Қысқа мерзімді жоспар Пәні: информатика Сыныбы



Дата09.02.2023
өлшемі57,65 Kb.
#168206
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ




Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: информатика
Сыныбы: 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Презентациялар. POWER POINT программасы, мультимедиалық презентацияларының конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.


Сабақтың мақсаты: Бағдарлама мүмкіндіктері туралы түсіндіру, слайд және презентация анықтамаларымен таныстыру.
Microsoft Оffiсе дестесінің қосымшаларымен жұмыс істеу білімдерін дамыту. Ой-өрісін, танымдық қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: Microsoft PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктері туралы және презентацияны ойлап шығаруды түсінеді, слайд және презентация анықтамаларымен танысады, шығармашылық белсенділігі артады;
Сабақ көрнекілігі: АКТ, флипчарт, стикер, маркерлер, жапсырғыштар, оқу құралдары.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топқа бөлу әдісі, инсерт әдісі. Көрнекілікпен жұмыс. Демонстрация
Кіріктірілген модульдер: Оқыту мен оқудағы көшбасшылық, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. СТО. жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, АКТ.





Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті



Оқушылардың іс-әрекеті

Уақыт


Психологиялық
дайындық

Тренинг «Гүл сыйла». Оқушыларға гүлдер таратып беріледі. 

Әр оқушы гүлді алып өзінің қалауы бойынша біреуге сыйлауды ұсынады және әр қатысушы “Мен …. (атын атау) мына гүлді сізге сыйлаймын, өйткені сіз ең….” деген сөздер айтуы тиіс.

3 мин


Ұйымдастыру
кезеңі

Топқа бөлу. Топқа бөлемін де топтық ереже туралы еске түсіреміз

Сыйға алған гүлдер бойынша 3 топқа бөлінеді.
Топбасшы сайланады.

2 мин


Өткен сабақты қайталау

Тест. Интерактивті тақтада 10 сұрақтан тұратын тест беріледі.
Дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.

Оқушылар параққа белгілеп , дұрыс варианттарын интерактивті тақтадан өз жауаптарын тексереді. Өзін-өзі бағалайды, топбасшыға ұпай санын айтады
Топбасшы бағалау парағына бағалап отырады.

5мин


Жаңа сабақ



Презентация ұғымы. Көрме.
Бағдарламаның арналу мақсаты мен терезе элементтерімен таныстыру. Слайдтық көрсетілім арқылы тақырыпқа шолу жасаймын да топ бойынша постер құруға уақыт беремін.

Дәптерге қажетті ақпаратты жазып отырады. Жаңа материалды меңгереді. Жаңа дереккөздермен танысады.

7мин


Топтық жұмыс

Постермен жұмыс. Үш топқа да бір тақырыпта тапсырма ұсынылады.
«Мен салауатты өмір салтын ұстанамын!»

Оқушылар өз топтарымен бірлесе отырып жұмыс жасайды, өзара идея алмасады, өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. Постерді көрнекі түрде бейнелеп, қорғайды.

15 мин


Жаңа сабақты
пысықтау

Жаңа сабақ бойынша сұрақ-жауап, 9 сұрақ беріледі
«Сынып көшбасшысы» ойыны.

Үш топтың топбасшылары жарысады, қай топтың басшысы берілген сұрақтарға толық жауап берсе, сынып көшбасшысын оқушылар бағалайды, жауап санына қарай ұпай алады.

5 мин




Жаңа сабақты қорытындылау

Инсерт кестесін тарату. Жаңа материалды қалай меңгергендері сарапталады.

Білемін, білдім, білгім келеді. Осы кесте бойынша тақырыпты қалай меңгергендерін көрсетеді, нені үйренгісі келетіні туралы мәліметті хабардар етеді, нені қайдан іздейтіні туралы ақпарат береді.

3 мин


Бағалау

Жиынтық баға

Өзін-өзі бағалау, топбасшылар бағалауынан алынады.

3 мин


Үйге тапсырма

Бағдарламада өз бетінше жұмыс жасау. Келесі сабаққа материал дайындау.

Берілген тапсырманы өзбетінше ізденуге дағдыланады, дайындалады.

1 мин


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет