, тығыз жағдайларда постскриптум қайталап та жазылады. Онда "Р.р.з." постскрилтум белгісі қойылады. Оның жазылу реті де дәл жоғарыда айтылғандай. 
Қолданылған мәліметтің дәлдігі туралы. 
Іс қағаздарында қолданылып отырған ақпарат, мәліметтің барлығы мүқият тексерілуі керек. Іс қағаздарында ақиқаттығы күмән тудыратын мәлімет қолданылмағын жөн, қүжаттардағы шындыққа жанаспайтын қате мәлімет қай кезде жіберіледі: 
-   дайындалған   қүжаттың   мазмүны   мен   сапасына   немқүрайды бақылау жасалғанда; 
қүжатты дайындаушыньщ білім мен тәжірибе деңғейі төмен болғанда; жүктелген тапсырма олардың біліктілігімен сәйкес келмеген жағдайда; 
-    құжатты   дайындаушы   өз   ісіне   немқүрайды,   салақ   қараған жағдайда; 
-    құжатты   дайындау    барысында   дүрыс   мәлімет   қолданбаған жағдайда; 
-    қүжаттарды   дайындау   барысында   бағдарламалық-техникалық қүралдарды дүрыс пайдаланбаған жағдайда; 
-  қүжаттарды дайындау технологиясы бүзылған жағдайда. 
Құжат дайындаған жағдайда іскерлік, қатынас жасап отырған мекеменің аты, реквизиттері, мекеме басшысының аты- жөні, лауазымы анық, сауатты жазылуы керек. Қүжаттағы сандық мөліметтер, уақыт көрсеткіштері, цифрлар қайта бір тексеріліп барып жіберілуі керек. 
Егер құжатта қосымша (приложение) болатын болса ол жолдама хатта көрсетілуі керек, я болмаса қүжаттың соңында ескерілуі тиіс. Мысалы, Көлемі 5 беттен тұратын қосымша бөлек дайындалған немесе бүл құжаттан бөлек, 10 беттік қосымшаны коса жіберіп отырмыз т.с.с, 
Құжаттағы  бүкіл   ақпарат  мұқият текесерілуі  керек.   Қүжаттағы ақпартты тексеруді бірнеше түрде жүргізуге болады. Олар мыналар: 
1.  Техникалық. Мүнда қате жазылған сөздер, дүрыс қойылмаған тыныс белгілері, дүрыс түспеген әріптер т.б. басты назарда үсталады. 
2. Заңдық.  Мүнда қүжат мазмүнының қазіргі күші бар заңдарға және қүқық нормаларына сәйкестігі тексеріледі. 
3. Қаржы-экономикалық.   Мүнда   қүжатта   шығарылған   қаржы-экономикалы    шешімдердің    үйлесімділік,    тиімділік   дәрежесіне    баға беріледі. 
4. Статистикалық. Мүнда қүжаттағы статистикалық мәліметтердің актуалъдылығы мен ақиқаттығы, дәлдігі тексеріледі. 
5.Конфиденциалдық.   Мүнда  күжат   мазмүнында  жариялылығы шектеулі мағлүматтың немесе мемлекеттік қүпия болып саналатын  я қызметтік,     коммерциялық     қүпия     болып     табылатын     мәліметтің жіберІлмеу жағы тексеріледі. 
6.  Ақпараттық.     Мүнда     құжатты     алушының     мекен-жайы, реквизиттері сияқты мәліметтердің дүрыстығы тексеріледі. 
Қүжаттағы мәліметтердің дәлдігі, оның мерзімінде дүрыс жасалу жауапкершілігі қүжат дайындаушы адамға жүктеледі. Егер қүжат дайындаушы адам бірнешеу болса жауапты орьгадаушы белгіленеді. 
Құжатты дүрыс дайындап, уақытылы жіберу секретариат қызметкеріне я іс жүргізушіге жүктеледі. 
 
ЖЕДЕЛХАТ 
Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат. 
Жеделхаттың артықшылықтары: 
-    мекеменің кез келген қызметкерінің жіберуіне мүмкіндік болады; 
-    формальды түзетулердің (виза қою, келісу, корректуралау, редакциялау) қажеттігі жоқ; 
-    жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан жіберуші мен алушы туралы мәлімет нақты қамтылады; 
-    қажет жағдайда жеделхат мәтіні расталады; 
-    жеделхаттар тез жеткізіледі; 
-    жеделхат басқа байланыс түрлерінен (интернет, факс) арзан, сенімді. 
 
 
Жеделхатты жазу талаптары : 
-    мәтін қысқа (ең ұзағы 300 сөз), анық, түсінікті  болуы тиіс; 
-    мәтінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды
-    кейбір сөздерді қысқартуға болады; 
-    цифрлар жазбаша беріледі (мысалы: 10137-бір нөл бір үш, жеті); 
-    жеделхат құрылымы (алушы адресі, мәтін, жіберуші адресі) қатаң сақталады; 
-    жеделхат мәтіні қатесіз, түзетусіз болуы тиіс. 
 
Жеделхат 2-ге бөлінеді: ішкі (мемлекет ішіндегі) және халықаралық (шетелдерге жіберілетін). 
Ішкі жеделхат түрлері: өкіметтік, жедел, жай. 
Жеделхаттың реквизиттері:  
1. Сызықтың жоғары жағына жазылып, ақша төленетін формулярдағы бөлігінде: 
-    түрі, категориясы; 
-    номері, датасы, жіберілген уақыты;  
-    алушының аты, адресі, мәтіні, қолы. 
2. Сызықтың сыртына жазылып, ақша төленбейтін бөлігінде: 
- жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі; 
- датасы; 
- автордың мекен-жайы. 
 
Жеделхаттардың рәсімделуі:  
-    мекемеде арнайы журналға тіркеледі (тігіледі не желімделеді). Қасына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады, резолюция жазылады. 
-    Жолданғанда жіберушінің қолы қойылады, көшірмесі сақталады. 
 
 
Ескерту: Егер жеделхат телефон арқылы жіберілсе, оны кім қабылдағанын, жұмыс телефонын, қызметін жазып алыңыз. 
 

І. ТЕЛЕФОНХАТ    (телефонограмма) 
Телефонхат - телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат. 
Телефонхат үшінші бір мекеменің қатысынсыз тікелей мәлімденеді. Қабылдаушы жақ ақпаратты жазып алады. 
Телефонхаттың формуляры: хабардың аты, нөмірі, күні, қабылданған уақыты, байланысты жүзеге асырушының аты-жөні, телефон не рация нөмірі. 
 
Телефонхатты қабылдаған адам ақпаратты тиесілі адамға шұғыл жеткізуі міндетті.                           
ІІ.Телефонхат (Телефонограмма) 
Телефонограмма — телефон я радио арқылы телефонограмма, радиограмма ретінде жеткізілетін жедел сипаттағы құжат
Телефонограмманың жеделхаттан айырмашылығы сіз үшінші бір мекеме қызметіне жүгінбей өз ақпаратъщызды телефон я радио арқылы алушыға тікелей мәлімдей аласыз. Ол байланыстың келесі бетінде тұрып сіз айтқан ақпаратты жазып аласыз. Телефонограмма мәтіні аса күрделі болмауы керек. 
Телефонограмма формуляры: жіберілген хабардың аты, нөмірі, жіберілген күні және қабылданган уақыты жөніндегі мәлімет, байланыс жүйесін іске асырган адамның аты-жөні, телефон я радио нөмірі. 
Телефонограмма, радиограмма мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады, оған мекеме бастығы немесе жауапты қызметкер қол қояды. 
Бұл  құжаттың ерекшелігі оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі. Телефонограммалар басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады. 
Үлгі 
Телефонограмма. ]'2.07.2000 № 24. Шыгармашылық  уйымдардың жетекшілеріне. 
14 маусым күні сагат 1100-де Республика сарайында Республикадагы шыгармашылық ұйымдар жетекшілерінің Хапықаралық конкурсқа кандидатуралар дайындау жөнінде бас қосуы болады. 
Кол қойган: Республикалық шыгармашылық ұйымдар бірлестігі ақпарат бөлімінің бастыеы Н.А.Абрамов 
Жіберген: хатшы Г.Бейсембаева 
12.07.2000 куні сагат КР-де қабылдап алеан Г.Әшімова. 
 
Телефон, радио байланысы арқылы құжаттарды жіберіп қабылдаудың әлсіз жағы Қазақстандағы телефон, радио байланысының әлі де  талапқа сай құрылмағандығы, техникалық құралдарың нашарлығы. 
Телефонограммамен жұмыс істейтін қызметкер епті, мәтінді тез жазып алуға қабілетті, даусы анық, дикциясы жақсы болуы керек. Есту кабілетінің жақсы, қолы ширақ болуы да міндетті. Кеңсе қагаздарына қатысты жұмысты да, телефон байланысын да жақсы меңгерген адам болғаны жөн.        Мекемеде жіберілген, келген телефонограммаларды тіркеп отыратын арнайы журнал болуы керек. "Телефонограммалар журналы" екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлікте мекемеге келіп түскен Телефонограммалар жазылады, екінші бөлігі жіберілген Телефонограммалар мәтіндерін жазуға арналады. Телефонограмма кұрылымының жеделхат құрылымынан көп айырмашылығы жоқ.  
Телефонограмма құрылымына: 
* адресаттың толық аты-жөні жазылады. Ақпарат телефон я радио арқылы бірден мекеменің өзіне келіп түсетіндіктен мекен-жайы корсетілмейді. 
* негізгі мөтін (1000 белгінің шегінде болуы керек. 9-12 сөйлем). 
* жіберушінің аты-жөні 
* ақпаратты телефон арқылы жеткізуші адамның аты-жөні, Телефонограмма жіберілген телефонның нөмірі. 
* Телефонограмма жіберіліп болған уақыт және айы, күні, жылы. 
Телефонограмманы жіберуші қызметкер мәтінді "Телефонограмма журналында" жазылған мәтінмен салыстыра отырьш тексеруге, д.ұрыс жазылғандығына көз жеткізу үшін қайталап беруге міндетті. 
Телефонограмманы кабылдап алған адам ақпарат кімге жіберілсе сол адамға телефонограмманың келгені туралы бірден мәлімдеуі керек. Телефонограмманы жіберуші адам қабылдап алған адамның аты-жөнін журналға жазып коюы керек. 
Қызметтік телефонды пайдаланудың кейбір қарапайым ережелері: 
* өте қажет жағдайда болмаса қызметтік телефонды бөгде оңгіме үшін қолданудың қажеті жоқ. 
* қызмет бабында телефонмен сөйлескен кезде төңіректегі басқа адамдар тыныштық сақтау керек. 
* маңызды қызметтік мәліметтерді телефон арқылы жеткізу барысында бөгде адамның болуы, жіберуші адамға да, бүл хабардын еріксіз куәгері болып түрған бөгде тындаушыға да ыңғайсыздық туғызады. 
* әдеттегі қызметтік сұхбатты жүргізу 2-3 минуттан артык уақытқа созылмауы керек. Жер алыстығы мен уақыт тығыздығы болмаса көлемді, күрделі мөселелерді жеке кездесу кезінде шешкен абзал. 
* Телефон аркылы сөйлесіп отырған адамыңызды жақсы ести алмаған жағдайда, оған қайта телефон соғатыныңызды ескертіңіз де, қайтадан байланысыңыз. Телефон байланысы үзіліп кеткен жағдайда ең бірінші хабарласқан адам қайталап телефон соғуы қерек. Телефон арқылы жүргізілген сұхбатты да бірінші аяқтаушы телефон соққан адам болуы керек. 
* Телефон арқылы құпия ақпарат алудан бас тартыңыз. 
 
Факс арқылы жіберілетін құжаттар. 
Факсимильдік (фототелеграфтық) байланыс, көбінесе қысқаша "факс" деп аталады, қазір кең қолданылады. Факстің ен қүнды жері ол аппарат арқылы тек қана мәтінді құжаттарды ғана емсе, кестелі, кесінді қүжаттарды да тез арада екінші адамға немесе екінші мекемеге жеткізуге болады. Факс арқылы мәтіннің, кестенің, кескіннің, қол қойылған кез-келген құжаттың дәл сол күйінде қайталанған нүсқасы екінші мекемеге жеткізіледі. Сондықтан да дәл қазір факсті алмастыруға келетін байланыс түрі жоқ. 
Қазіргі таңда еліміздің көптеген мемлекеттік, жеке кәсігюрындары мен мекемелерінің офистері жаңа заманның қабылдау-хабарлау аппараты факспен жабдықталған. Факстің жеткізу жылдамдығы өте жоғары, себебі факс арқылы жіберілген кез-келген құжат санаулы сағаттардан кейін-ақ адресат қолына тиеді. 
. Фотография, сызба, кесте т.б. сияқты үлкен көлемді құжаттар алдын ала факс аппаратының мүмкіншілігіне сәйкес келетіндей етіліп кішірейтілуі керек. 
Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы: 
* Жіберушінің толық мекен-жайы ұсақ шрифтермен бланкінің сол жақтағы бұрышына жоғарылау жазылады. 
* Бланкіңің ортасына "факс арқылы" деп үлкен шрифтілермен жазылады. 
* Алушының аты-жөні сол жаққа, барыс септігінде жазылады. Мысалы, кімге: Муратбеков Асқар К,урамысулына,                    0 
Жіберушінің аты-жөні оң жаққа шығыс септік тұлғасында жазылады. Мысалы, кімнен: Досжанов Едіге Әлиасқарүлынан. 
* Одан төмен, сол жаққа факс нөмірі жазылады. Мысалы, факс: 13-01. 
* Оң жақ шетке, қүжат көлемінің неше беттен түратыны жазылады. Мысалы, Көлемі: 7 (жеті) бет. 
* Факс нөмірінің төменгі жағына мәлімет немесе ақпарат жіберілген аппарат нөмірі жазылады. Мысалы, 8-3292-43-50-66 
* Оң жаққа, қүжат көлемі жөніндегі моліметтің төменгі жағына дата, қажет жағдайда жіберілген сағаты көрсетіледі. 
* Сол жақ шетке, аппарат нөмірінен төмен, факс арқылы жіберілетін хабардың тақырыбы жазылады, Мысалы, 1 жарты жылдық есеп, 
* Он жаққа, қажет болған жагдайда датадан төмен қүжаттың көшірмесін алушы адамның аты-жөні жазылады. Мысалы, Көшірмесі: Аяпова Назира Жакенқызына. 
 
ХІІІ.  Хабарландыру, жарнама. 
Хабарландыру – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы  хабарлап жеткізетін құжат түрі. 
Мұнда хабарланып отырған мәселенің (жиналыс, мәжіліс, кездесу т.б. жайлар) айы, күні, болатын уақыты мен орны көрсетіледі. Соңынан хабарландырушы мекеменің, ұйымның  аты қойылады. Хабарланатын мәселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді.  
Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады.  
 
Хабарландыру түрлері мен ерекшеліктері: 
1.Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда - Күн тәртібі толық. 
2.Мәдени шараларға хабарландыруда - Бағдарламасы ұсынылады. 
3.Тендерге хабарландыруда – Шарттары ұсынылады. 
4.Вакансияға хабарландыруда – жұмыс орнына тиісті талаптар. 
 
 
 
 
Хабарландыру! 
14 сәуір күні, сағат 15.00-де Жаратылыстану-гуманитарлық институтының ұйымдастыруымен "ҚБТУ көктемі шақырады" атты фестиваль өткізіледі. Келемін деушілерге есік ашық. Бағдарламада: 
1.  Қаржы-экономика  факультеті деканының құттықтау сөзі. 
2.  Көркемөнерпаздар өнер көрсетеді. 
 
Деканат 
 
Хабарландыру! 
"Томирис" мейрамханасына сымбатты қыз-жігіттер конкурс негізінде жүмысқа қабылданады. Қатысамын деушілерге есік ашық, талапқа сай құжаттарды 1 мамырға дейін тапсыруға болады. Мекен-жайы: Достық даңғылы, 15а-үй, Абай даңғылының қиылысы. Телефон: 56-48-31, ұялы телефон: 8-333-768-65-34. 
 
Мейрамхана әкімшілігі 
 
Хабарландыру! 
Ертең, 15 мамыр күні, сағат 19.00-де, Республика сарайында Қазақстан халық әртісі Р.Рымбаеваның " Көктем шақырады " атты концерті болады. Билеттер Қазақконцерт кассасында сатылады. Келіңіздер! Келіңіздер! 
Мәдениет министрлігі  
 
 
ХАБАРЛАНДЫРУ 
2003 жылдың 8 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да университеттің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіледі. 
Бағдарламада:  1. ҚазҰТУ ректорының кұттықтау сөзі. 
2. ¥лы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-әңгімелері. 
3. Көркемөнерпаздардың концерті. 
Ректорат 
 
 
 
Жарнама 
Ең алғаш жарнама жұмысын 1841 жылы ағылшын  азаматы Волни Пальмер ашты. Ең үлкен жарнамалық агенттіктің бірін XIX ғасырда Джордж Роуел басқарды. Әлемнің әр түкпірінде жарнама жасаумен айналысатын арнайы компаниялар құрыла бастады. Бұл жарнама бизнесінің дамуына үлкен әсер етті. Мысалы: «Хайнс», «Американ тобакко», «Проктер энд Гэмбл» т.б.осының үлкен дәлелі. Қашан да тұтынушылар жарнамасы  сәтті сауда маркаларын қолдайды. 
Жарнамалардың жылдам дамуына байланысты ХІХ ғасырда тек қана жарнамалық сипаттағы   көлемді журналдар шыға бастады. 1885 жылы жарнамалық журналдардың таралымы 100000 данаға дейін жетті, ал  20 жылдан кейін жарнамалық журналдың бұл көрсеткіші бес миллионға жетті.  
Джон Ласкер -  жарнамамен қамтамасыз ету  агенттігінің атасы  деп аталады. Д. Ласкер басқаратын «ЛОРД ЭНД ТОИАС» ең үлкен жарнамалық агенттік болып саналады. 
ХХ ғасырдан бастап жарнама жаңа  бағытта дами бастады. 1986 жылы газет бетіндегі  жарнамаға 27миллиард доллар жұмсалса, қазіргі таңда ол  бес есеге ұлғайды.   
 
Жарнама тарату тәсілдері мен түрлері:  
-    қала көшелерінде ілінетін суретті жарнамалар; 
-    қала көшелеріндегі ауыспалы-аудармалы көп нұсқалы жарнамалар; 
-    қала көшелеріндегі арнайы экран арқылы ұлғайтылған ролик жарнамалар; 
-    бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ролик жарнамалар; 
-    мерзімді басылым беттерінде жарияланатын фото жарнамалар; 
-    киімге салынатын сурет жарнамалар; 
-    шаруашылық тұтыну заттарына (сіріңке қорабы, сумка-пакеттер) салынатын  сурет жарнамалар
-    кітап, дәптер, альбомдардың сыртқы мұқабасына салынатын  сурет жарнамалар; 
-    күнтізбеде салынатын  сурет жарнамалар; 
-    плакаттарға салынатын  сурет жарнамалар; 
-    визит карточкаларына салынатын   жарнамалар; 
 
Жарнаманың қызметі: 
- тауардың өтімділігін арттыру; 
-    коммерциялық мақсатта; 
-    жұртшылықты белгілі бір өніммен  таныстыру, құлағдар ету; 
-    тілдің қолданыс аясын кеңейту; 
 
Жарнаманың ерекшелігі: 
-     насихаттылығы; 
-    тартымдылығы; 
-    дәлдігі; 
-    түсініктілігі; 
-    тосындылығы; 
-    көркемділігі; 
-    мазмұндылығы;  
 
ХІV.    Кесім (Акт) 
Анықтама-ақпарттық қүжаттардың бірі – кесім Ол мекеме жетекшісінің тағайындалуымен қүрылған тексерушілер тобы және жауапты адамдардың қатысуымен жазылады. Кесімдердің бірнеше түрлері жазылады. Олар: материалдық құндылықтарды жарамсыз деп санау, іс қағаздарын қабылдап алу, өткізу, материалдық қүндылықтарды қабылдау, өткізу т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет