Іс-тәжірибеден өтуші-студент: Маулан М. Е



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі30,68 Kb.
#91006
1   2   3   4
Байланысты:
есепМарал

Мінездеме

8 «Г» сыныбында барлығы 23 оқушы бар. Соның ішінде, 11-і ұл бала және 12 қыз бала. Сынып жетекшісі Мухамедьярова Қ.К. - білікті ұстаз.Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы, материалдық жағынан толыққанды қамтылған. Сынып оқушылары сондай ұйымшыл, елгезек балалар.Сынып ішінде өзара тату. Бір-біріне көмек көрсетуге әрдайым дайын тұрады. Мектепішілік шараларға белсене қатысады. Нәтижелері оңды, талпыныстары жақсы.Қызығушылықтары, әр іске деген бейімділіктері, ынта- жігерлері зор. Сынып оқушыларында өзара бөліну жоқ. Бәрі тең дәрежеде араласады. Мінезі, тәртібі жағынан нашар бала жоқ. Оқушылардың шығармашылыққа деген құлшыныстары жоғары.


Бұл сыныптың маған бос уақыттарын пайдамен өткізетіндігі қатты ұнады, ұлдар әртүрлі спорт түрлерімен айналысады , қыздары өнерге, биге қызығушылықпен қарайды. Әсіресе, сурет салу өнері оларда өте жақсы қалыптасқан, тамаша еңбектерімен таң қалдырды.
Іс-тәжірбиеден өтуші: Маулан М.Е.

Сынып жетекшісі: Мухамедьярова Қ.К

Семей қаласының «№11 жалпы орта білім
беретін мектеп» КММ-де педагогика-
психологиялық іс-тәжірибеден өткен Шәкәрім
атындағы мемлекеттік университетінің
«5В012100 қазақ тілінде оқытпайтын
мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
мамандығы бойынша Қ-609 тобының 4 курс
студенті Маулан Маралдың
8 «Г» сынып оқушысы Медельканова Даянаға

Мінездеме
Медельканова Даяна Саматовна 2005 жылы желтоқсан айының бірі күні Семей қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда Семей қаласындағы « №11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің 8 «Г» сыныбында оқиды.Әкесі Кайрекенов Самат Медельканович пен анасы Кудайбергенова Татьяна Михайловна Даянаны тәрбиелі ғып өсіріп, білім алуына толыққанды мүмкіндік жасап отыр.
Даяна сыныптағы барлық оқушылармен жақсы тіл табысады.Сабақтан себепсіз қалмайды. Әрдайым ұқыпты, жинақы жүреді. Барлық істі тиянақты орындайды.
Сүйіп оқитын пәндері – ағылшын, орыс тілі, биология және қазақ тілі. Қосымша сурет салуға қатты қызығады. Сабақ үстіндегі мінез – құлқына келетін болсақ, әрдайым білуге ұмтылып отырады. Қойылған сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап береді. Мұғалімнің айтқанын бірден ұғады. Ойын бүкпей, еркін жеткізеді.Тек қана жаңа тақырып өткенде емес, қайталау сабақтарының өзін зейін қойып тыңдайды.
Өзі сондай сабырлы, мінезі ашық оқушы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Дөрекі сөйлеуден жат, сондай кеңпейіл екеніне көзім жетті.Даяна бойындағы тамаша қасиеттерінің арқасында талай белестерді бағындырып, болашақта өзі қалаған мамандықтың иесі болатынына кәміл сенемін.

Іс-тәжірбиеден өтуші: Маулан М.Е.


Сынып жетекшісі: Мухамедьярова Қ.К.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет