Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар 32-бап. Қажеттi қорғаныс


-бап. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары



бет39/40
Дата16.05.2022
өлшемі44,45 Kb.
#143529
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
СРС УП

98-бап. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
1. Осы Кодекстiң 91-бабы бiрiншi бөлiгiнің 3) және 5) тармақтарында көзделген жағдайда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары – бас бостандығынан айыруды өтеу орнында, ал өзге де жаза түрлерiне сотталғандарға қатысты амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.
2. Осы Кодекстiң 91-бабы бiрiншi бөлiгiнің 4) тармағында көзделген жағдайда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары – бас бостандығынан айыруды өтеу орнында, ал өзге де жаза түрлеріне сотталғандарға қатысты денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.
3. Сотталған адамның стационарлық емдеудi талап ететiн психикалық жай-күйi өзгерген кезде сотталған адамды психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесiне орналастыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен және негiздер бойынша жүргiзiледі.
4. Аталған мекемелерде болған уақыт жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi. Сотталған адамның көрсетілген мекемелерде одан әрi емделуiне қажеттілік болмай қалған кезде оны шығару Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен жасалады.
5. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасының қолданылуын тоқтатуды жазаны орындаушы органның ұсынуы бойынша, психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде сот жүргiзедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет