Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар 32-бап. Қажеттi қорғаныс


-бап. Амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу



бет36/40
Дата16.05.2022
өлшемі44,45 Kb.
#143529
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
СРС УП

94-бап. Амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу
Егер адам өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша психиатриялық стационарға орналастыруды қажет етпесе, осы Кодекстiң 91-бабында көзделген негiздер болған кезде амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу тағайындалуы мүмкiн.
95-бап. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу
1. Егер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудiң, күтудiң, ұстаудың және байқаудың осындай шарттарын талап ететiн болса, осы Кодекстiң 91-бабында көзделген негiздер болған кезде психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалуы мүмкiн.
2. Жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетiнiң сипаты бойынша стационарлық емдеу мен байқауды қажет ететiн, бiрақ интенсивтi байқауды талап етпейтiн адамға тағайындалуы мүмкiн.
3. Мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетiнiң сипаты бойынша тұрақты байқауды талап ететiн адамға тағайындалуы мүмкiн.
4. Интенсивтi байқайтын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетiнiң сипаты бойынша өзiне немесе басқа да адамдарға айрықша қауiп төндіретін және ұдайы әрі интенсивтi байқауды талап ететiн адамға тағайындалуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет