IV.Мағынаны тану: Практикалық тапсырма 1.
- Бірінші тапсырмадағы тік төртбұрышқа оралайық.
Жұмыс түрі: жұптық жұмыс
Зерттеу сұрақтары:
- Тік төртбұрышты тең екі бөлікке бөлетін басқа да бүктеу сызығы (симметрия осі) бар ма?
- Қанша симметрия осьтері бар екен?
- Тағы да симметрия осі анықтала ма?
-Тіктөртбұрыштың симметрия центрі бар ма? Болса қайда орналасады?
Нұсқаулар:
-Тік төртбұрышты тең бөлікке бөлетіндей бүктеу сызығын табу үшін зерттеу жұмысын жүргізіңіз.
-Пайда болған бүктеу сызықтарын түсті қарандашпен немесе фломастермен сызып шығыңыз.
Мұғалімнің қызметі: Оқушыларға зерттеу жұмысының орындалу ретін және нұсқаулығын дұрыс беру. Орындалған жұмыс бойынша оқушылардың қажетті тұжырым жасай алу қабілеттерін шыңдау.
Оқушының қызметі: ұсынылған тапсырманы мүлтіксіз орындау.
Қорытынды: Басқа да екі симметрия осі табылады. Симметрия центрі бар.
Қосымша білім: Тік төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесіндіні диагональ деп аталады. Тік төртбұрыштың диагональдарының қиылысу нүктесі оның симметрия центрі болады.
Анықтама: Егер О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигуралар деп аталады. Нүктені симметрия центрі деп атайды.
Анықтама: Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симмметриялы фигура деп аталады. Ал түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |