Топтық жұмыс.
Тапсырма2.
Парақ бетіне а түзуін сызып, оның бойымен парақты бүктеңдер.
Бүктелген парақтың сыртқы бетіне қандай да бір өрнектің жартысының суретін салыңдар. Қағаздағы салынған суретті қайшымен қиып алыңдар. Қағаздың бүктеуін жазыңдар.
Сонда қандай сурет алынды?
Алынған суретті салыстырыңдар?
Әр топ өз қорытындыларымен бөліседі.
Қорытынды: Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады. Симметриялы фигуралар өзара тең болады.
Тапсырма 3.
Нұсқау бойынша О нүктесіне қатысты симметриялы болатындай етіп, кесіндісін кесіндісіне бейнелеңіз, егер О нүктесі кесіндіден тыс орналасса.
Салу алгоритмі(нұсқау).
Кез келген кесіндісін салыңыз.
Осы кесіндіден тыс орналасқан Онүктесін белгілеңіз.
О нүктесіне қатысты симметриялы болатындай етіп, А нүктесін А1нүктесіне бейнелеңіз.
ОА түзуін жүргізіңіз
ОА кесіндісін өлшеңіз
ОА кесіндісіне тең болатын осы түзуден ОА1 кесіндісін алыңыз. А және А1 нүктелері О нүктесінің екі жағында орналасуы тиіс.
Дәл осылай О нүктесіне қатысты симметриялы болатындай В нүктесін В1 нүктелеріне бейнелеңіз.
нүктелерін қосыңыз.
Кесінді қалай өзгерді? және АВ кесіндісі туралы сәйкес қорытынды жасаңыз.
Мақсаты: кесіндісін кесіндісіне центрлік симметрияда бейнелей алу.Фигураның центрлік симметрияда бейнелеуді білу және түсіну.
Мұғалім қызметі:оқушылардың нүктеге қатысты симметриялы фигураларды салуын бақылау және қажеттілігіне қарай сұрақтар арқылы жетелейді; таныстырылым арқылы берілген фигураларды оське және центрге қарағанда симметрияны салу жолдарын көрсетеді.
Оқушы қызметі:салу алгоритмі (нұсқау) бойынша кесіндісіне центрліксимметриялы кесіндісін салады; өзара талқылап, фигуралардың центрліксимметриялыфигураларын салуды тұжырымдайды.
Бағалау критерийі:
танымдық(ұғымды талдай алады, байланыс орнату, логикалық тізбекті құру);
коммуникативті (диалог жүргізе біледі, ынтымақтастықта әр түрлі пікірлерді ескеріп, оз ойын негіздейді және айта алады);
жеке (сыни ойлайды);
реттеу (өзін-өзі бағалау қабілеті).
Тапсырма 4.
l түзуіне қатысты симметриялы болатындай етіп, кесіндісін кесіндісіне бейнелеңіз, егер l түзуі кесіндіден тыс орналасса.
Кесінді қалай өзгерді? және АВ кесіндісі туралы сәйкес қорытынды жасаңыз.
Мақсаты: кесіндісін кесіндісіне осьтік симметрияда бейнелей алу.
Фигураның осьтік симметрияда бейнелеуді білу және түсіну.
Мұғалім қызметі:оқушылардың түзуге қатысты симметриялы фигураларды салуын бақылау және қажеттілігіне қарай сұрақтар арқылы жетелеу.
Оқушы қызметі: кесіндісіне осьтіксимметриялы кесіндісін салады; өзара талқылап, фигуралардың осьтік симметриялыфигураларын салуды тұжырымдайды
Тапсырма 5.
АВС үшбұрышына осьтік және центрлік симметриялы үшбұрышын салыңыздар және салу алгоритмін құрыңыздар.
Бағалау критерийі:
танымдық(ұғымды талдай алады, байланыс орнату, логикалық тізбекті құру);
коммуникативті (диалог жүргізе біледі, ынтымақтастықта әр түрлі пікірлерді ескеріп, оз ойын негіздейді және айта алады);
жеке (сыни ойлайды);
реттеу (өзін-өзі бағалау қабілеті).
Қосымша 2.
https://www.you tube.com/watch ?v=fbJEG_klEvg
Қосымша 3.
Bilimland.kz
Математика -6 Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011
Қосымша 4.
.
Сабақтың соңы
35-38 мин
38-40мин
Сабақ барысындағы оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау жасап, сабақ қорытындыланады.
Бағалау:
Рефлексия.
осьтік симметрия ұғымын ...., ол фигураның ... қатысты ......;
центрлік симметрия ұғымын...., ол фигураның ... қатысты......;
фигуралардың ... симметрияларын ... сала ... ;
... қатысты симметриялы ..... сала .... ;
координаталық жазықтықта .... симметриялы фигураларды сала ......;
Үйге тапсырма:
Шығармашылық тапсырма: «Осьтік және центрлік симметрия» тақырыбына суреттер аппликациясын жасау