Балалар, сендер Отан туралы, ел, туған жер туралы қандай мақал мәтел білесіңдер?
Иә, біздің тарихымыз ерлікке бай, еліміздің бостандығы үшін күрескен батырларымыз, бабаларымыз аз болған жоқ. Олар жерін, елін жаудан қорғап қалу мақсатында жан аямай күресті. Бүгінгі біздің ұлт болып қалыптасуымызды көздеген небір көсемдер ел қамы үшін, түн ұйқысын төрт бөліп, ат үстінен түспей, қолдағы найзасынан бір сәт ажырамаған.
Монғол- татар шапқыншылығы - бұл қазақ халқының өміріндегі сұмдық ауыр кезең болды.
Бүгінгі тақырып жөнінде жалпы не білесіңдер?
Оқушылар Шыңғысхан жөнінде білетіндерін айтады.
Көшпелі тайпаларға сатылай кешенді талдау.
1.Орхон, Керулен өзендері бойын мекендеген көшпелі тайпаларға талдау.
Керейт;
Найман;
Жалайыр;
Меркіт;
Қоңырат;
Татар;
Жалпы монғол;
Осы тайпалардың ішінде жалпы монғол тайпасы Шыңғысханның шыққан тегін білдіреді.
2. Монғол мемлекетінің құрылуы, хронологиялық талдау.
1155ж. (1162ж.) Темучиннің тууы.
1189 – 1206ж.Көршілес тайпаларды бағындыру жорықтары.
1206ж. монғол мемлекетінің құрылуы. Темучиннің Шыңғысхан атануы.
Монғол империясының қоғамдық құрылысы
Шыңғысхан (жеке билік)
Әскери әкімшілік аймақ
Оң қанат (барунгар) Орталық қанат (кул) Сол қанат (жоңғар)
95 түмен әкімшілік
Түмен
Мыңдық
Жүздік
Ондық
«ЖИГСО» әдісі бойынша
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында екі топқа тапсырма
Тақырыбы: І-топ Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
ІІ-топ Жаулап алудың зардаптары. Ұлыстардың құрылуы.
«Ойлан бірік. бөліс» арқылы тақырыпты талдау.
Тақырыптың мағанасы мен идеясын талдау үшін әр топқа тапсырма беріледі, әр топ өз тапсырмасын орындаған соң екінші топқа ұсынады
Кесте толтыру: «Оқиғалар ізімен» «Ұлыстардың құрылуы»
1207-1208 жж.______________________________________ Ұлыстар Территориясы
1207-1209 жж.______________________________________ Жошы ұлысы
1211-1215 жж.______________________________________ Шағатай ұлысы
1217 ж. ______________________________________________ Үгедей ұлысы
1218 ж. ______________________________________________ Төле ұлысы
1219 ж. ______________________________________________
1219-1224 жж. _____________________________________
Сергіту сәті «Вагон құру» ойыны
Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1-2 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді
«Бір сәт картаға үңілсек» Кескін картамен жұмыс.
Моңғолдардың шапқыншылық жорықтарын кескін картадан көрсетемін
І –топ. Моңғол шапқыншылығының бағыттары мен жылдарын көрсетіңдер.
ІІ- топ. Моңғол шапқыншылығы кезінде қиратылған қалаларды жазыңдар.
|