88-бап. Ескіру мерзімдері Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе жазаны өтеуден босату кезiнде қылмыстық жауаптылыққа тартудың немесе айыптау үкімінің ескіру мерзімдері тең жартысына қысқартылады.
89-бап. Сотталғандықты жою мерзiмдерi Он сегiз жасқа толғанға дейiн қылмыс жасаған адамдар үшiн осы Кодекстің 79-бабында көзделген сотталғандықты жою мерзiмдерi қысқартылады және олар тиiсiнше:
1) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерiн іс жүзінде өтеуге;
2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн - бiр жылға;
3) ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн - екі жылға;
4) аса ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн үш жылға тең болады.
90-бап. Осы бөлiмнiң ережелерiн он сегiзден жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға қолдану Он сегiз бен жиырма бір жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған іс-әрекетiнiң сипатын және жеке басын ескере отырып, сот айрықша жағдайларда, оларды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыруды қоспағанда, осы бөлiмнiң ережелерiн қолдана алады.
7-БӨЛІМ. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары. Өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары