Сыныбы: 7 «А»
|
Күні: 19.01.2017 Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Абишев А.Э.
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық). Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару
|
Мақсаты:
|
Санау жүйелері туралы ой қалыптастыру. Екілік санау жүйесімен жұмыс істеуді үйрену.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Санау жүйелерінің төрт түрін меңгеру.
Екілік санау жүйесін меңгеру.
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру дағдасын қалыптастыру.
|
Негізгі дерек көздер:
|
Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, интернет материалдары, таратпа материалдар, топ ережесі, бейнеролик, BilimLand порталы
|
Әдіс –тәсілдер:
|
Топтық жұмыс, жеке, жұптық, сын тұрғысынан ойлау, «Стикерлер», талдау, қорыту, формативті бағалау
|
Кезеңдер.
Берілетін уақыт
(45 мин)
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Сабақтың барысы:
|
|
Ұйымдастыру
(5 мин)
|
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
- Жағымды психологиялық ахуал туғызу «менің есімім»; (оқушылар өз есімін информатикамен байланыстырып айтады)
- Оқушыларды топқа бөлу, бағалау парағы үлестіріледі. Топ жетекшілері аталып, әр тапсырманы орындау кезінде жауап берген оқушыларды бағалап отыру тапсырылады.
|
- Оқушылар жағымды ахуал қалыптасырады.
- Оқушылар үлестірілген карточкалар арқылы топқа бөлінеді.
|
«Білу» деңгейі
Өткенді еске түсіру
(5 мин)
|
Оқушыларға ондық және сегіздік санау жүйелері тақырыбы бойынша сұрақтар қою. (Оқушы-мұғалім) 10 сұрақ
Қосымша 1.
|
Оқушылар қойылған сұрақтарға түрлі түсті стикерлерді көтеру арқылы жауап береді.
|
Жаңа сабақ
(10 мин)
|
Оқушыларға жаңа сабақты BilimLand порталы арқылы түсіндіру.
http://bilimland.kz/kk#lesson=16417
Екілік санау жүйесінде есептеу жүргізуді түсіндіру. Қосымша 2.
|
Жаңа ұғымдарды және мысалдарды дәптерге көшіру.
|
Практикалық бөлім
( 10 мин)
|
Екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстыру.
Екі топқа 3 есептен тұратын тапсырма беріледі.
Ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстыру.
Ауыстыру үшін оқушыларға мысалы бар карточкалар таратылады. Қосымша 3.
|
Оқушылар берліген тапсырамаларды дәптерлерінде орындайды.
Әр топ дұрыс жауаптарды тексеру үшін компьютердегі калькуляторды (Программист режимі) қолданады.
|
«Жаттығу»
(5 мин)
|
BilimLand порталында орналасқан 1969.Екілік санау жүйесі тақырыбы бойынша жаттығуларды орындау қажет.
http://bilimland.kz/kk#lesson=16417
үш жаттығу, 5 сұрақтан тұратын тестті орындау қажет
|
Оқушылар жаттығуларды орындау үшін BilimLand порталын қолданады. http://bilimland.kz
|
«Өз білімін көтеру»
(5 мин)
|
Оқушыларға өз білімдерін жетілдіру үшін BilimLand порталындағы
Курстар – Бейнежинақ – «Бірліктер» мен «Нөлдер»-ақпараттар компьютерде қалай сақталады? бейнеролик ұсынылады.
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/18628-birlikter_men_nolder_aqparattar_kompyuterde_qalaj_saqtalady
|
Оқушылар бейнероликті көріп өз білімдерін жетілдіреді.
|
«Бағалау» деңгейі. (5 мин)
|
Критерийлер арқылы бағалау (бағалау парағы)
|
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын білдіреді.
Оқушылар өздерін бағалайды.
|
Үйге тапсырма.
|
Екілік санау жүйесі. Ауыстыру ережелері.
|
Оқушылар үйге берілген тапсырманы оқып келеді.
|