Қысқа мерзімді жоспары
|
Бөлім
|
Жасанды интеллект
|
Педагогтың аты-жөні
|
|
Күні
|
|
Сынып
|
Қатысушылар саны
|
|
Қатыспағандар саны
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«MS Excеl кестелік процессорындағы деректерді интеллектуалды талдау
үшін, нейрондық желілерді жобалау және мәшинелік оқыту алгоритмін
қолдану» практикумы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
11.3.4.3 - дайын алгоритм бойынша электронды кестелерде/математикалық модельдеу программаларында
нейрондық желіні жобалау
Дайын алгоритм бойынша электронды кестелерде/математикалық модельдеу программаларында нейрондық
желіні жобалау.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар:
|
Электрондық кестелерде нейрондық желіні жобалайды;
|
Көптеген оқушылар:
|
Дайын алгоритм бойынша нейрондық желіні жобалайды;
|
Кейбір оқушылар:
|
Практикумға арналған тапсырмаларды өзі жасайды.
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
ҚБ: жұлдыз / 2 балл/
|
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
5.Бағалайды.
|
Жұлдыз
2 балл
|
Жұмыс дәптері
|
Сабақтың ортасы
|
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. Келесі оқыту іріктелімін жіктеп, жіктеу есептерін
шығару үшін RBF нейрондық желісін құр.
Мұнда өнімдердің сапасы (тәттілігі пен қытырлауы) 10 балдық
шәкіл бойынша бағаланады. Аталған өнімдердің әрқайсысы жатқы-
зылатын түр (санат) белгілі.
Жаңа өнімді таңдап, жаңадан құрылған нейрондық желінің көме-
гімен оны жікте.
Жіктеу есебін шешуге арналған K-жақын көршілер әдісі
2-тапсырма. 1-тапсырманың оқыту іріктелімін қолданып, өнімді
жіктеу қажет.
Шешуі:
Егер абсцисс өсі бойынша тәттілікті, ал ординат өсі бойынша
Қытырлауды жіктейтін график салсақ, онда графиктегі нүктелерді
(өнімдерді) кластарға бөлуге болады:
– сол жақ жоғарғы бұрышына көгөністер (қияр, сәбіз, ассүттіген
жапырағы, балдыркөк) «топтастырылады»;
– олар қытырламайды және тәттілерге жатпайды;
– сол жақ төменгі бұрышына протеинге бай өнімдер (ет, асшаян,
ірімшік, балық, жаңғақтар) орналастырылады;
– олар қытырламайды және тәтті емес;
– оң жақта жемістер (алма, алмұрт, жүзім, апельсин, банан) топтастырылған;
– олар басқа кластармен салыстырғанда тәтті, бірақ қытырлау
қасиеті жағынан әркелкі.
Білу және түсіну
Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып
отырады:
+ - мұны білемін;
- мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты;
v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;
? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.
Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің
түсініксіз жерлерін түсіндіреді.
Өздігімен орындауға арналған тапсырмаларды орындату.
Тапсырмалар деңгейлік түрде оқулықта толық берілген.
А деңгейі. Интернеттің іздеу жүйелерін пайдаланып, өз қызметінде жасанды интеллектіні белсенді
түрде пайдаланатын 10 компанияның тізімін жаса.
В деңгейі. Жасанды интеллект пайдаланылатын саланы таңдап, оның сол салада қолданылу
артықшылықтары мен кемшіліктерін бағала. Кестені толтыр.
С деңгейі. Интернеттің іздеу жүйелерін пайдаланып, жасанды интеллектіні пайдалану қаншалықты
жақсы болса да, оны өз қызметінде пайдаланудан түрлі себептермен бас тартып отырған 10
компанияның тізімін жас
|
Мұғалімді тыңдайды
1-тапсырманы орындайды
2- тапсырманы орындайды
3-тапсырманы орындайды
|
|
Презентация
|
Сабақтың соңы
|
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Смайлик»
барлығын түсіндім
менде сұрақтар қалды
|
Өзін-өзі бағалау.
|
|
Плакат /слайд/
|
Достарыңызбен бөлісу: |