Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңі
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды ахуал қалыптастыру.
«Блум түймедағы» әдісі. (Жеке)
Оқушылар таратылған түймедақ күлтелерінде жазылған сұрақтарға жауап бере отырып түймедақ күлтелерін құрастырады.
Мақсаты: Оқушылардың алдыңғы білімін сұрақ-жауап арқылы нақтылау.
1. Аммиактың молекулалық формуласы қандай?
2. Аммиактың физикалық қасиеттері қандай?
3. Аммиактың электрондық құрылысы қандай?
4. Аммиактың құрылылым формуласы қандай?
5. Аммиак молекуласының кеңістіктегі пішіні қандай ?
6. Аммиак құрамындағы азоттың тотығу дәрежесі қандай?
7. ϭ, π – байланысты қалай түсіндіресіз? Мысал келтір.
8. sp3 гибридтелуді қалай түсіндіресіз?
ҚБ. Мұғалімнің мадақтауы (Жарайсың! Керемет! Тамаша!)
Саралау. Диалог, қарым-қатынас.
|
Түймедақ күлтелері бейнеленген қағаз қиындылары
|
Сабақтың ортасы
30 мин
|
№6 Практикалық жұмыс. «Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу» (топтық жұмыс)
Мақсаты: Аммиакты зертханада тәжірибе арқылы алып, қасиеттерін зерттеу.
Көрсетілім: Мұғалімнің тартпа шкафта тәжірибе арқылы аммиакты алу жолын көрсетуі.
|