Мәтіндік процессорда кесте элементтерін пішімдей алады (форматтау)
Тілдік мақсаттар
Мәтіндік процессорға қатысты жұмыс орындауда оның элементтері мен қызметші сөздерін орынды және дұрыс пайдалану, командаларды компьютерде ғана емес ауызша орындауға дағдылану, мәзір қатарындағы кесте түрлерімен жұмыс істей алады.
.
Құндылықтарға баулу
Жауапкершілікке, сын тұрғысынан ойлауға , уақытты үнемдеуге . (тапсырмаларды орындау барысында)
Пәнаралық байланыстар
Алдын ала білім
MS Word мәтіндік редакторында мәтін жаза алады, кесте ұғымы таныс, кесте түрінде жасалынған құжаттарды біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған қызмет
Ресурстар
Сабақ басы
Ұйымдастыру кезеңі (4 мин)
«Ой қозғау» (4 мин)
«Ойлан ,салыстыр,»
Ынтымақтастық атмосферасын құру.
«Айна » әдісі бойынша көңілді ахуал туғызу.
Топқа бөлу кезінде кесте түрінде және мәтінмен жазылған таратпаларды таратамын.
Топ аттарының мағынасын сұраймын.
(С) «Ой қозғау»
1.Әр түрлі пішімдегі (формат) ақ қағаздың үлгісінің суретті ұсыну арқылы не білетінін туралы ой қозғау.
2. «Салыстыр»
Салыстыру, талқылау нәтижесінде пішім , пішімдеу деген ұғымдарға анықтама береміз.Түрткі сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айқындаймыз.
Бұл сөздерді бұрынырақта қайда кездестіріп едіңіз?
Мысал келтіре аласыз ба?
Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Сабақтағы терминдер бойынша
І-топ «Мәтін»
ІІ-топ «Кесте»
Әр түрлі форматтағы ақ қағаздар үлгісі, түрлі үлгідегі кестелер
Сабақ ортасы
Мағынаны тану. (3 мин)
«Қос жазба күнделігі» әдісі
Топтық жұмыс
(10 мин)
Жұптық жұмыс
Практикалық тапсырманы орындау (20 мин)
Сергіту. (2 мин)
(С )Кестелерді MS Word мәтіндік процессорында форматтау туралы ақпаратпен слайд арқылы және оқулықтағы ақпаратпен танысады.
1) Ұсынылған ақпаратта не туралы баяндалды?
2) Мәтіндік процессорда кестелерді қалай орналастырамыз?
3) Кестені форматаудың қандай жолдары бар екен?. (Т) І топ: Кесте элементтерін форматтау қажеттілігіне назар аударту (баған саны, қатар саны арқылы сынып мәліметін анықтау)
ІІ топ: Оқушыларға форматтауды пайдаланып, кесте құру, сабақ кестесін жазу.
Дескриптор :
1) Ұсынылған ақпаратта не туралы айтылғанын баяндай алды
2) Мәтіндік процессорда кестелерді қалай орналасқанын білді
3) Кестені форматаудың қандай жолдары бар екен білді.
4) Форматтау тәсілдерін пайдаланып, кесте құра алды.
Бағалау:Топтар бір-бірін « ПОПС » әдісіндегі сөз тіркестерін пайдалана отырып бағалайды.
(ЖЖ) Компьютерде тәжірибелік жұмыстар жасату
А деңгейі. Үлгі бойынша кесте құру.Кестеге өз
сыныптарының оқушыларының тізімін жазу.
Дескрипторлар: Үлгі бойынша кесте құрды
Кесте ішіне мәтін енгізе алды
3.Ұяшықтарды біріктіре алды
В деңгейі: «Ұяшықтарды біріктіру» және «Мәтін бағытын өзгерту» пиктограммаларын
пайдаланып, кестені толтыру.
Дескрипторлар : Ұяшықтарды біріктіре алды
Мәтін бағытын өзгерте алды
Кестені форматтай алды.
С деңгейі:
Сызықтар мен олардың әр түрлі қалыңдығын пайдаланып кесте қоршауын өзгерту. Дескрипторлар:
Сызықтар мен олардың әр түрлі қалыңдығын пайдаланып кесте қоршауын өзгерте алды.
Кесте элементтерін саймандар және мәзір қатарының көмегімен форматтай алды.
Бағалау : «Жәрмеңке» . Әр жұп келесі жұптың жұмысын талдап,пікірлерін білдіріп ұнаған үлгіні тиісті теңге мөлшерімен сатып алады.
1.«Жунглидағы жаңбыр» Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.
Рөлдік ойын «Балапандарды күзде санайды»
2 оқушы үй құсы рөлінде өз балапандарын жинайды.
І-құс – «Конструктор»
ІІ- құс– «Макет»
Қалған оқушыларға «Конструктор», «Макет» бөлімінің құралдары жазылған балапанның суреті таратыладыӘр бөлімге қатысты құралдар өз анасының қасына барып тұру керек.Анасы өз балапандарын түгендеп алады.
Кестелерді Word мәтіндік процессорында форматтау туралы слайд https://kopilkaurokov.ru/informatika/uroki/kiestielier_k_u_ru_kiestie_ishindieghilierin_ienghizu_zh_nie_pishimdieu