«Миға шабуыл» 1-тапсырма. «Автор-оқырман» әдісі Топқа бөліну қағазының артына автор не оқырман деген сөздер жазылған. Сынып ортаға шығып, автор – оқырман болып 2 қатарға бөлінеді. Алдымен авторлар оқырмандарға, кейін оқырмандар авторға мәтін мазмұны бойынша оңай және қиын сұрақтар қояды. Әрқайсысы өз позициясынан қояды. Оқушылар бұл әдісте мәтін мазмұнына жай және сыни баға бере отырып, сұрақтар қояды және жауап береді.
Жұқа сұрақтар (қысқа жауап)
Қалың сұрақтар (дәлелдеме, мысал, түсініктеме)
Кім? Не?
Неге екеніне түсініктеме бер?
Қашан?
Болды ма?
Келісесің бе?
Қалай ойлайсың?
Неге солай ойлайсың?
Айырмашылығы қандай?
Дұрыс па?
Не болар еді?
Мысалы:
Автор : Әңгімедегі Жаңыл кім?
Шығарманың қай тұсы ерекше ұнады?
Оқиға қай жылдары болды деп ойлайсың?
Оқырман: Жаңылдың әкесі не себепті Естемеске келісімін берді деп ойлайсыз?
Автор ретінде шығарманы басқаша қалай аяқтар едіңіз?