Зерттеу сұрақтары:
-Кез келген фигурада симметрия центрі бар ма?
-Фигураның симметрия центрі қайда орналасады, қалай анықталады?
-Фигураның симметрия осі қалай табылады?
-Бір мезгілде симметрия центрі де, симметрия осьтері де бар болатын фигуралар бола ма?
4.1.Практикалық тапсырма-2
Дағдылар: түсіну, сыни ойлау, талдау
Бағалау: өзара бағалау (жұптар)
4.2. Практикалық тапсырма-3
Жұмыс түрі: жұптық жұмыс
Орындалуы:
- Қалташадан дөңгелекті алыңыз.
-Оны қақ ортасынан бүктеңіз.
Зерттеу сұрақтары:
- Дөңгелектің симметрия центрі бар ма?
- Ол қай нүкте?
- Дөңгелекте қанша симметрия ось болады?
- Дөңгелектің симметрия осі ретінде қандай кесінді алынады?
- Дөңгелекте қанша симметрия осі болады?
Зерттеу жұмысы жүргізіледі.
Мұғалімнің қызметі: Оқушыларға зерттеу жұмысының орындалу ретін және нұсқаулығын дұрыс беру. Қажет уақытта жетелеу. Орындалған жұмыс бойынша оқушылардың қажетті тұжырым жасай алу қабілеттерін шыңдау.
Оқушының қызметі: ұсынылған тапсырманы мүлтіксіз орындау.
Қорытынды: Шексіз көп симметрия осьтері табылады. Симметрия центрі бар.
Бағалау: жұптар өзара бір-бірін бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |