3-тапсырма. Топтық жұмыс «Төрт бұрыш» әдісі Оқушылар өздеріне ұнайтын кейіпкерлерга қарай төрт топқа бөлініп, сыныптың төрт бұрышына барады. Әр бұрышта төрт кейіпкер әрекеті бойынша шығармадан алынған үзінділер қабырғаға жапсырылып тұрады. Үзінділерді оқып шығады.
Оқушыға қойылатын сұрақ:
Қай кейіпкердің әрекетін қолдайсың?
Оқушылар өздері қолдайтын кейіпкердің тұсына оған өзіндік тұрғыдан баға бере отырып барып тұрады. Кейіпкер туралы көзқарасы өзгерген оқушылар басқа топқа ауыса алады.
Кейіпкерлер:
Естемес
Қарт
Оразымбет
Жаңыл
Бағалау критерийі
Дескриптор
Өз көзқарасын дәлелдеу үшін үзінділерді қолдана алады.
үзінділер мен цитаталарды дәлелді қолданады;
шығармадан алынған үзінділерді кейіпкерге баға беру үшін орынды қолданады.