Тақырыбы: ЖЫЛ БАСЫ – НАУРЫЗ
Сахна мерекеге сай безендірілген.
Оқушыларға қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алған
«Наурыз» тойының ерекшелілігін,табиғат пен адамның байланысын, қазақша жаңа
жылдың келу салтанатын түсінікті, баланың жас ерекшеліктеріне байланысты әрі өзін
қатыстыра отырып сөйлету.
Сабақ барысы:
Қазақ халқының әдет-ғұрыпында ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі-Наурыз. Бұл мейрам жыл сайын наурыз айының 22 жұлдызында тойланады. Бұл күні мен түн теңеліп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы. Сондықтан бұл күнді Жаңа Жылдың басы. Ұлыстың ұлы күні деп есептейді. Жұрт бұл күні ел аралап, бір-бірімен көрісіп, жақсы тілектер айтып, наурыз көжеден ауыз тиген. Жастар ән шырқап,
палуандар күресіп, ойын-сауықпен өткізген. Бұл мейрамды тек қазақтар емес,барлық мұсылман халқы тойлаған.Бүгін біз осы Наурыз тойының ықшамдалған сынып сағатын тамашалауға шақырамыз.
Зарина:
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық. Шашу шашылады.
Ляззат:
1.Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Ұлыс күні басталды.
Наурыз тойын көтеріп
Жар салайық әлемге.
Заңғар:
2. Армысыңдар ағайын!
Бармысыңдар ағайын!
Ұлыс бақты болсын!
Әр күніміз жақсы болсын!
Тамирис:
3. Жаңарған жаңаның
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын бабамның,
Алып келді Ұлыс күн!
Темирлан:
4 Төлдеді ме малымыз
Тамыр жайды талымыз.
Наурыз өнер жарысын
Бастады жас- кәрі үшін.
Дания:
5. Наурыз көктем тойымыз
Той дәмі мол тойыңыз.
Күн ұзарар жылынып,
Өсер біздің бойымыз.
Арман:
6. Тойды бастап ел енді
Қуанышқа бөленді.
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса Наурыз дәстүрлі.
Арайлым:
7. Наурыз келді, Наурыз келді, ағайын
Құшырлана құшағымды жазайын.
Көктем шыға күлімсіреп көк аспан.
Әнге толды, күйге толды маңайым.
Алима:
8. Он екі жыл бір мүшелді құраған
Бұрынғылар жылың не деп сұраған?
Ал, балалар биылғы жыл қандай?
Биылғы жыл – Ұлу жыл.
Айжұлдыз:
9. Ел ішінде ардақ тұтар еңселі
Ортаға шық, жұлдызшалар кел бері.
Баршамызды қызықтырған биылғы
Сізге мәлім қандай жылдың келген. Ортаға « Ұлу» шығады.
Амансыздарма, балалар!
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Әсет:
Жыл иесі бақыт әкел еліме
Құт-береке, молшылық дари берсін жеріме.
Тарылмасын табиғаттың тынысы,
Тазалықты тарту ет өзендер мен көліме.
Лунара:
Әнім де саған, биім де
Құт қонақ өзің үйімде
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде. Наурыз күлімде.
Күн мен түн теңелді.
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді. Көрініс: Күн мен түн шығады ортаға.
Дильназ – күн, Айжұлдыз – түн.
Күн: Сәулесі мол күнмін.
Түн: Жұлдызы көп түнмін.
Екеуі: Бірдей болып біздер
Теңелеміз бүгін.
Түн: Ал, ертең күн ұзақ
Күн: Түн қысқарар, бірақ .
Екеуі: Ұйқы қанбай қалып
Жүрмеңдер тек жылап.
Аружан:
Бауырласқа тәнтіміз
Бұзылмаған салтымыз
Кең даламның ежелгі
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз
Енді айтыс өнерін тамашалаңыздар. Айтысқа ортаға ӘСЕТ пен
МУБАРАК, ЗАРИНА, ЖАНСАЯ шығып айтысады.
Екеуі бірге: Оу, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық.
Менімен айтысар
Қыз құрбылар қайсың бар?
Қолдан келсе әзілдеп
Маған сынды айтыңдар.
Айтысуға өзіңмен
Шығып тұрмын алдыңа
Күн аттарын білмеуші ең
Жаттап оны алдың ба?
Құрбым кімге күлесің
Өзің нені білесің?
Онға дейін қиналып
Санай да алмай жүресің.
Бәтеңкеңнің бауын да
Байлай алмай жұруші ең
Үйрендің бе жейдеңді
Теріс қарай киюші ең?
Олпы-солпы кигенің
Ойыңда не түйгенің
Намысыма құрбыжан,
Наурыз күн тимегің
Екеуі: Ұлы Наурыз бәріңді
Тоқтатпасақ айтысты
Сөз қалған ба ақыннан.
Асия:
9. Ұлыс күні жеті түрлі заттан:
Сұр ет, қойдың басы, сүт, құрт бидай,
Сәбіз, пияздан қазан толы наурыз
Бауыржан: Көже пісірілген.
Түйе сеніп бойына
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап мойыма
Талма именіп ділмәрдан.
Дильназ: Олай болса жыл аттарын кім атап шығады?
Жансая: Жыл аттары: Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой,
Мешін, тауыцқ, ит, доңыз.
Дильназ: Наурыз күні адамдар бір-бірімен қалай амандасады екен?
Наурыз күні адамдар: «Жамандыққа – жақсылық ер жігіттің ісі»,
«Тас атқанға – ас ат» - деп ұрысқан адамдар бір-бірімен татуласқан.
Сәлемдесу: Данияр:
11. Ассалаумағалайкум!- «Алланың нұры жаусын!»
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
Қайда барса жол болсын.
Нұрхан:
– Уағалайкумассалам! – «Өзіңізге де соны тілеймін!»
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
12. Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін.
Біздің бүгінгі тойымызға халық ауыз әдебиетінің кейіпкерлері де келіпті, енді
соларға сөз берейік.
Қожанасыр: Данияр
Ассалаумағалейкум! – Алланың нұры жаусын! халқым менің
Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңбектің жемісін бәрің жегің.
Алдар Көсе: Арман.
Мен Алдармын, Алдармын.
Досымын адал жандардың.
Жақсыға талай серік болып
Жаманды талай алдадым.
Тазша бала:
Туа салып атандым Тазша бала
Мендей аңқау болмас- ау, басқа бала.
Дәстүрлі той өтеді дегенді естіп,
Көк есекті желдірттім жаста болса.
БАСТАУЫШ: Дильназ.
Жоғары шық, қонақтар!
Келіп жатқан алыстан,
Жақсылық жетсінші деп
Жан алмай алысқан.
СІздердің әділ – істерің
Ғасырлар бойы тынбайды,
Аңыз-дастан жырлардан,
Балалар оқып тыңдайды.
Балалар, қазақта қонақ кәде деген жақсы ырым бар.
Қонақтардан қонақ кәде сұрайық:
ТАЗША БАЛА: Заңғар.
Мініп алып шыбынға
Кеттім ұшып шынында
Мінгестірдім пілді де
Отырсын деп ығымда.
Ал, Қожанасырдың қандай сыйлығы бар екен?
Қоржынында не бар екен, ашып көрейік? ( 5 конверт шығады)
Сұрақтар:
Төрт түлік пірлерін атаңдар?
Апта аттарын мүдірмей атап шық?
Санамақ айтып бер?
Ұлыс күні кімді күтеміз, қалай күтеміз?
Алдар Көсе мен бай баласы ( қойылым)
Көрермендерге сұрақтар:
Наурыз көжеге қыстың тағамын қосу(сүр) қандай ұғымды білдіреді?
Тұяқты малдың қыста жайылатын өрісі не? (тебін)
61 жас неше мүшел? (5 мүшел)
Сәби жаңа дүниеге келгенде арнаулы мал сойылады. Оны не дейді?(қалжа)
Күз айларын атау.
Атасы аузын ашады,баласы ұрып қашады. (кел»,келісап)
Данияр- БАТА:
Ұлыс оң болсын.
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын.
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин! (бетін сипап бата береді)
Ұлттық ойын: Қыз қуу.
Концерттік нөмірлер:
1.-----------------------------------------------------------
2.------------------------------------------------------------
3.------------------------------------------------------------
4.-------------------------------------------------------------
5.------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |