Іс-тәжірибемнің сипаттамасы



Дата11.03.2020
өлшемі21,55 Kb.
#59997
Іс-тәжірибемнің сипаттамасы

Тақырыбы: Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс - тәсілдері

Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсатын көздеймін. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым–қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз – Қазақстан әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде.
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Еңбекке баулу». Бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек тәрбиесі арқылы ағашты өңдеу, қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухта тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске көшу». Еңбек тәрбиесі арқылы ағашты өңдеп, бұйымдар жасау, көркемдеу, қолөнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып, жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі ағаштан өңделген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т.б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады. Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігін, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамын. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттерін толық ескеріп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасап, білім беремін. Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беремін. Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация – оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден-бір шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл - ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
- оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану
- сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т.б.

Технология - пәні география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту халықтар дәстүрінде ежелден қалыптасқан.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре - көре, жүре - жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.
Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекті сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.

Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн. Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.

Технология сабағында жобалау әдісін қолдану. Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады. «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай   болмақшы», яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болмақ. Сондықтан өз білімімді ылғи да көтеріп отыруға тырысамын.

2017 жылы «Бір аспан- бір әлем» ұшу аппараттарының облыстық байқауына қатысқаным үшін дипломмен марапатталдым, 2017 жылы осы сайтта www.vestnik.cdo.kz «Архитектура» оқу әдістемелік материалымды жарияладым. 2017 жылы аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталдым. Озық іс- тәжірибелеріме тоқталсам: 2016 жылы «Педагогтардың БАҚ-пен жұмыс жасауы» атты тренингтен өттім. 2017 жылы мұғалімдерге арналған сабақтар жинағы сайтында «Пирамида проэкциясы. Пирамида бетіндегі нүктелер» атты авторлық материалдарым жарияланды. 2017 жылы «Бұрандалы шеге» атты авторлық материалым жарияланды. 2017 жылы мұғалімдерге арналған сабақтар жинағы сайтында «Ағашты көркемдеп өңдеу презентация» атты авторлық материал жарияланды. 2017 жылы «Композиция негіздері Бұйымды немесе бұйым бөлшектерін пышақпен алу» атты авторлық материалым жарияланды. 2017 жылы «Ағаш материалдарды өлшеммен сызу» атты авторлық материалым жарияланды. 2017 жылы «Ұлттық құндылықтар-оқушы тәрбиесінің негізі» атты авторлық материалым жарияланды. Сонымен қатар, аудандық семинарларда да  мұғалімдерге  өз іс-тәжірибелерімді ұсынып отырамын. Аудандық семинарда өткен сабақтарым: «Ағашты көркемдеп өңдеу презентация», «Композиция негіздері», «Бұйымды немесе бұйым бөлшектерін пышақпен алу» Білім мен тәрбие сапалы болу үшін әр мұғалім сапалы еңбек ету керек. Соңғы үш жылдағы пән бойынша оқушылардың білім сапасы төмендегідей: 2014-2015 оқу жылдары технология пәнінен білім сапасы – 81 %; 2015-2016 - оқу жылдары технология пәнінен білім сапасы- 85%; 2016-2017 оқу жылдары технология пәнінен білім сапасы -95%. Соңғы үш жылда қызметкердің кәсіптік қызметі нәтижелік динамикасының өскені байқалды. Мектепте технология пәні кабинетінің кабинет жетекшісімін. Сонымен қатар, мектепте ғылыми жұмыстарды ұйымдастырып, дарынды оқушылармен табысты жұмыс істеудемін.Оның дәлелі шәкірттерімнің жеткен жетістіктері: 2017 жылы Техникалық шығармашылығының облыстық көрмесіне қатысқаны үшін Смаил Жасұлан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;2017 жылы Техникалық шығармашылығының облыстық көрмесіне қатысқаны үшін Рақым Жансерік дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды; Сөз сонында айтарым: «Шәкіртсіз ұстаз –тұл»,- демекші алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін.



Технология және сызу пәнінің мұғалімі: Шуленбай М.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет