Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.
Психологиялық ахуал
Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Оқушыларды топтарға бөлу
Ол үшін заттардың суреттерін пайдаланамын: ойыншықтар, көліктер, жемістер, бунақденелілер. Суреттерді 4 топқа бөлемін.
1.Көбелек, қоңыз, шегіртке, ара
2.Қуыршақ, зырылдауық,пирамида, қалақ
3.Ұшақ,машина,кеме, пойыз
4.Таңқурай, құлпынай,қарақат, шие,бүлдірген.
-Біз топқа қалай бөлінідік?
Бірінші топ ойыншықтар, екінші топ көліктер, үшінші топ жемістер, төртінші топ бунақденелілер болып бөліндік.
Оқушылар флипчартқа суреттерді жабыстыру арқылы жиын құрайды.
Жиындар қатары тең бе? Қай жиын тең?
Балалар біз топқа неліктен осылай бөліндік деп ойлайсыңдар?
-Біз затардан не құрадық? Жиындар
-Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз тең жиындар және оларды салыстыру.
|