Іс-шараның барысы: Қатысушылар мен жүргізушінің биі



бет1/2
Дата26.06.2018
өлшемі1,13 Mb.
#44676
  1   2
Halloween
Мақсаты: Оқушыларды Хеллуин мерекесімен таныстыру, олардың шығармашылықтарын дамыту, әрқашан жақсылықтың жолында жүруге, бір –біріне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: музыка, суреттер, т.б.

Іс-шараның барысы:

Қатысушылар мен жүргізушінің биі. “This is Halloween”

Көрермендерге слайд көрсетіліп, Хеллуин туралы шағын мәлімет беріледі:


«Хэллоуин (Halloween) АҚШ-та халық тойлайтын мейрамдардың бірі болып саналады. 31 қазан күні өткізілетін мейрам. Мейрам “киелі күн” деген мағынаны білдіреді, себебі ол барлық киелілер күнінің алдында тойланады.
Бұл күнді көптеген ырымдармен байланыстырады. АҚШ-тың халқы елестер, рухтар және жезтырнақтар Хэллоуин күнінде адамдарға жамандық келтіреді деп сенген. Осы аңызға сенгендер сол күні жарықтар жағып, қорқынышты бұйымдар ілген. Бұл бұйымдар қорқынышты рухтарды үркітеді деп сенген.
Әсіресе бұл мереке балаларға ұнайды, бұл мерекеге қатысып, олар шын жүректен тойлайды. Хэллоуиннің қызығы – бал ашу және жезтырнақ пен елестер туралы әңгіме айту. Балалар әр түрлі маскарадтық киімдер киіп үй-үйді аралайды. “Бізге тәтті беріңдер, әйтпесе сендерді шошытамыз” дейді. Балалар қорқынышты әзілдемес үшін, көршілер кәмпит, жеміс-жидек және ұсақ ақша береді.
Осы күні салтанатты шерулер, фестивальдар және костюмдік мейрамдар өткізіледі. Бал ашу – Хэллоуиннің негізгі бөлігі.»


Жүргізуші бұрылып: «Хеллуин мерекесіне хош келдіңіздер!»

Енді бүгінгі мерекеде біздің де балалар қатысады. Мереке шағын сайыс түрінде өтеді. Сайысқа үш топ балалар қатысады: 1 топ: 9- сынып оқушылары - «Тоқтандар, Зомби!» тобы; 2 топ: 8- сынып оқушылары – «Повелители хэллуина» тобы; 5,7 сынып оқушылары – “Empires’ vampire” тобы.



Сайыс үш кезенге бөлінеді:

1 кезеңі: Таныстыру

2 кезеңі: Шығармашылық номер

3 кезеңі: Қол өнері.



Топтарды әділ бағалайтын келесі әділқазылар алқасы тағайындалды:

1.Рамазанова Г.М.

2.Уразбаева С.К.

3.Таханова Р.М.

Балалар жіребий бойынша ретімен шығады. (1-8 сынып, 2-9сынып, 3- 5,7 сынып)

Empires’ vampire тобы (Таныстыру)

Қорқынышты музыка ойнайды. Бір қыз қорқып вампирлерден қашады. Вампирлер оған шабуыл жасаған кезде Дракула оларды тоқтатады.

- Тоқтандар. Баяғы заманнан бастап, біз тек қана қараңғылық жолмен жүретін адамдарға ғана тисеміз, ал жақсылық жолында жүретін адамдарға тиіспейміз, дос боламыз. Ол адам сендерге жамандық жасады ма?

-Жоқ.


- Ендеше, жіберіндер оны. Біз Вампир империясынан боламыз. Біздің топ (хормен) «Empires’ vampire» деп аталады.

Halloween, Halloween, magic night.

We are glad and very bright.

We all dance and sing and recite,

“Welcome! Welcome! Halloween night!”

Шығармашылық номерде «Empires’ vampire» тобы «Зомби» биін билейді.



Қол өнерінде: Хэллоуин фонарі – шамы қуыс асқабақтан көзін, мұрнын, аузын ойып жасадық. Көбінесе шамның ішіне балауыз жағады, біз де жақтық. Ирланд аңызында Хэллоуин шамдары Джек деген адамның атымен аталған. Ал, Джектің қасында көңілді Сандра шамы. Түнде далаға шығуға болмайды, әйтпесе сендерді елестер қорқытады. Міне,Джими да қорқып кетті. Содан кейін, Джимидің қасында әрқашан да қансорғыш ұшады. Міне біздің қорқынышты әңгімеміз.

«Повелители Хэллуина» тобы. (8-сынып)

Таныстыру: Хэллуин туралы өлең жолдары.

Шығармашылық номер: «This is Halloween» биі

Қол өнері: Темірден жасалған асқабақ; тоқыштар; желейкалар.

«Тоқтандар, Зомби!» (9-сынып)

Таныстыру: Видеоролиг «Тоқтандар, Зомби!»

Шығармашылық номер: Би (Майкл Джексонның әніне)

Қол өнері: Тілек ағашы, қыз аруы, шам, смешарики және т.б.

Марапаттау.

I орын. Таныстыру және шығармашылық номерде 5,7 сынып оқушылары;

I орын. Қол өнерінде 8-сынып оқушылары

Әділқазылардың көңілінен шыққан 9-сынып оқушылары



Шай ішу. Балаларға шай дайындау.

Шағын дискотека.

Киров негізгі мектебі

Halloween

Орындаған: Усеинова М.К.

2016-2017






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет