Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі Кемалова Айгуль Сагинаевна



бет1/3
Дата06.07.2018
өлшемі436,66 Kb.
#47395
  1   2   3
Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі Кемалова Айгуль Сагинаевна

Күні: 17.09.2015ж.

Пәні: қазақ әдебиеті

Класы: 9 "Ә"

Тақырыбы

Сәбидің дүниеге келуіне, үйленуге байланысты өлең-жырлар

Мақсаты

Сәбидің дүниеге келуі мен үйленуге байланысты туған жырлар туралы түсінік бере отырып, оқушыларды ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, оқушылардың тіл байлығын арттыру, тапқырлыққа баулу.

Күтілетін нәтиже

- Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі, тақырыпты аша алады, ережеге

бағынады, бір-бірін тыңдай біледі;

- Тұрмыс-салт жырларының негізгі түрлерін ажырата алады;

- Өз ойларын еркін жеткізе алады.



Сабақтағы әдіс-тәсілдер

Сұрақ- жауап, диалог. АКТ, СТО стратегиясы, жеке, жұптық, топтық жұмыс, бағалау

Уақыты

Сабақтағы іс-әрекет

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе бөлімі

5 минут

1. Сергіту сәті. "Мен қазақпын"

2. 4 топқа бөлу (шаңырақ, бесік, жылқы, домбыра).





Суреттер топтамасы (шаңырақ, бесік, жылқы, домбыра).

Жаңа материалдардың

таныстырылымы

7 минут

9 минут


2 минут
5 минут

9 минут
5 минут


1. Үйге берілген тапсырма: Төрт түлік мал, еңбек, аңшылыққа байланысты өлең-жырлар.

Үй тапсырмасын



"Конверттегі сұрақ" арқылы сұрау

2. Мағынаны таны.

«Жигсо-1» стратегиясы. Бөлінген топтың әрқайсысына мәтіндер беріледі. Оқушылар мәтіндерді ретімен қиыстырып, түгел мәтінді оқиды. Әр топ өзіне берілген кесіндінің мазмұнын, мағынасын айтады.

Тренинг. "Көңіл күйімізді жаттықтыру"
3. "Топтастыру"

1. Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең-жырлар -  бесік жыры, тұсаукесер жыры, атқамінер жыры 

Үйленуге байланысты өлең-жырлар-тойбастар, жар-жар, беташар, сыңсу

4. Ой толғаныс
І топ-«Ата салтым-асыл қазынам». Эссе жазу

ІІ, IV топ топ - Дидактикалық ойын: "Заттарды дұрыс орналастыр"


ІІІ топ - "RAFT" стратегиясы

5. Кері байланыс

"Екі жұлдыз, бір тілек"


"Үш шапалақ" арқылы бағалау әдісі
"Бас бармақ" бағалау әдісі

Топ басшысының бағалауы



Плакат, маркер, суреттер топтамасы, дидактикалық материалдар, оқулық, тақта, тест, стикерлер


Үйге тапсырма 3 минут

"Салт-дәстүрімізді сақтай білейік" өз ойын жазып келу

Не сәтсіз өтті?

Болашақта оқушыларға "әр тұлғаның ойы құнды" екенін саналарына сіңіру және тыңдау әдебі керек екенін түсіндім. Осы әдісті пайдаланудағы сәтсіз тұсым кей оқушылардың ойын білдіруде нақтылық болмады.

Не сәтті өтті?

Ал сәтті өткен тұсы оқушылар бірлесе сұрақты талқылаулар арқылы олардың ынтымақтастығы арта түсті. Себебі, сөйлеспейтін оқушылар бірлесе жұмыс жасады.

Нені дамыта аласыз?

Кейін оқушыларға жан-жақты сұрақты ашатындай нақты дәлелмен сөйлеу дағдысын дамыту қажет екенін ұқтым.


"Көңіл күйімізді жаттықтыру"
Мақсаты: Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл күйімізді жатықтыруға арналады.

Жүргізуші: Бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен
сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.
1. Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін көрсетіңіздер 
2. Қатты қорқу қажет. Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан түсіп қалған балапан сияқты, мысықтан қорыққан тышқан сияқты және иттен қорыққан баланы бет-әлпеттеріңмен көрсету қажет
3. Жылап тұрған адамды көрсету керек
4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету
5. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу

5-минуттық эссе. Жазба тапсырманың бұл түрі әдетте сабақтың соңында оқылған тақырып бойынша өз білімдерін қорытуға көмектесу үшін қолданылады. Оқытушы үшін – бұл кері байланыс алу үшін мүмкіндік. Сондықтан оқушыларға екі пункт ұсынуға болады:

1) жаңа тақырып бойынша олардың не білгенін жазу;

2) олардың жауап ала алмаған бір сұрағын қою.

 

4. Тұрмыс-салт жырларының бір түрі – сәбидің дүниеге келуіне байланысты туған өлең-жырларға шілдехана жыры, бесік жыры, тұсаукесер жыры, атқамінер жыры жатады.


5. Тұрмыс-салт жырларының келесі түрі – үйлену салтына байланысты туған өлең-жырларғажар-жар, тойбастар, беташар, сыңсу, т. б. жатады.

 

Тұсаукесер батасы:

 

Тұсауыңды кесейін,

 Салып ата салтына

 Жалтақтамай аяқ бас.

 Шілдехана батасы:

 Құтты болсын бесігің,

 Аштың өмір есігін.

 Батамды оңдап берейін,

 Азамат бол мерейлі!


Қорытынды

Балалар екі топқа бөлінеді.


1-топ – «40 - шығару» салт - дәстүріне қажетті заттарды алады, суреттің қасына қояды.
2- топ –«Бесікке салу».
Тәрбиеші: - «Бесікке салу» дәстүрін өткізу үшін қандай заттар керек?
Балалар: - бесік, май шам, пышақ, жастық, көрпе....
Тәрбиеші: - «40 - шығару»дәстүрін өткізу үшін, қандай заттар керек?
Балалар: - леген, су, қайшы, қасық....
Тәрбиеші: - Топтастырып қойдық, бірақ қайшы, түсті жіптер қалып қойды. Неге? Қажет емес пе? Бұл заттар қажет, бірақ басқа рәсімге. Балалар, (суретке назар аударып) ал осы салт - дәстүрді кім біледі? Біз бүгін жаңа салт - дәстүрмен танысамыз.
Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды.
4-оқушы:
Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.
Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.

5-оқушы:
Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.


Тұсау кесер жырлары айтылады.

... Қаз, қаз балам, қаз балам,


Қадамыңды жаз, балам
Әнекей, ақ бесік.
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді салайын,
Сылдырмағын тағайын.
Жібек көрпе жабайын,
Бауық барқыт пүліштей
Балдақтарың күмістей,
Жабдығыңмен сыйлысың.
Жатса бөпем жайлысын,
Көсем сенен өседі
Жайлы болсын төсегі.
Сабақ барысы: 1. Тақтаға «Бала тәрбиесі бесіктен» деген жазуы бар плакат ілінеді. Сонымен қатар, Көмек Ыбыраевтың өлеңі ілінеді.
Қайта оралмас жас күнің,
Бұл атам сөзі күндегі.
Қазақтың салтын, дәстүрін,
Жалғастыр, балам, ілгері.
Сабақтың ұранынан соң сын тұрғысынан ойлаудың ішкі құрылымы 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі ілінеді.

Сын тұрғысынан ойлау


Қызығушылықты ояту Мағынаны тану Ой толғаныс
1. Ой қозғау 1. Мәтінмен жұмыс «Түртіп өзіне, басқасын көзбен алу» қарау.
2. Топтастыру V - білімін 1. түсініктеме күнделігі
+ жаңалық
(жаңа ақпарақ ) 2. Еркін жазу әдістері
? мені таңқалдырады

1. Қызығушылықты ояту кезеңі

2. Мағынаны тану. Жигсо
Әрбір топқа бос тақырыпшалары жазылған парақшалар таратылады. Сол парақтың бос жерлерін бір-бірімен ақылдаса отырып толтырып шығады, содан соң, бір оқушы (топ басшы) шығып қорғайды.
RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с
4. Ойтолғаныс кезеңі:
• Пікір – талас: - Балалар, бағанадан бері біз бала құқығы, еркіндігі, бостандығы туралы айтып жатырмыз. Ал, олай болса біз сендерден мектеп формасын киюді талап етеміз. Қалай ойлайсыңдар мектеп формасын киіп жүру керек па керек емес пе ?

Біздің қарарымыз: «Мектеп формасын кию керек»


1, 2 –топ жақтаушы топ тар/3, 4 – даттаушы топтар.

«Түртіп алу» жүйесі


Білемін
V Білдім
+ Білгім келеді
? Білмейтінім

Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті



Сабақтың мақсаты:

1.Халық ауыз әдебиеті,оның түрлері бойынша алған білімдерін қайталау

2.Салт-дәстүрді қастерлеу,дәріптеу.

3.Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу,оқушылардың тіл байлығын арттыру,тапқырлыққа баулу.



Сабақтың түрі:модульді сабақ

Сабақтың көрнекілігі:слайд материалдары,интерактивті тақта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.

Мұғалімнің сөзі:

Бүгінгі сабағымызды көркем ойлау мен көркем сөздің озық ойлы үлгісі ретінде қалыптасқан халық ауыз әдебиеті тақырыбына арнаймыз. Сынып екі топқа бөлініп, «Бақытты сәт» ойынына қатысады.

І топ – «Мұрагер» тобы

ІІ топ – «Талапкер» тобы

«Қораптан шыққан басқатырғылар»

Кішкене қорапқа нөмірленген жетон салынған.Тапсырманы топ мүшелері бірігіп орындайды.

1. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығын ата.

2. Жар-жар жыры ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?

3. Тойбастар қандай жыр?

4. «Көкжендет» қай жырдың түрі?

5. Бесік жыры қандай жырға жатады?

6. Үйлену салтына байланысты қандай жырдың түрлерін білесіңдер?

«Талапкер» тобына арналған сұрақтар:

1.Сыңсу қандай жыр?

2.Бастаіғы қандай салт-дәстүр?

3.Көңіл күйін білдіретін өлең түрлерін ата.

4.Беташар қандай жырға жатады?

5.Жоқтау өлеңінің тақырыптық ерекшелігін айт.

6.Бата дегенді қалай түсінесіңдер?

7.Сәбидің дүниеге келуіне байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

8.Ертегінің түрлерін ата.

9.Аңыз әңгімелердің қандай ерекшелігі бар?

10.Батырлар жырының тақырыбы.

ІІ гейм. Сөзжұмбақ «Ертегі»


  1. Ребус шешу.

  2. «Бақытты сәт»/Бұл жетонды алған оқушыға сыйлық беріледі/

  3. Батырлар жырынан үзіндіні мәнерлеп оқу.

  4. Тұрмыс салт жырларын мәнерлеп айту

ІІІ гейм. «Жұмбақтас» Берілген сұраққа жылдам жауап берген топ ұтады.Жауап беретін топ жалауша көтереді.

  1. «Ер Тарғын» жырындағы жыраудың аты.

  2. Ақжүніске таласқан қарт батырдың есімі.

  3. Ер Тарғынның тұлпары

  4. Лиро-эпостық жырдың тақрыбын ата.

  5. Төлеген елінен кім үшін аттанды?

  6. Төлегеннің ажалы кімнен болды?

  7. Шешендік сөздің ерекшелігін айт.

  8. Қандай шешен- билерді білесіңдер?

  9. Төле би қай жерде дүниеге келген?

  10. «Өркенім өссін десең,

  11. Кекшіл болма-

  12. Кесапаты тиер еліңе...» Бұл кімнің сөзі?

  13. Айтыстың түрлерін ата.

  14. Салт айтысы нешеге бөлінеді?

  15. Айтыскер ақындарды ата.

ІV гейм. «Сен- маған,мен- саған».Топтағы оқушылар өздері дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қояды.

V гейм. «Көсемдікке ұмтылу»

Асқар таудың өлгені-

Басынан бұлттың асқаны.

Ай мен күннің өлгені-

Еңкейіп барып батқаны.

Топ басшылары өлеңді жарыса оқиды.



Қорытындылау.Ұпай сандарын есептеп,жеңімпаз топты анықтау.

Оқушыларды бағалау.

ІІІ. «Шеңбер бойымен әнгімелеу» ойыны

Ойын шарты: барлық оқушылар шеңбер бойымен отырады. Араларынан бір жүргізушіні сайлап алады. Ойын басында тақырып таңдап алынады. Жүргізуші ортаға шығып , көзін жұмып, кез келген ойыншыға нұскайды. Жүргізуші нұсқаған оқушы алынған тақырып бойынша бір сөйлем айтады. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әр ойыншы бір-бір сөйлемнен айта береді. Егер жауапта қате жіберілсе, келесі оқушы түзетуге тиіс. Жауаптарды толықтыруға болады. Ойын сонында ең белсенді оқушы анықталады.

Конверттегі сұрақтар

"Наурыз жыры" қай кезде айтылады?

Урус капка,
Тәрәзәң япма,
Әйтәбәз нәүрүз!
Ярлыкасын ходай,
Нардуган бүгән
Әбекей соен,
Нәүрiш , –
деп әндететiн қай халық?

"Наурыз жыры" жөнінде әңгімелеп бер



Наурыз жырын мәнерлеп оқып бер

Қазағым, наурызың құтты болсын,


Көтерген шаңырағың биік болсын.
Тілектері ұлтымның қабыл болып,
Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын.
Наурыз тойы- ақ батаның бастауы,
Береке мен бірліктің жалғасуы.
Жеті түрлі қасиетті дәмменен,
Байтақ елдің бір толады астауы.
Наурыз келіп көктем сазы білінер,
Ойнап- күлген жас балалар жүгірер.
Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,
Наурыз ай шаттықпенен нұр берер.

Бесік жыры – ананың балаға деген ыстық мейірімі мен аналық махаббатын көрсететін тұрмыс-салт жырының бір түрі. Ана сәбиінің бесігін тербетіп отырып:

 

Әлди, бөпем, әлди-ай!

 Айналайын, шырағым,

 Көлге біткен құрағым,

 Жағамдағы құндызым,

 Аспандағы жұлдызым,

 Әлди, бөпем, әлди-ай.!

 Құрығыңды майырып,

 Түнде жылқы қайырып,

 Жаудан жылқы айырып,

 Жігіт болар ма екенсің?–

 деп, баласына деген аналық сезімін, одан күтер үмітін, артар сенімін өлең арқылы білдіреді.

Жалпы ата - бабамыз бесікті қасиетті, құтты мүлік деп есептеген. Мұны бабаларың Төле бидің мына бір әңгімесінен байқауға болады: Жоңғарлар шапқыншылығынан соң тоз - тоз болған ел таулы жаққа қарай босып, үдере көшкенде, екіқабат жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төлемен қатар келе жатқан кісі: «Мына бейшараның көрпе - жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны - ай», – дегенде, Төле би: «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі ғой», – деген екен.

Бесік жыры тұрмыс салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Бесік жырының басты қызметі-бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан-жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұны мен әуені өзгертілмей орындалады. Олар: «Әлди, әлди ақ, бөпем,, Ақ бесікке жат бөпем!» деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады.



Бесік тек қана қазаққа тән емес, ол Орталық Әзұя, Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендеген көп халықтың ұл мен қызын ұйықтатып, оянғанда қолын шешіп ойнатып, анасының ақ сүтін беріп, тіл-көзден сақтайтын ағаш төсегі. Тек олардың әр халықта жасалу ерекшеліктері түрліше болып келеді. Қазақтар бесікті қарағай, қайыңнан, талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесікте жатқан бала әрі таза, әрі жылы жатады.

Бесіктің құрылысы

1.Алдыңғы басы


2.Артқы басы
 


3. Белағаш



4. Қайқы табан
 


6. Жақтау



7. Тақтайша
 

Бесіктің жабдықтары

1. ЖӨРГЕК

2. ҚҰС ТӨСЕК

3. ЖАСТЫҚ

4. КӨРПЕ

5. ЖАЯЛЫҚ

6. ЖҰМСАҚ ЖАСТЫҚШАЛАР

7. ҚОЛБАУ, ТІЗЕ БАУ

Бесіктің құрылысы



Бесіктің жабдықтары




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет