Қысқа мерзімді жоспар Бөлім



Дата01.03.2022
өлшемі27,44 Kb.
#133791
Байланысты:
13 сабақ. XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым


Қысқа мерзімді жоспар



Бөлім:

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым



Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым.
Зерттеу сұрағы: Білім мен ғылым саласының қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.3.2 кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау;
8.2.3.3 XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдау

Сабақтың мақсаты

-ХХ ғ. І жартысындағы Қазақстанда білім мен ғылым саласының дамуын сипаттай отырып, жетістіктері мен кемшіліктерін талдап, маңыздылығына баға беру;
-Кеңестік саясаттың қазақ тіліне тигізген әсерін анықтау.

Бағалау
критерийлері



Бағалау критерийлері:
Білу және түсіну:
-ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы «Сауатсыздықты» жою шараларын сипаттайды;
-Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының ашылуын біледі.
Қолдану:
--Кеңес үкіметі тұсындағы қазақ тілінің мәселесін анықтайды.
Талдау:
Білім саласындағы жетістіктер мен кемшіліктерді талдайды

Тілдік мақсаттар



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • бірыңғай еңбек мектептері,

  • сауаттылық, техникум,

  • алғашқы жоғары оқу орындары,

  • институт,

  • атеизм,

  • идеология,

  • ұлттық сана-сезім

  • мәдениет

Құндылықтарды дарыту



- патриотизм
- төзімділік
- ұлттық сана-сезім
- тәуелсіздік
- Еңбек және шығармашылық



Пәнаралық байланыстар



Дүниежүзі тарихымен байланысты.

Бастапқы білім


Ұжымдастыру дәстүрлі құндылықтарға қалайша әсер етті?



Сабақ жоспары



Оқушылар!
Кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтаймыз;
XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдаймыз






Кеңестік ғылымның қалыптасуы
Кеңестік қазақ мемлекеттілігі құрылғаннан кейін түрлі ведомстволық мекемелер, Орынбор секциясы ғылыми–зерттеу жұмыстарымен айналыса бастады. Ғылыми қызметті ұйымдастыру және жетілдіру үшін зиялылар 1920 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамына біріктірді. Біраз уақыттан соң белсенділер саны 80 адамға жетті.Еліміздегі қоғамдық бастамамен пайда болған ғылыми ұйымда негізінен гуманитарлық сипаттағы зерттеу жұмыстары басым болды.

3 слайд

Қазақ өлкесін зерттеу қоғамның мүшелері А.Чулошников, Ф.Рязанов, Ә.Диваев, М.Тынышбаев, В.Бартольд, В.Радлов, М.Дулатұлылардың алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді.

4 слайд

20–жылдарда Қазақстанда алғашқы ғылыми–зерттеу мекемелері: Химия–биологиялық зертхана, Өсімдіктерді қорғау өлкелік стансысы, Санитарлық–бактериологиялық институты, Тыңайтқыштар және ауылшаруашылық топырақ зерттеу институты пайда болды. 1932 жылы КСРО ҒА –ның қазақстандық базасы құрылды.

5 слайд

Қазақстандық базаның тұңғыш төрағасы болып академик, түріктанушы А.Н.Смайлович тағайындалды. Жанынан түрлі бағыттағы ғылыми–зерттеу институттары ашылған қазақстандық база 1938 жылы КСРО ҒА–ның Қазақ филиалына айналды. 30–жылдары жергілікті ғалымдар да қалыптаса бастады. Профессор ғылыми атағы аса көрнекті қазақ тарихшысы С.Асфендияровқа берілді. Ол 1935 жылы жарық көрген көне заманнан бүгінгі дейінгі «Қазақстан тарихының» 1–бөлімін жазып шықты.

6 слайд

Қазақ тіл білімінің дамуында профессор Қ.Жұбанов жетекші орын иеленді. Қазақ ғылымының жас өкілі Қ.Сәтбаевқа да ғылымға сіңірген еңбегі үшін геология –минералогия ғылымдарының докторы атағы берілді. 1940 жылға қарай Ресей ғалымдарының қолдауымен елімізде 57 ғылыми мекеме ашылып, онда 1726 ғылыми қызметкер жұмыс істеді.

7 слайд

Сауатсыздықты жою
1919 жылы Халық Комиссарлары Кеңесі Сауатсыздықты жою туралы Дектерке қол қойды. Мемлекет ауылға жаппай мәдени жорық ұйымдастыруды жариялады. 1920–1921 оқу жылында Қазақстанда 2,5 мыңға жуық сауатсыздықты жою пункттерінде 70 мыңдай адам оқыды. Сауатсыздықты жоюдың көшпелі пункттері, әйелдер арасындағы сауатсыздықты жою үшін қызыл отаулар, коммуна мектептері, мектеп–интернаттар, рабфактар құрыла басталды.

8 слайд

Оқу жоспары бойынша үлкендерге әріп танытып, өзі тұратын жерде жұмыс істей алатындай мамандықтар берілді.Сауатсыздықты жою бойынша мемлекеттік бағдарламаны насихаттауда «Сауатсыздық жойылсын» жалпы одақтық қоғамы үлкен рөл атқарды. Қоғамның қазақстандық филиалы 1924 жылы құрылды. 1925 жылға қарай республикада құрамында 77800 адамы бар 882 ұйымы жұмыс істеді.1927–1931 жылдары Түрксіб жұмысшылары үшін сауатсыздықты жою пунктері ашылды.

9 слайд

Республикадағы жергілікті қазақтар негізінен жайлаудағы жылжымалы сауатсыздықты жою пункттерінде оқып, сауат ашты. Сауатсыздықты жою бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүргізу барысында қазақтар арасындағы сауаттылық 6,9 %, орыстар арасында 36%, ал жалпы сауаттылық деңгейі 17,8% құрайтыны аңықталған. 1931 жылдың желтоқсан айында 15–50 жас аралығындағы ересек адмдардың бәрін жаппай оқыту енгізілді, бірақ бұл науқан Қазақстанда жүрмей қалды.

10 слайд

Қазақтардың көбі тоталитарлық жүйенің ақылға сыйымсыз саясатының салдарынан орын алған 1931-1933 жылдардағы аштық кезінде отырған қоныстанған жерлерінен көшіп кетуге мәжбүр болды. Кеңес билігінің халық арасындағы сауатсыздықты жою науқанының жағымды жақтары 1928 жылы латын жазуына көшкен кезде тағы да біршама төмендеп қалды.
https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/8-synyp/xx-hasyrdyng-2030-zhyldaryndahy-bilim-beru-zhujesi-men-hylym?mid=c6d9ee60-ea5d-11e9-a608-bdd56c1e34e7
00,0-2,30 аралығы

11 слайд
Видео

1 тапсырма
Жылдармен жұмыс:
1921-1927 жылдары
1928 жылы
1930-1931жылдары.
1939 жылы.
1926 жылы



12 слайд



Жауабы:
1921-1927 жылдары 200 мыңға жуық адам сауатын ашты.
1928 жылы барлық халықтың 28 % сауатты болды, ал қазақтар арасында 10 % ға құрады.
1930-1931жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді.
1939 жылы Сауатты адамдардың үлесі 65% ға жетті, ал қазақтар үлесі 40 % ға жетті.
1926 жылы ҚАЗАҚ АКСР халық комиссарлар кеңесі «қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысы» қабылданды.



13 слайд

2 тапсырма
Оқушылар не себепті кеңестер арасында Қазақстан арта қалды.

14 слайд

Жауабы:
Мұнын себебі-зиялы қауымды жазалап, елді ашаршылыққа ұшыратқан тоталитарлық жүйенің саясаты болды.

15 слайд



3 тапсырма:
КСРО ҒА – ның қазақстандық базасында қандай ғалымдар қызмет етті.

16 слайд

Жауабы:
А.Н.Смайлович , С.Асфендияров, Қ.Жұбанов, Қ.Сәтбаев.

17 слайд

Қорытынды:
Кеңестік ғылымның қалыптасуын білдіңіз;
Кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтадық;



18 слайд


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет