ҚЫСҚа және ұЗАҚ мерзімді кезеңдерде нарықТЫҚ тепе-тендіктің макроэкономикалық модельдері. Ad-as моделі орындағандар; Утесинов Исламбек Сайлаубаев Ерсултан



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі250,72 Kb.
#119999
1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ
Бизнес жоспар Аяқ киім-WPS Office, ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ, Planirovanie
Р↑, →М/Р↓, →і↑, →І↓, → AD↓.
Пигу әсері (нақты кассалық қалдықтар әсері, немесе байлық әсері), бұл жағдайда бағалар деңгейінің өсуінен нақты байлық көлемі төмендейді, олай болса, тұтыну көлемі қысқарады, сәйкесінше, AD көлемі де қысқарады:
Р↑, →М/Р↓, →С↓, → AD↓.
Импорттық сатып алымдар әсері, бұл жағдайда импорттық бағалардың өзгермеуі кезінде ел ішіндегі бағалардың өсуі экспорттың қысқаруына алып келеді, сәйкесінше, ұлттық экономикада жиынтық сұраныс көлемі де қысқарады:
Р↑, →Е↓, → Xn↓, → AD↓.
Осы аталған бағалық факторлардан басқа AD-ға бағалық емес факторлар да әсер етеді. Бұл факторлардың өзгеруі AD қисығын оңға немесе солға жылжытады.
AD-ның бағалық емес факторлары дегеніміз – сол AD-ның негізгі құрауыштарына, яғни тұтыну шығындарына, инвестициялық шығындарға, мемлекеттік шығындарға және таза экспортқа әсер ететін барлық факторлар.
Тұтыну шығындарына тұтынушылардың шығындар табысы, әл-ауқаттылығы, олардың болашақты күтуі, жеке табыс салықтарындағы өзгерістер сияқты факторлар әсер етеді. Мысалы, тұтынушылардың ақшалай табыстары өскен кезде AD ұлғаяды және қисық оңға жылжиды, керісінше, табыстың азаюы AD қисығын солға жылжытады.
Инвестициялық шығындарға пайыз мөлшерлемелері, субсидиялар, бизнес салықтары, жеңілдетілген несиелер сияқты факторлар әсер етеді. Мәселен, бизнеске деген салықтың өсуі инвестицияны қысқартады, олай болса, жоғарыдағы суретке сәйкес, AD қисығы солға AD1-ге қарай жылжиды. Керісінше, салықтың азаюы AD қисығын оңға AD2-ге жылжытады.
Мемлекеттік шығындарға мемлекеттік саясат әсер етеді. Мемлекеттік шығындардың өсуі AD-ны көбейтіп, қисықты оңға жылжытады, ал керісінше, олардың қысқаруы қисықтың солға жылжуына алып кетеді.
Таза экспортқа валюта бағамдарының өзгеруі, сыртқы нарықтағы жағдайлар сияқты факторлар әсер етеді. Ұлттық валюта бағамының өсуі импортты көбейтіп экспортты қысқартады, нәтижесінде жиынтық сұраныс қысқарып, AD қисығы солға жылжиды. Ал егер ұлттық валюта бағамы төмендейтін болса, онда AD қисығы оңға жылжиды.
Сондай-ақ, AD-ның бағалық емес факторларында ақшаның сандық теориясына сәйкес, ақша ұсынысы және ақша айналымының жылдамдылығы деген факторлар да жатады.
Ұзақ мерзімді кезең – бұл экономикада толық жұмысбастылықтың орын алуын қолдай отырып, тауар бағаларының бейімделе алуын сипаттайтын кезең.
Классикалық үлгі тұрғысынан ұзақ мерзімдік AS қисығы елдің өндірістік мүмкіндіктерін анықтайды және мынадай шарттарға негізделіп құрылады:
Өндіріс көлемі тек өндіріс факторларының санына және қолдағы бар технологияға байланысты анықталады, ал баға деңгейіне тәуелді емес;
Өндіріс факторларындағы және технологиялардағы өзгерістер өте баяу жүзеге асырылады;
Экономика өндіріс факторлары толық қамтылған жағдайда жұмыс істейді, және сәйкесінше, өндіріс көлемі өзінің потенциалды көлеміне тең болады;
Бағалар мен атауы жалақы икемді, олардың өзгерістері нарықтардағы тепе-теңдікті ұстап тұрады.
Назарларыңызға рақмет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет