Механикалық энергияның сақталу заңы:
Тұйық жүйені құрайтын денелер арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің механикалық энергиясы тұрақты сақталады.
«Кім жылдам» Оқулықпен жұмыс:
Есептер шығару . 33 жаттығу «1,2,3)
1 топ
Массасы 9,0г оқ қалыңдығы 5,0 см тақтайға 600м/с жылдамдықпен соғылып,200м/с жылдамдықпен тесіп өтеді. Кинетикалық энергияның өзгерісін,тақтайдың жұмысын табыңдар. Кедергі күші өзгермейді деп алыңдар.
2 топ
Массасы 100 тонна ұшақ Жерден 1км биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200 м/с болады. Оның жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?
3 топ
Массасы 5 т жер серігін 100 км биіктікке 8км/с болатын бірінші ғарыштық жылдамдықпен шығару үшін қандай жұмыс шығындалады?Жер серігінің орбитадағы механикалық энергиясы неге тең?
Дискриптор Механикалық энергия заңын қолданады.
Топ бір-бірінің есептерін тексереді.
Бағалау: Басбармақ әдісі бойынша
Сергіту сәті (2 мин) (қамажай биі)
Негізгі физикалық терминдер
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Энергия
|
Энергия
|
Energy
|
Кинетикалық энергия
|
Кинетическая энергия
|
kinetic energy
|
Потенциалдық энергия
|
Потенциальная энергия
|
Potential energy
|
Тұйық жүйе
|
Замкнутая система
|
Closed
|
Механикалық энергия
|
Механическая энергия
|
Energy
|
1.Жер бетіндегі тіршіліктің көзі-----------------
2. ------------- энергия деп денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергияны айтады.
3---------------- энергия деп әр түрлі денелердің (немесе бір дене бөліктерінің)өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
4. Бірде-бір сыртқы күш, сондай ақ ауаның кедергісі немесе үйкеліс күштері әрекет етпейтін жүйе ------------- деп аталады.
5.Дененің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы -----------------
Достарыңызбен бөлісу: |