Қысқа мерзімді жоспар Пән: Химия Мұғалімнің аты-жөні



бет1/4
Дата17.11.2022
өлшемі41,71 Kb.
#158732
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
totyu totysyzdanu reakcijalaryny trleri


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Химия

Мұғалімнің аты-жөні: Алымова А.Н

Күні: 14.11.2020ж

Сынып:10 «Ә»

Оқушы саны: 26

Сабақ тақырыбы

§44Тотығу –тотықсыздану реакцияларының түрлері

Сабақтың оқыту мақсаттары

-Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды анықтау
-Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін білетін боламыз

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
-Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды анықтайды
Көпшілік оқушылар:
-Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін білетін болады
Кейбір оқушылар:
-Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін ажырата білетін болады

Құндылықтарды дарыту

-Жауапкершілікке үйрету, әрбір берілген тапсырманы тиянақты орындауға бағыттау;
-Оқушының белсенді ақыл-ой ізденістерін ынталандыру;
-Серіктестікті қалыптастыру



Бағалау критерийлері

-Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды анықтайды
-Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін білетін болады
-Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін ажырата білетін болады

Тілдік мақсаттары

Тотығу дәрежесі,тотығу,тотықсыздану,электрондардың ауысуы

Алдыңғы оқу

§43

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
0-5минут


5-9минут «Жылы лебіз!»
(Сергіту сәті )


9-12 минут
« Кім жылдам?»» әдісі

Түсіндіру әдісі:
12-18минут

Сабақтың ортасы
18-26минут

26-30минут

30-33минут

Қалыптастырушы бағалау


33-36 минут


Сабақтың соңы
36-38минут
Рефлекци
Үйге тапсырма
38-40 минут



1.Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен амандасу;
-Оқушыларды түгендеу
Сабақтың басында мұғалімдер:
- Оқушының назарын сабаққа аудара алады;
-Оқушылармен оқу мақсатын талқылау
-Оқушылармен өткен тақырыпты қайталау
«Жылы лебіз!»
Шарты: шеңбер болып тұрып,оқушылар сабақ басында бір-бірлеріне деген өздерінің жылы лебіздерін жеткізеді
1. Тотығу дәрежесі +4 ке тең
а) CO2 ә) K2O б) HF в) H2O
2. Қай қосылыста элементтің тотығу дәрежесі нольге тең ?
а) FeS ә) F2 б) CaF2 в) Ca3(PO4)2
3. Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықта
а) KClO3 ә) HClO4 б) HCl в) Cl2
4. Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі
а) үнемі оң б) бірде оң, бірде теріс
ә) үнемі теріс в) нольге тең
5. Күкірттің төменгі тотығу дәрежесі неге тең?
а) -6 ә) -4 б) -2 в) 0


Дескриптор
-Тотығу дәрежесі +4 ке тең қосылысты біледі
-Тотығу дәрежесі нольге тең элементті біледі
- Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықтайды
-Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесін біледі
Күкірттің төменгі тотығу дәрежесін анықтайды
Жауабы:
1 а



Қандай заттар тотықтырғыш , ал кандай заттар тотықсыздандырғыш болуы мүмкін ? Бұл заттың құрамына кіретін элементтердің тотығу дәрежелерінің мәніне байланысты. Көптеген күрделі заттардың құрамына кіретін кейбір элементтердің тотығу дәрежесі тұрақты болады. Бұл элементтерге тотығу дәрежелерінің өзгеруі тән емес . Сондықтан заттардың құрамында бұл элементтердің болуы , олардың қасиеттеріне әсерін тигізбейді . Тотығу дәрежелері ауыспалы элементтер электрондарды беру немесе қосып алу процестеріне қатысады . Сондықтан күрделі заттардың қасиеттері олардың құрамында тотығу дәрежесі ауыспалы элементтердің болуына байланысты .Тотығу - тотықсыздану реакцияларында тотығу дәрежелері жоғары атомдар тек қана тотықтырғыш , тотығу дәрежелері төмен болса,тек қана тотықсыздандырғыш,ал тотығу дәрежелері ауыспалы атомдар реакция типіне және оның жүру жағдайына байланысты тотықтырғыш та,тотысыздандырғышта болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет