құрылғыларын қолдану тәртібі
120. Тасымалданатын жүктердің сақталуын және бөтен адамдардың кіруін болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында жүк тиелген вагондар мен контейнерлер бекіту-пломбалау құрылғыларымен пломбаланады:
1) тасымалдаушының, жүкті ол тиегенде немесе жол бойында қайта тиегенде;
2) жүк жөнелтушінің, жүкті жүк жөнелтуші тиегенде;
3) порттың, кемежайдың, жүкті, порт кемежай жүру жолында порт қайта тиегенде және олар жүк жөнелтуші болып табылғанда;
4) жүру жолында «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына, сонымен қатар, Заңға сәйкес.
Бұл ретте кеден органдарының бекіту-пломбалау құрылғылары жөнелтушінікіне теңестіріледі.
121. Бекіту-пломбалау құрылғылары (блок қою құрылғыларымен біртұтас құралымда орналастырылған бақылау элементтері) вагонның, контейнердің тұтастығын бұзбай олардан алу мүмкіндігіне жол бермеуі тиіс.
Бекіту-пломбалау құрылғыларын орнату вагондардың, контейнерлердің ақаусыз бекіту құрылғыларына бекіту-пломбалау құрылғыларында жазылған ақпаратты кедергісіз көзбен шолып оқу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып жүргізіледі.
Бекіту-пломбалау құрылғылары мыналарға орнатылады:
1) әмбебап жабық вагонда – вагонның әрбір жағынан есіктердің жапсырмаларында - бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;
2) цистернада – жоғарғы жүк тиеу люгінің қақпағында - осы Қағидада пломбалаудың ерекше тәртібі көзделген жағдайларды қоспағанда, бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;
3) астыққа арналған жабық хоппер-вагонда - тиеу люгін бекітетін, түсіру люгі мен қарнақтың әрбір штурвалының бекіту құрылғысында бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;
4) минералды тынайтқыштарға арналған жабық хоппер-вагонда - тиеу люгін бекітетін, түсіру люгі мен қарнақтың әрбір штурвалының бекіту құрылғысында бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;
5) цементке арналған жабық хоппер-вагонда - әр жүк түсіру люгінің әрбір штурвалының бекіту құрылғысында және әрбір тиеу люгінде - бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;
6) жеңіл автомобильдерді тасымалдауға арналған жабық вагонда - әрбір бүйірдегі алаңы мен өту алаңы есіктерінің бекіту құрылғыларында - бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;
7) контейнерлерде - соңғы жабылатын есіктің оң жармасында сол жақта орналасқан тұтқаға бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы мамандандырылған изотермиялық вагонда - баспа тақтайшалармен және бекіту құрылғысының иінтірегімен жабдықталған есіктерде, вагонның әрбір жағынан – бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы немесе -вагонның әрбір жағынан пломбалау үшін төменгі құлақшалармен жабдықталған есіктерде - бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы.
Вагондардың басқа үлгілерінде бекіту-пломбалау құрылғыларын орнату оларды пломбалау үшін арнайы көзделген орындарда немесе түйіндерде жүргізіледі.
Цистерналардың төменгі ағызу аспаптарына бекіту-пломбалау құрылғыларын орнатуға жол беріледі.
Бекіту-пломбалау құрылғылары мынадай белгілерден тұрады:
1) темір жол әкімшілігінің әріптік қысқартылған атауы;
2) кемінде алты белгіден тұратын дербес бақылау белгісі;
3) дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісі;
4) бекіту-пломбалау құрылғысының шығарылған жылының соңғы саны;
5) бекіту-пломбалау құрылғысының атауы.
Бірдей, сондай-ақ анық емес және толық емес дербес бақылау белгілерімен бекіту-пломбалау құрылғыларын қолдануға рұқсат етілмейді.
Вагондар мен контейнерлер үшін бекіту-пломбалау құрылғыларына қойылатын техникалық талаптар осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Дербес қадағалау белгісі салынған бекіту-пломбалау құрылғысы дайындаушының, жүк жөнелтушінің, тасымалдаушының (олар бекіту-пломбалау құрылғыларын қолданған кезде) қатаң есепке алуына жатады. Пайдаланылған бекіту-пломбалау құрылғыларын тасымалдаудан кейін жүк алушы кәдеге асырады.
122. Жөнелтушінің бекіту-пломбалау құрылғылары кеден органдарының түзік бекіту-пломбалау құрылғыларына теңестіріледі, егер шекаралық, кедендік, сондай-ақ санитарлық, фитопатологиялық бақылау және басқа тексерулер мақсатында вагондардың, контейнерлердің ашылуы орын алса, соның салдарынан бастапқыда салынған пломбалар немесе бекіту-пломбалау құрылғылары ауыстырылады.
123. Егер сапар барысында бекіту-пломбалау құрылғылары жоқ немесе бекіту-пломбалау құрылғылары бұзылған немесе жүк құжатында көрсетілген деректерге сәйкес келмейтін бекіту-пломбалау құрылғылары бар вагон, контейнер байқалғанда, оларға жаңа бекіту-пломбалау құрылғылары орнатылады, ал бекіту-пломбалау құрылғылары жоқ немесе бекіту-пломбалау құрылғылары бұзылған немесе жүкқұжатта көрсетілген деректерге сәйкес келмейтін бекіту-пломбалау құрылғылары алдын ала алынады.
Бекіту-пломбалау құрылғысының орнатылғаны туралы жүк құжатында «тасымалдаушының белгісі» бағанында тиісті белгі жасалады, онда бекіту-пломбалау құрылғысының бақылау белгілері көрсетіледі.
Вагонда, контейнерде кеден органының немесе өзге мемлекеттік бақылау (қадағалау) органының бекіту-пломбалау құрылғысының болуы тасымалдаушының жүкті беру кезінде оның жай-күйін, массасын және орындар санын тексеруді жүргізуі үшін негіз болып табылады.
Тасымалдаушымен коммерциялық актіні ресімдеу кезінде оған осы Қағидалардың талаптарына сәйкес бекіту-пломбалау құрылғысы қоса беріледі.
Сапар барысында жүктің жай-күйін тексеру, сондай-ақ кедендік тексеру немесе қандай да бір басқа мемлекеттік бақылау (қадағалау) органының тексеруі кезінде барлық бекіту-пломбалау құрылғыларын толық ауыстыруды жүргізбеуге жол беріледі, тек тексеруді жүргізу үшін алынған бекіту-пломбалау құрылғысын ауыстырумен шектелуге жол беріледі, бұл жайында жалпы ГУ-23 нысанды акт жасалады және тасымалдау құжатында белгі жасалады. Кеден органдарына немесе өзге мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына бекіту-пломбалау құрылғыларын беруге арналған шығыстар жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың есебінен өтеледі.
Егер жөнелту станциясында, вагонда, контейнерде өткен тасымалдаудан қалған бекіту-пломбалау құрылғылары байқалса, жүкті кім түсіруіне байланысты олар жүк жөнелтушімен немесе тасымалдаушымен алынады.
124. Қазақстан Республикасының аумағында осы Қағидалардың 15-қосымшасында көрсетілген жүктерді бекіту-пломбалау құрылғысынсыз, бірақ есіктерді, люктерді жабу үшін бұрауды (арқансымды) міндетті түрде сала отырып, тасымалдауға жол беріледі.
125. Бос, меншікті және жалға алынған вагондар мен контейнерлерді, тоңазытқыш вагондардан қайта жабдықталған 918 сериялы вагондар, 800 нөмірлі изотермиялық вагондар, жеңіл автомобильдер үшін 927 сериялы мамандандырылған платформаларды тасымалдау жүк алушының есебінен бекіту-пломбалау құрылғыларын орнату арқылы жүргізіледі.
Екінші және үшінші категориялар бойынша санитарлық өңдеуді талап ететін бос жабық және изотермиялық вагондардан жүк түсіргеннен кейін оларды өндірістік зарарсыздандыру станцияларына (өндірістік зарарсыздандыру пункттеріне) жөнелту кезінде есіктер мен қақпақтарға бұраулар салынады.
126. Бекіту-пломбалау құрылғыларының жаңа түрін (үлгісін) енгізу және бекіту-пломбалау құрылғыларын есепке алу (тіркеу, қайта тіркеу), бақылау, сақтау, пайдалану және кәдеге асырудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу тәртібін, сондай-ақ темір жол көлігінде вагондар мен контейнерлерді пломбалау үшін оларды қолдану тәртібін тасымалдаушы белгілейді.
Бекіту-пломбалау құрылғыларын (келісілген және Бекіту-пломбалау құрылғыларының тізбесіне енгізілген) есепке алуды, сақтауды, кәдеге асыруды ұйымдастыру бекіту-пломбалау құрылғыларын жасап шығарушы ұйымдар мен тасымалдаушы арасында электрондық дерек алмасу арқылы бекіту-пломбалау құрылғыларын жасап шығаруды ұйымдастыруды бекіту-пломбалау құрылғыларын автоматтандырылған есепке алу жүйесі арқылы қамтамасыз етеді.
Ішкі республикалық және/немесе халықаралық қатынастарда жылжымалы құрамның немесе контейнердің нақты түрін пломбалау үшін темір жол көлігінде қолдануға жіберілген бекіту-пломбалау құрылғысының жаңа түрі (үлгісі) жарияланған бекіту-пломбалау құрылғыларының тиісті Тізбесіне енгізіледі.
Есепке, бақылауға және кәдеге асыруға қабылданбаған бекіту-пломбалау құрылғыларын қолдануға жол берілмейді.
127. Вагондарды, контейнерлерді пломбалауға арналған бекіту-пломбалау құрылғылары бекіту-пломбалау құрылғыларының атауы, олардың жеке бақылау белгілері туралы деректер, сондай-ақ пломбаланған вагондарды, контейнерлерді жөнелту жоспарланған теміржол станцияларының атаулары, жүк жөнелтушілер (жөнелтушілер), ресми авторланған бекіту-пломбалау құрылғыларын жеткізушілер туралы мәліметтерді қоса алғанда, басқа ақпарат негізінде міндетті тіркеуге жатады.
Тіркеу (қайта тіркеу) бекіту-пломбалау құрылғыларын автоматтандырылған есепке алу жүйесінен (бұдан әрі – Тізілім) алынған үзінді көшірме арқылы расталады, онда бекіту-пломбалау құрылғыларының түрі, моделі, жеке бақылау белгілері, жүк жөнелтушінің (жөнелтушінің) және станциялардың атауы туралы ақпарат болады. Тізілім әрбір жүк жөнелтушіге (жөнелтушіге) беріледі.
Бекіту-пломбалау құрылғыларын өндіруші зауыттар бекіту-пломбалау құрылғыларына қосымша көзбен қарап қорғау құралын енгізеді және тасымалдаушыға қолданылатын бақылау маркалары және өзгерістер туралы хабарлайды.
Бекіту-пломбалау құрылғыларын бір жүк жөнелтушіден (жөнелтушіден) екінші жүк жөнелтушіге (жөнелтушіден) беру тек олар қайта тіркелген соң жүзеге асырылады.
Бекіту-пломбалау құрылғыларын қайта тіркеу бекіту-пломбалау құрылғыларын өндіруші зауыттың бекіту-пломбалау құрылғыларын автоматтандырылған есепке алу жүйесінде бекіту-пломбалау құрылғылары туралы тіркеме деректерге өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Қайта тіркеу фактісі бекіту-пломбалау құрылғылары туралы тіркеме деректерге өзгерістер енгізу арқылы және тізілім арқылы расталады.
Бекіту-пломбалау құрылғылары туралы деректерді есепке алу тасымалдау құжаттарын ресімдеу кезінде жүзеге асырылады.
Бекіту-пломбалау құрылғыларын жоғалту, бекіту-пломбалау құрылғыларының зақымдану фактісін анықтау немесе зақымданған бекіту-пломбалау құрылғыларының вагондарға, контейнерлерге орнатылуын, соның ішінде тасымалдау процесі кезінде орнатылуын байқау, бекіту-пломбалау құрылғыларының жоғалған, зақымданған жеке бақылау белгілері және атауы туралы мәліметтер тасымалдаушымен белгіленген тәртіпте есепке алынады.
128. Бекіту-пломбалау құрылғыларын жоғалту өшіру - жеке бақылау белгілерін жою, қолданылған бекіту-пломбалау құрылғылары туралы алынған ақпарат, сондай-ақ жойылғандар, зақымданғандар және сақтау мерзімдері өтіп кеткендер туралы мәліметтер негізінде бекіту-пломбалау құрылғыларын өндіруші зауытпен жүзеге асырылады
Бекіту-пломбалау құрылғылары олардың сақталуын қамтамасыз ететін арнайы құралдармен жабдықталған жабық жайларда жәшіктерде қапталған күйде сақталуы тиіс.
Пайдаланылған бекіту-пломбалау құрылғылары дұрыс пайдаланылған соң, жүк алушымен (алушымен) кәдеге асырылады.
Тасымалдаушының қатысуымен жүк комиссиялық жолмен түсірілгенде, вагондардан және контейнерлерден алынған бекіту-пломбалау құрылғыларын тасымалдаушы актілік-талап ету жұмысын жүргізу үшін коммерциялық актіге қоса тіркейді. Талап ету және қуыным мерзімдері өткенде, бекіту-пломбалау құрылғылары тасымалдаушымен кәдеге асырылады.
Кәдеге асыру тәсілі мен әдісі тасымалдаушымен және бекіту-пломбалау құрылғыларын өндіруші зауытпен келісіледі.
Кәдеге асырылуға жататын жойылған, зақымданған және сақтау мерзімдері өтіп кеткен бекіту-пломбалау құрылғыларын жинауды, бекіту-пломбалау құрылғыларын автоматтандырылған есепке алу жүйесінде олардың атауларын және жеке бақылау белгілерін есепке алуды шарт (келісім) бойынша бекіту-пломбалау құрылғыларын өндіруші зауыт қамтамасыз етеді.
Бекіту-пломбалау құрылғыларын кәдеге асыру бекіту-пломбалау құрылғыларын өндіруші зауыттың автоматтандырылған есепке алу жүйесінде жеке бақылау белгілерін өшіруді қоса алғанда, жеке бақылау белгілерін жою арқылы бекіту-пломбалау құрылғыларының құралымын оны екінші қайтара пайдалану мүмкіндігін болдырмайтындай күйге келтіру болып табылады.
129. Вагондарды, контейнерлерді пломбалау үшін осы Қағидалардың талаптары ескерілмей, дайындалған бекіту-пломбалау құрылғыларын қолдануға жол берілмейді.
7. Жүк құжатын және тасымалдау құжаттарын ресімдеу тәртібі
1-параграф. Жүк құжатын және тасымалдау құжаттарын ресімдеу тәртібі
130. Бос жеке меншікті (жалға берілген) вагондарда жүктердің тасымалдауын жүк құжатымен рәсімделеді немесе, мыналардан құралған тасымалдау құжаттарының комплекті:
1) жүк құжатымен (жүкпен бірге жүреді және тасымалдаушы жүк алушыға береді);
2) жол тізімдемесінен (жүкпен бірге жүреді және тасымалдаушыда межелі станцияда қалады);
3) жол тізімдемесі түбіртегінен (жөнелту станциясында тасымалдаушыда қалады);
4) жүкті қабылдау туралы түбіртектен (жүк жөнелтушіде қалады) тұратын құжаттармен ресімделеді.
Тасымалдау құжаттары жөнелту станциясынан межелі станцияға дейін поезд құрамындағы вагонның (контейнердің) барлық жүру жолында жүкпен бірге және тасымалдаушы өкілінде болады.
131. Тасымалдау құжаттарының бланкілері машинамен жазу тәсілімен немесе шарикті қаламсаппен қолмен жазу арқылы толтырылады. Жекелеген деректер мөртабандар түрінде көрсетіледі. Тасымалдау құжаттарында өшіруге және былғауға жол берілмейді. Тасымалдау құжатына жүк жөнелтушімен енгізілген деректерді өзгерту қажет болғанда, жүк жөнелтуші мұндай құжаттың жаңа бланкін толтырады. Тасымалдаушының тасымалдау құжатына енгізілген деректерді өзгертулер және толықтырулар тасымалдау құжатын ресімдейтін станциядағы тасымалдаушы өкілінің қолымен және тасымалдаушының мөрқалыбымен расталады.
132. Осы Қағидаларға сәйкес жүк жөнелтушімен ресімделген жүкқұжат және соның негізінде жүк жөнелтушіге берілген жүкті қабылдау туралы квитанция жүкті тасымалдау туралы шарттың жасасылғанын растайды.
Жүк құжаты жол тізімдемесімен жүкпен бірге межелі станцияға дейін жүреді, онда жүк жөнелтушіге жол тізімдемесіне қол қою арқылы беріледі. Жүкті қабылдау туралы квитанция жүк жөнелтушіге жол тізімдемесі түбіртегінің тиісті бағанына қол қою арқылы беріледі.
Жол ведомосының түбіртегі тасымалдаушыда қалады. Тасымалдардың электрондық құжатын пайдалана отырып, тасымалдауды ресімдеу кезінде жүк тасымалдаудың ілеспе қағаз құжаттарымен (электрондық құжаттардың көшірмелері) немесе теміржол көлігінде қабылданған тасымалды ұйымдастыру технологиясына (қағазсыз технология) сәйкес сүйемелдеусіз жүреді.
Егер экспедитор төлемші болып табылса, онда оның өтініші бойынша тасымалдаушы олардың арасында жасалған жүк тасымалдарын ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес жеке ақыға жол тізімдемесінің көшірмесін береді.
133. Тасымалдың бір тасымалдаушы құжаттарымен келесілерді ресімдеуге жол берілмейді:
1) басқа жүктермен бірге келе жатқан тез бұзылатын жүктер, жолсеріктердің сүйемелдеуімен келе жатқан жүктерді қоспағанда;
2) тоңазытқыш секцияларда келе жатқан тез бұзылатын жүктер;
3) өзінің қасиеттері бойынша бір вагонда бірге тасымалдауға жол берілмейтін жүктер;
4) тасымалдау кезінде ерекше сақтықты талап ететін жүктер мұндай шараларды талап етпейтін жүктермен бірге;
5) санитарлық, ветеринарлық, өзге ерекше нормалар мен қағидаларды сақтауды талап ететін жүктер мұндай нормалар мен қағидаларды сақтауды талап етпейтін жүктермен бірге;
6) осы Қағидаларға сәйкес әртүрлі сақтау мерзімдері бар жүктер.
134. Тасымалдаушы жүк жөнелтушімен жүк құжатында көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және жүкқұжатта көрсетілген ілеспе құжаттардың болуын тексереді.
135. Тасымалдау құжаттарында мәтіндік ақпаратпен бірге оның кодталған ақпараты болады. кодталған ақпаратқа арналған орындар тасымалдау құжаттары бланкілерінің рамкамен қоршалған, тиісті орындарында көзделген. Тасымалдау құжаттарындағы ақпаратты кодтау тәртібін тасымалдаушы белгілейді.
136. Тасымалдың электрондық құжаты тасымалдаушының МАЖ-да ресімделеді.
137. Тасымалдардың электрондық құжаттамасына құқылы тұлғаның деректемелері бойынша: жүк жөнелтушімен, жөнелту станциясымен, жол жүру барысында тасымалдаушымен, тағайындалу станциясымен деректер енгізу жүргізіледі.
138. «Жылдамдық» бағаны - жүк тасымалдарының қандай жылдамдықпен жүзеге асырылуы керектілігі көрсетіледі.
139. «Вагонның түрі», «Вагонның №», «Вагонның жүк көтергіштігі», «Біліктердің саны», «Мойынтіректер туралы мәліметтер», «Тіркеменің коды, Вагонның типі», «Вагон шанағының көлемі», «Тиеудің техникалық нормасы» бағандары жүкті жүк жөнелтушінің құралдарымен тиегенде, әр вагонға қатысты толтырылады.
Жүктерді тоңазытқыш секцияларда тасымалдағанда, «Вагонның түрі» бағанында «PC» әріптері қойылады, ал «Вагонның №» бағанында бөлшекпен көрсетіледі: алымында - рефрижераторлық секцияның нөмірі, бөлімінде - вагонның нөмірі көрсетіледі
«Вагонның №» бағанын толтырғанда, вагонның нөмірінен басқа қосымша вагонның меншік иесі - темір жол көлігі әкімшілігінің цифрлық коды көрсетіледі.
Жүктерді тіркеспен немесе жабық түрде тасымалдағанда, вагондарға қатысты мәліметтер тіркестің барлық вагондары бойынша көрсетіледі.
Жүк құжатына Достастық мемлекеттерінің, Латвия Республикасының, Литва Республикасының және Эстония Республикасының кәсіпорындары мен ұйымдарының меншігіндегі вагондар, темір жолдардың мүкәммал паркінің жүк вагондары туралы деректер жиынтығынан тұратын Вагондар паркінің автоматтандырылған деректер банкінде тіркелген вагондардың нөмірлері ғана енгізіледі.
140. «Габаритсіздіктің индексі» бағанында келесі реттілігімен бес сандық индексімен габаритсіздік индексі көрсетіледі: 1-ші белгі - «Н» әрпі, 2-ші белгі - төменгі габаритсіздіктің дәрежесі, 3-ші белгі - бүйірлік габаритсіздіктің дәрежесі, 4-ші белгі - жоғарғы габаритсіздіктің дәрежесі, 5-ші белгі - вертикаль аса габаритсіздік. Жүк габаритсіздігі болмағанда, «Габаритсіздіктің индексі» бағаны толтырылмайды.
141. «Тиеудің техникалық нормасы» бағаны толтырылмайды.
142. «Станция және жөнелту жолы» бағанында - жүкті жөнелту станциясының дәл атауы және тасымалдаушының ақпараттық жүйелерінде қолданылатын станцияның жіктегішке сәйкес коды көрсетіледі. Аталған баған тасымалдаушының мөрқалыбын қоюмен толтырылады.
Тасымалдаудың электрондық құжатын қолдану арқылы жүк тасымалдауды ресімдеу кезінде жөнелту станциясының атауы тасымалдаушы МАЖ станцияның жіктегішке сәйкес коды көрсетіледі.
143. «Станция және тағайындалу жолы» бағанында - жүктің тағайындалу станциясының толық атауы және тасымалдаушының ақпараттық жүйелерінде қолданылатын станциялардың жіктегішіне сәйкес коды көрсетіледі. Аталған баған станцияның мөрқалыбын қоюмен толтырылады. Жүк жүктерді түсіру тек кірме жолдарда жүргізілетін станцияға жүретін жағдайларда, «Тағайындалу станциясы және тасымалдаушы» бағанында станция атауының астында «кірме жолғаберу арқылы» белгісі жасалады және қызмет көрсетілу үшін кірме жол тағайындалған жүк алушының атауы көрсетіледі.
Тасымалдың электрондық құжаты қолданыла отырып, жүк тасымалдауды ресімдеу кезінде жүк тағайындалған станцияның атауы тасымалдаушының МАЖ станциялар жіктегішіне сәйкес көрсетіледі.
144. «Жөнелтуші» бағанында - жүк жөнелтушінің дәл және толық атауы және оның тасымалдаушы МАЖ-ымен берілген коды көрсетіледі. Егер жүкті жеке тұлға жөнелтіп отырса, жүкті жөнелтіп отырған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (толығымен) көрсетіледі.
145. «Жүк жөнелтушінің пошталық мекенжайы» бағаны - жүк жөнелтушінің пошталық толық мекенжайы (индексімен), республиканың, облыстың, ауданның, қаланың, селоның, көшенің атауы және үйдің нөмірі көрсетіледі.
146. «Жүк алушы» және «Жүк алушының пошталық мекенжайы» бағандары «Жөнелтуші» және «Жөнелтушінің пошталық мекенжайы» бағандарын толтыру тәртібімен толтырылады.
«Жөнелтуші» және «Жүк алушының пошталық мекенжайы» бағандарын толтыру кезінде, тек қана бір заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
147. «Төлем төлеуші» бағанында - тиісінше жүкті жөнелткенде және бергенде тасымал үшін есеп айырысуды жүзеге асырған заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (толығымен) және төлем жасаушының тасымалдаушының МАЖ-мен берілген коды көрсетіледі.
148. «Жүк жөнелтушінің белгілері» бағанында - жүк жөнелтушінің жүк орындарында белгілеген ерекше белгілері көрсетіледі.
149. «Орындардың саны» бағанында - жүктің әрбір атауы (құрама жөнелтілім) бойынша, ораманың әрбір түрі бойынша жүктердің жеке орындарының саны және орындардың жалпы саны көрсетіледі.
Жүктерді пакеттермен табандықтарда тасымалдағанда, бұл бағанда бөлшекпен:
алымында - табандықтарда қалыптастырылған пакеттердің саны;
бөлімінде - пакеттердегі орындардың жалпы саны көрсетіледі.
үйіндімен жөнелтілетін жүктер үшін, - «Үйінді» сөзі;
ақтара тиеумен жөнелтілетін жүктер үшін, - «Ақтара тиеу» сөзі;
құю арқылы жөнелтілетін жүктер үшін, - «Құйылу» сөзі.
150. «Орама» бағанында - жүк ыдысының түрі қысқартылып көрсетіледі, мысалы, жүктер жәшіктерге, қораптарға, бөшкелерге, себеттерге салынғанда, тиісінше «жәш.», «қор.», «бөш.», «себет».
Тасымалдауға оралмаған жүк берілсе, бұл бағанда «О/Ж» деп қысқартылып көрсетіледі.
Жүк тасымалдары тасымалдардың электрондық досьесі қолданылып ресімделуге берілгенде, ораманың қысқартылған атауы тауар кассирі автоматтандырылған жұмыс орнының жіктегішіне сәйкес көрсетіледі.
151. «Жүктің атауы» бағанында - жүктің толық атауы және Жүктердің бірыңғай тарифтік-статистикалық номенклатурасына (бұдан әрі - ЖБТСН) сәйкес коды және Жүктердің үйлестірілген номенклатурасына (бұдан әрі - ЖҮН) сәйкес коды көрсетіледі.
«Жүктің атауы» бағанында жүктердің әртүрлі атауларын көрсеткенде, Жүктердің бірыңғай тарифтік - статистикалық номенклатурасына және Жүктердің үйлестірілген номенклатурасына сәйкес әрбір жүктің толық атауы көрсетіледі.
Жүктер номенклатурасының әртүрлі позициясына жататын, жүктердің әртүрлі атауларын бағанда көрсеткенде, код ретінде осы позицияға сәйкес жүк коды ЖБТСН, ЖҮН-ге сәйкес көрсетіледі.
Жүктер номенклатурасының әртүрлі позициясына жататын, жүктердің әртүрлі атаулары бағанында код ретінде осы позицияға сәйкес жүк коды, сондай-ақ ЖБТСН, ЖҮН-ге сәйкес құрама жөнелтілім үшін қосымша код көрсетіледі.
Жүк қағазында бір жөнелтіліммен тасымалданатын барлық жүктерді атап көрсету үшін орын жетпегенде, жүк жөнелтуші өз ұйымының бланктерінде (тасымалдау құжатының форматынан артық болмайтын) тасымалданатын барлық жүктердің белгілерін, маркаларын, орындарының санын, орамасын, атауын және массасын көрсетіп тізбе жасайды. Тізбе қаржылық операцияларда қолданылатын мөрмен және жүк жөнелтуші-ұйымның басшысы уәкілеттендірген тұлғаның қолымен расталып, төрт данада жасалады.
Орындардың жалпы саны және жүктердің массасы жүк құжатының тиісті бағандарында көрсетіледі, ал «Жүктің атауы» бағанында «Құрама жөнелтілім, жүктің тізбесі қоса берілген» деп көрсетіледі.
Тізбенің даналары жүк құжатыныына және жол тізімдемесінің түбіртегіне мықтап қыстырылады. Тізбенің бір данасы жүк жөнелтушіге жүкті қабылдау туралы квитанциямен бірге беріледі.
Жүк тасымалдары тасымалдардың электрондық досьесі қолданылып ресімделгенде, жүктің атауы тарифтік басшылықтың негізінде жасалған ұлттық инфрақұрылым операторының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің станциялар жіктегішіне сәйкес көрсетіледі.
«Жүктің атауы» бағанында, сондай-ақ мыналар көрсетіледі:
негізгі штабельдердің саны мен биіктігі және тиеу сұлбасының жоғарғы тар бөлігінде («үймесінде») төселген штабельдердің саны. Аталған мәліметтер ағаш жүктерін тиеу сұлбасының жоғарғы тар бөлігі пайдаланылып тасымалдағанда көрсетіледі;
үсті ашық вагон ернеуінің деңгейінен жоғары тиелген ағаштың, кесінді материалдардың биіктігі - ағаш жүктерін, кесінді материалдарды тасымалдағанда;
құйылып тасымалданатын жүктерді тасымалдағанда, құйманың биіктігі, жүктің тығыздығы, температурасы, егер ол осы Қағидада көзделген болса;
жүктерді жүк жөнелтуші жолсерігінің (жолсеріктерінің) ілесіп жүруімен тасымалдағанда - жолсеріктің (жолсеріктердің) тегі, аты және әкесінің аты, жеке басы куәлігінің (төлқұжаттың) сериясы, нөмірі және іссапар куәлігінің нөмірі. Жүк тасымалдары тасымалдардың электрондық досьесі қолданылып ресімделгенде, сондай-ақ жолсеріктерінің саны да көрсетіледі.
Тасымалдаушының иелігіне жатпайтын немесе ол жалға берген жүк тиелген вагондарды тасымалдауға бергенде, жүк жөнелтуші жүк құжатының «Жүктің атауы» бағанында: «Тасымалдаушының иелігіне жатпайтын вагон. Меншік иесі ___» немесе «Вагон жалға берілген. Жалға алушы ___» деп көрсетеді.
Тасымалдауға осындай бос вагон берілгенде, жүк жөнелтуші жүк қағазының «Жүктің атауы» бағанында: «Тасымалдаушының иелігіне жатпайтын бос вагон. ___(жүктің атауы). Меншік иесі _____» немесе «Жалға берілген вагон. ___ (жүктің атауы). Жалға алушы___».
Жүктерді ерекше шарттармен тасымалдағанда, бұл бағанда «тасымалдаушының «__» _____________» № __ жеделхатына сәйкес ерекше шарттармен тасымалдау».
Осы белгіні жасау үшін орын болмағанда, ол жүк құжатының 4-бағанында жасалады.
152. «Жүктің жүк жөнелтуші белгілеген массасы, кг-мен» бағаны жүк жөнелтушімен толтырады, егер жүктің массасын онымен не болмаса оның қатысуымен анықталса. Жүктің массасы вагон таразыларымен анықталса, тиісті бағандарда оның бруттосы, неттосы және вагон ыдысының массасы көрсетіледі.
Әр түрлі атаудағы және әр түрлі орамдағы ыдыстағы-дара жүктерді тасымалдауға бір тасымалдау құжатымен бергенде, әр атаудағы жүктің массасы ораманың әрбір түрі бойынша жеке және аталған құжат бойынша берілген жүктердің жалпы массасы көрсетіледі.
Жүк өз осімен тасымалданған кезде «Нетто масса қорытындысы» және «Вагон ыдысы» толтырылмайды, ал «кг-мен анықталған жүк массасы» және «Масса брутто» бағандарында өз осьтерінде тасымалданатын жүктің массасы көрсетіледі.
Вагон таразыларымен «Нетто масса қорытындысын» анықтағанда, тиісті бағандарда мыналар көрсетіледі:
вагонның брутто массасы мен оның ыдысы арасындағы айырма ретінде анықталатын «Нетто масса қорытындысы»;
таразымен өлшеу арқылы анықталған вагонның брутто массасы;
вагон ыдысының массасы - таразымен вагон ыдысының массасы анықталғанда, «бр.» қысқартпасы сызылып тастала отырып, өлшеу арқылы алынған мәліметтер көрсетіледі, егер ыдыс массасы вагондағы мәліметтер негізінде анықталса, онда «тексер.» сызылып тасталады.
вагон ыдысының массасы тағайындалған станцияда жүкпен бірге жүк алушыға берілмейтін, бірақ вагон ыдысының массасына қосылмаған, ондағы алынбалы және алынбалы емес құрал-жабдықтарының массасы ескеріле отырып, анықталады.
«Жүктің атауы» бағанында әртүрлі жүк атауларын немесе әтүрлі орамадағы атауы бір жүкті көрсеткенде, «кг-мен анықталған жүк массасы» бағанында ораманың әрбір түрі бойынша әрбір атаудағы жүктің массасы жеке және жөнелтілімдегі жүктің жалпы массасы көрсетіледі.
153. «Орындардың жиынтығы» бағанында - тасымалдауға берілген барлық жүк атаулары орындарының жалпы саны жазбаша көрсетіледі.
154. «Масса жиынтығы» бағанында тасымалдауға берілген жүктің жалпы массасы жазбаша көрсетіледі.
155. «Массаны анықтау тәсілі» бағанында жүктің массасы қандай тәсілмен анықталғандығы көрсетіледі (жүктің массасы жүк жөнелтушімен не болмаса, оның қатысуымен анықталған жағдайларда толтырылады).
Егер жүктің массасы стандарт бойынша анықталса, бұл бағанда бір жүк орнының стандарттық брутто және нетто массасы көрсетіледі.
Жүк тасымалдары тасымалдардың электрондық досьесі қолданылып ресімделгенде, «Массаны анықтау тәсілі» бағаны тауар кассирінің АЖО-сының жіктегішіне сәйкес толтырылады.
156. «БПҚ туралы мәліметтер» бағанында бекіту-пломбалау құралы жүк жөнелтушімен немесе тасымалдаушымен өндірілгені көрсетіледі.
«БПҚ типі» бағанында вагонға орнатылған бекіту-пломбалау құрылғысының типі көрсетіледі.
«Б/белгілері» бағанында бекіту-пломбалау құрылғыларының бақылаулық белгісі көрсетіледі.
«БПҚ типі» және «Б/белгілері» бағандары осы Қағидалардың 6-тарауының талаптарына сәйкес вагондарда орнатылған барлық бекіту-пломбалау құрылғылары үшін толтырылады.
157. Тасымалдағанда және сақтағанда сақтанудың ерекше шараларын сақтауды талап ететін жүктер бойынша жүк құжатының жоғарғы бөлігінде («ерекше белгілер мен мөрқалыптарға арналған орын») жүк жөнелтуші осы Қағидада көзделген жазбаларды, соның ішінде мөрқалыптар түрінде, жүктің ерекше қасиетін сипаттайтын өзге де белгілерді қояды.
158. «Мәлімделген құндылық» бағанында - жүк жөнелтушімен мәлімделген жүктің құндылығы теңгемен жазбаша көрсетіледі.
159. «Жүк құжатына енгізілген мәліметтердің дұрыстығына жауап беремін» бағанында - жүк жөнелтуші немесе сенімхат бойынша ол уәкілеттік берген тұлға қолын анық қояды және өзінің лауазымын (жүк жөнелтуші жеке тұлға болып табылатын жағдайды қоспағанда) көрсетеді.
Электрондық жүк құжаты толтырылғанда, оған жүк құжатының толтырылуына жауапты тұлғаның лауазымы, тегі және инициалы туралы мәліметтер енгізіледі.
160. Жүк құжатының сырт жағындағы «Жүк Техникалық шарттардың __ ______ тарауының ______ суретіне ___________ сәйкес дұрыс орналастырылған және бекітілген» 1-бағаны жүктерді вагондар мен контейнерлерде орналастырудың және бекітудің техникалық шарттарының (бұдан әрі - техникалық шарттар) талаптарына сәйкес толтырылады. Бұл мәліметтер қол қойған тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні көрсетіліп қойылып куәландырылады.
Жүк тасымалдары тасымалдардың электрондық досьесі қолданылып ресімделгенде, оған техникалық шарттарға сәйкес деректер, сондай-ақ жүкті орналастыруға және бекітуге жауапты тұлғаның лауазымы мен тегі енгізіледі.
161. Жүк жөнелтуші 4-ші бағанда осы Қағидада қарастырылмаған, өзге белгілерді де қояды (мысалы: жүктің түрлілігі мен өнімнің маркасы жайлы жүк алушыға қажетті мағлұматтар);
«ашық жылжымалы құрамда тасымалдау жүк жөнелтушімен келісілген рұқсатнама _______ №_____.»;
табандықтардың саны - жүкті табандықтарда тасымалдауға бергенде; жөнелтушінің вагонда орнатқан айлабұйым құралдарының (мысалы, көкөніс қалқандары, пештер, астық қалқандары) атауы мен саны;
жүктерді алынбалы жабдықпен және қымтаумен тасымалдағанда, жабдық пен қымтау материалдарының массасы;
жүк жөнелтушінің жүкті қатудан сақтау үшін қабылдаған профилактикалық шаралары;
тасымалдауға берілген орамасыз жүкте көзге көрінетін зақымдардың болуы, (мысалы, «станоктің ___ деталі түсіп қалған», «машинаның фарасы сынған»);
осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүк жөнелтушілердің қоса беретін құжаттарының атауы (мысалы, ерекшелік, техникалық паспорт, мүкәммалдық алынбайтын бекітпені бекіту сызбалары), сондай-ақ мемлекеттік бақылау жасауға уәкілетті органдардың талаптарымен белгіленген құжаттардың атаулары. Қоса берілетін құжаттар тасымалдау құжаттарына мықты тіркеледі.
2-параграф. Жөнелту станциясымен жүк құжатын толтыру
162. «Ерекше белгілер мен мөрқалыптарға арналған орын» бағанында мынадай белгілер қойылады:
Қауіпті жүктерді тасымалдау ережесінде, Теміржол көлігін техникалық пайдалану ережелерінде және Жолтабаны 1520 миллиметр темір жолдарда габаритсіз және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықта, Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта көзделген жағдайларда пойыз құрамындағы вагонды жабу туралы;
тасымалдардың осы бағытында жылжымалы құрамның массасы, түрі немесе тиеу габариті бойынша шектеулер туралы (ол жайында белгі жүк құжатыныына бұрыштама қойғанда жасалады);
«дөңестен түсірілмесін» - Қауіпті жүктерді тасымалдау ережесінде, Теміржол көлігін техникалық пайдалану ережелерінде және Жолтабаны 1520 миллиметр темір жолдарда габаритсіз және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықта көзделген жағдайларда;
_______ ст. жүктерді жөнелтілушілік маршрутпен тасымалдағанда, «№ ___ тікелей жөнелтілушілік маршруты», «_________ ст. таратылатын № ___ жөнелтілушілік маршруты» немесе «_________ ст. таратылатын № ___ жөнелтілушілік маршруты»; жүктерді сатылы маршруттармен тасымалдағанда, «№ ___ тікелей сатылы маршрут» немесе «_________ст. таратылатын № ___ сатылы маршрут».
Бұдан басқа жүкке барлық жүру жолында әскерилендірілген күзет ілесіп жүрген жағдайда жүк құжаттың осы бөлігіне «Күзет» мөрқалыбы қойылады.
163. «№_____ жүк құжаты» бағанында жол тізімдемесінің типографиялық нөмірі және тасымалдаушы берген жөнелтілім нөмірі көрсетіледі.
Жүк тасымалдауды электрондық деректі қолданумен ресімдеген кезде жөнелтілім нөмірі жөнелтілімдердің нөмірленуіне сәйкес машиналық тәсілмен қойылады.
164. «№___ өтінім бойынша» бағанында тасымалдаушы қабылдаған өтінімнің нөмірі көрсетіледі. Жүктер өтінімсіз қабылданған кезде тиеу өкімінің нөмірі көрсетіледі.
165. «Жүкті «___» _______________ енгізуге рұқсат етілген» - тиеу және түсіру орындарында жүктерді тасымалдауға берудің барлық жағдайларында толтырылады.
166. «Тиеу «___» _______________тағайындалған» - жүктерді тиеуге тиеу және түсіру орындарына берудің де, бір жүк жөнелтуші/жүк алушы пайдаланатын кірме жолдарға берудің де барлық жағдайларында толтырылады. Жүк құжаттарға бұрыштама қоюдың тәртібін тасымалдаушы белгілейді.
167. «Жүктің тасымалдаушы анықтаған кг-дағы массасы» және «Массаны анықтау тәсілі» бағандары - жүктің массасын тасымалдаушы анықтағанда, тасымалдаушымен толтырылады. Бұл ретте таразының үлгісі көрсетіледі.
Жүк тасымалы тасымалдардың электрондық дерегі қолданылып ресімделгенде «Массаны анықтау тәсілі» бағаны тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орнының жіктегішіне сәйкес толтырылады.
168. «Тасымалдаушының қабылдаушы-тапсырушысы» бағанында жүктің массасы тасымалдаушымен не болмаса оның қатысуымен анықталғанда, тасымалдаушының жөнелту станциясындағы қабылдаушы-тапсырушысы анық қол қояды.
Жүк тасымалы тасымалдардың электрондық дерегі қолданылып ресімделгенде, егер жүктің массасы тасымалдаушымен не болмаса тасымалдаушының қабылдаушы-тапсырушысымен бірлесіп жүк жөнелтушімен анықталғанда, қабылдаушы-тапсырушының тегі енгізіледі.
169. «Т.ж. маркасы» бағаны толтырылмайды.
170. «Жүкті бөліп әкелу» 2-бағаны толтырылмайды.
171. «Тарифтік белгілер», «___ км үшін төлемдермен есеп айырысу», «Жөнелткенде» бағандары тасымалдаушының тарифтік басшылығына (прейскурантқа) сәйкес толтырылады, «ерекше тариф №» бағанында ерекше тарифтің коды көрсетіледі.
«Жөнелткенде» бағанында тасымалдаушының жүк тасымалдары үшін есептеулерді немесе төлемдерді өндіріп алуды жүргізетін тасымалдаушы тасымал ақысының, жолсеріктің (жолсеріктердің) жол жүргені үшін, жүктің мәлімделген құндылығы үшін алымдардың мөлшерлерін және төлемдер үшін басқа белгілерді, оның ішінде тарифтің құраушыларын көрсетеді.
Жүк тасымалы тасымалдардың электрондық дерегі қолданылып ресімделгенде, тарифтік белгілердің кодтары магистральдық теміржол желісі операторының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жіктегішіне сәйкес қойылады. «___ км үшін төлемдермен есеп айырысу», «Жөнелткенде» бағандары тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орнында бағдарлама түрінде қалыптастырылады.
172. «Төлемдер жөнелту станциясында өнідіріп алынған» бағанында - әртүрлі алымдар квитанциясының нөмірі немесе төлем картасының нөмірі көрсетіледі. Төлемдерді өндіріп алу тасымалдаушының станциядағы өкілінің қолымен куәландырылады.
Егер жүктерді жөнелтуші және алушы жеке тұлғалар болып табылғанда, «Жөнелтуші» және «Алушы» бағандары цифрлық кодпен толықтырылады.
Жүк тасымалы тасымалдардың электрондық дерегі қолданылып ресімделгенде, тасымал төлемдері туралы мәліметтер оларды өндіріп алу орнына және есеп айырысу түріне қарай тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орнында бағдарламалық қалыптастырылады.
173. Жүк құжатының және жол тізімдемесінің сыртқы жағының сол жақ жоғарғы бұрышында, сондай-ақ жол тізімдемесі түбіртегінің және жүкті тасымалдауға қабылдау квитанциясының бет жағында станцияның жүкті тасымалдауға қабылдау уақыты туралы тасымалдаушыны ң күнтізбелік мөрқалыбы соғылады.
Жүк тасымалы тасымалдардың электрондық дерегі қолданылып ресімделгенде, жүкті тасымалдауға қабылдау датасы МАЖ арқылы электрондық тасымалдау құжатына енгізіледі.
174. Жүк жөнелтушімен ресімделген жүк құжаты ұсынылғанда, жөнелту станциясы ондағы мәліметтер мен белгілерді жол тізімдемесіне, жол тізімдемесінің түбіртегіне және жүкті қабылдау туралы квитанцияға көшіреді.
Жүк тасымалын электрондық жүк құжатты қолданумен ресімдегенде жүкті тасымалдауға қабылдауды ресімдеу күні электрондық жүк құжатқа енгізіледі.
3-параграф. Жүк құжатын жол жүру барысында станциялардың
Достарыңызбен бөлісу: |