№
|
Кезеңдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Уақыт
|
|
Психологиялық
дайындық
|
Тренинг «Гүл сыйла». Оқушыларға гүлдер таратып беріледі.
|
Әр оқушы гүлді алып өзінің қалауы бойынша біреуге сыйлауды ұсынады және әр қатысушы “Мен …. (атын атау) мына гүлді сізге сыйлаймын, өйткені сіз ең….” деген сөздер айтуы тиіс.
|
3 мин
|
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Топқа бөлу. Топқа бөлемін де топтық ереже туралы еске түсіреміз
|
Сыйға алған гүлдер бойынша 3 топқа бөлінеді.
Топбасшы сайланады.
|
2 мин
|
|
Өткен сабақты қайталау
|
Тест. Интерактивті тақтада 10 сұрақтан тұратын тест беріледі.
Дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.
|
Оқушылар параққа белгілеп , дұрыс варианттарын интерактивті тақтадан өз жауаптарын тексереді. Өзін-өзі бағалайды, топбасшыға ұпай санын айтады
Топбасшы бағалау парағына бағалап отырады.
|
5мин
|
|
Жаңа сабақ
|
Презентация ұғымы. Көрме.
Бағдарламаның арналу мақсаты мен терезе элементтерімен таныстыру. Слайдтық көрсетілім арқылы тақырыпқа шолу жасаймын да топ бойынша постер құруға уақыт беремін.
|
Дәптерге қажетті ақпаратты жазып отырады. Жаңа материалды меңгереді. Жаңа дереккөздермен танысады.
|
7мин
|
|
Топтық жұмыс
|
Постермен жұмыс. Үш топқа да бір тақырыпта тапсырма ұсынылады.
«Мен салауатты өмір салтын ұстанамын!»
|
Оқушылар өз топтарымен бірлесе отырып жұмыс жасайды, өзара идея алмасады, өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. Постерді көрнекі түрде бейнелеп, қорғайды.
|
15 мин
|
|
Жаңа сабақты
пысықтау
|
Жаңа сабақ бойынша сұрақ-жауап, 9 сұрақ беріледі
«Сынып көшбасшысы» ойыны.
|
Үш топтың топбасшылары жарысады, қай топтың басшысы берілген сұрақтарға толық жауап берсе, сынып көшбасшысын оқушылар бағалайды, жауап санына қарай ұпай алады.
|
5 мин
|
|
Жаңа сабақты қорытындылау
|
Инсерт кестесін тарату. Жаңа материалды қалай меңгергендері сарапталады.
|
Білемін, білдім, білгім келеді. Осы кесте бойынша тақырыпты қалай меңгергендерін көрсетеді, нені үйренгісі келетіні туралы мәліметті хабардар етеді, нені қайдан іздейтіні туралы ақпарат береді.
|
3 мин
|
|
Бағалау
|
Жиынтық баға
|
Өзін-өзі бағалау, топбасшылар бағалауынан алынады.
|
3 мин
|
|
Үйге тапсырма
|
Бағдарламада өз бетінше жұмыс жасау. Келесі сабаққа материал дайындау.
|
Берілген тапсырманы өзбетінше ізденуге дағдыланады, дайындалады.
|
1 мин
|