Қысқа мерзімді жоспарлау



Дата10.06.2017
өлшемі0,74 Mb.
#18346
Қысқа мерзімді жоспарлау


Т.А.Ә. және жұмыс орыны

Жанасылова Камар Капасовна

.физика кабинеті №214


Пән: физика


Сынып: 8 А,Ә,Б 08.09.16



Сабақтың тақырыбы:

Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару. Табиғатттағы және техникадағы жылу берілу. Жылу берудегі конвекцияның орны. Суық кездегі адам.

SMART мақсаты:

Жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару жылудың қалай берілетінін білу және оған мысалдар келтіре білуге үйрету

Теориядан алған білімдерін өмірде, практикада қолдана білу

Ұқыптылыққа, білімді табандылықпен өздері игере білуге тәрбиелеу


Күтілетін нәтижелер:

  • Жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару жылудың қалай берілетінін біледі және оған мысалдар келтіре біледі.

  • Теориядан алған білімдерін практикада қолдана біледі.

Жетістік критерийлері:

А. Сабақты толық түсінеді. Сабаққа белсене қатысады. Топ мүшелерінің берілген тақырып бойынша білімдерінің толық болуына ат салысады. Топ мүшелерінің қалған оқушыларына көмек береді. Басқа топтың оқушыларына өз тақырыптарын түсіндіру үшін оқушыларды ұйымдастырады.

В.Сабақты толық түсінеді. Сабаққа белсене қатысады Постер қорғай біледі. Өз ойын топ мүшелерінің алдында жеткізе біледі.

С. Тақырыпты толық меңгеруі үшін тырысады, қажет болған жағдайда топтағы басқа оқушылардан көмек сұрауға ұялмайды. Сабақ үстінде өзі-өзіне деген сенімділігі арта бастайды.

Түйінді идеялар

«Білім беру мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «АКТ қолдану» «Оқытудағы басқару және көшбасшы»

Оқулық:

Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова «Физика және астрономия»

В.И.Кем, Б.А. Кронгарт « Есептер жинағы»



Сабақ барысы/мұғалімнің ескертпелері:


Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеттері

Бағалау

Ресурстар:интер тақта,слайд, стикер,түрлі-түсті фломастер,.эл оқулық

Формативті

Суммативті

1 мин

Оқушыларды 4-топқа бөледі. (масса, тығыздық, көлем,уақыт физикалық шамалардың бірліктері бойынша)

Оқушылар топқа бөлініп, топ көшбасшыларын сайлайды





-




2 мин

  1. Ой-толғау оқушылардан сурет бойынша ойларын айтуды сұрайды.

Оқушылар жылу берілудің түрлері туралы айтады












10 мин
15 мин

Бекіту


10 мин
5 мин


Мұғалім 4-топқа тапсырманы бөліп береді.

1-топ «Жылуөткізгіштік»

2-топ «Конвекция»

3-топ «Сәуленену»

4-топ «Табиғаттағы және техникадағы жылу берілудің мысалдары»

Мұғалім оқушыларды топтардағы мүшелердің бір топта әр топтың оқушыларының болуын қадағалайды.

Осы төрт тақырыпты топтарға бөліп беріп, постер жасауға тапсырма береді.

Мұғалім интерактивті тақтадағы суреттер бойынша өз тұжырымдарын жасауға тапсырма береді.

Бағалау

Мұғалім оқушыларды бағалау парағы бойынша бағасын қояды


Үйге тапсырма: §5,6,7,8 оқу

№3 эксперименттік тапсырманы орындау

3-жаттығу №3,4

4-жаттығу №4,8 орындау

Кері байланыс

Мұғалім оқушыларға өзінің алған білімінің деңгейін бағалау үшін және бүгінгі сабақтар туралы пікірлерін білдіруге стикерлер таратады



Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды оқып, дайындалады, топ мүшелері тақырыпты толық меңгергенше бірін-біріне түсіндіреді



Оқушылар берілген тақырып бойынша барлық керек мәліметтерді талқылап,постер қорғауға дайындалады.



1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

Оқушылар топта өз ойларын талқылап бір шешімге келеді.



Үй тапсырмасын жазып алады





Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздірінің алған білімдерінің деңгейін анықтап, өздерінің пікірлері жазылған стикерлерін іледі.



Оқушылар өздерінің алған білімдерін саралай келе бірін бірі қызыл, жасыл, сары түсті карточкалары арқылы бағалайды

Оқушылар бағалау критерийлері бойынша басқа топтарға баға береді.








Бағалау критерийі:

Постер

1.Тақырыпты ашуы- 2б

2. Сауатты рәсімдеуі -2б

3. Ашып түсіндіре білулері - 2б

Бағалау критерийі:

Суреттегі құбылыстың:

толық мазмұнын аша алуы – 3б

жартылай ашылуы- 2б

толық ашылмауы- 0б


Оқулық

Түрлі- түсті маркерлер, қағаздар


Интерактивті тақта, слайд


Бақылау парақшалары

Түрлі-түсті стикерлер


Мұғалім ескертулері/ Рефлексия:

Топтасып бірлесіп жұмыс жасаудың арқасында, сол күнгі сабақтың мазмұнын терең түсініп, игеріп алды.

Жеткен жетістіктерім :
Оқушылардың жоба бойынша алынған материалдарды қорғауы ,нақты дәлелдері толықтырылуы

Мұғалім:


Қысқа мерзімді жоспарлау


Т.А.Ә. және жұмыс орыны

Жанасылова Камар Капасовна

Физика кабинеті №214



Пән:физика

Сынып: 8 А,Ә,Б 13.09.16

Сабақтың тақырыбы:

Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы.

SMART мақсаты:


Сабақ барысында оқушыға жылу берілу кезіндегі ішкі энергияны өлшеуге болатынын; жылу мөлшерінің тәуелділігін; заттың меншікті жылусыйымдылығы нені көрсететіндігін түсіндіру;

Денені қыздыруға қажетті немесе суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу формуласын таныстыру;

формуланы және 1 –кестені дұрыс қолдана біліп, есептер шығаруға үйрету.


Күтілетін нәтижелер:


  • Жылу мөлшерінің дене температурасының өзгерісіне, массасына және дененің қандай заттан жасалғанына тәуелділігін біледі;

  • Ішкі энергия мен жылу мөлшерінің өлшем бірліктерін және олардың арасындағы байланысты түсінеді;

  • Тұрғын үйді жылыту жүйесінде неліктен суды қолданатынын түсінеді;

Жетістік критерийлері:

А. Сабақты толық түсінеді. Есептерді толық шығарады. Сабаққа белсене қатысады. Топ мүшелерінің берілген тақырып бойынша білімдерінің толық болуына ат салысады. Топ мүшелерінің қалған оқушыларына көмек береді.

В. Сабақты толық түсінеді. Сабаққа белсене қатысады. Өз ойын топ мүшелерінің алдында жеткізе біледі. Есептерді шығарады.

С. Тақырыпты толық меңгеруі үшін тырысады, қажет болған жағдайда топтағы басқа оқушылардан көмек сұрауға ұялмайды. Сабақ үстінде өзі-өзіне деген сенімділігі арта бастайды. Есептерді өз мүмкіндігінше шығарып, ұпай жинап, өз білімін бағалай алады.

Түйінді идеялар

«Білім беру мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «АКТ қолдану» «Оқытудағы басқару және көшбасшы» «Өкіл» әдісі.

Оқулық:

Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова «Физика және астрономия»

В.И.Кем, Б.А. Кронгарт « Есептер жинағы»



Сабақ барысы/мұғалімнің ескертпелері:


Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеттері

Бағалау

Ресурстар

Формативті

Суммативті

1 мин

Оқушыларды 4-топқа бөледі.

Сурет қиындыларын біріктіру арқылы (мозайка)



Оқушылар топқа бөлініп, топ көшбасшыларын сайлайды




-




15 мин

Жаңа білімді игеру

Мұғалім төмендегі сұрақтарды жеке-жеке қойып, оған толық жауап алады.

Сұрақтар:

Жылу мөлшері дегеніміз не?

Жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді?

Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді?

Меншікті жылу сыйымдылығының бірлігі не?

Меншікті жылу сыйымдылығы 460 Дж/кг°С. Бұл нені білдіреді?



Кестені пайдаланып меншікті жылу сыйымдылығы ең үлкен және ең кіші заттарды атаңдар. Олардың меншікті жылу сыйымдылығын салыстырыңдар. Денені қыздыруға немесе суытқанда қажетті жылу мөлшерінің формуласы

Оқушылар мұғалімнің қойған әр сұрағын оқулықтан өздері ізденіп оқып, жауап береді.



Қызыл, сары, жасыл түсті карточкалары арқылы өздерінің алған білімдерін бағалайды

-

Қызыл, сары, жасыл түсті карточкалар

10 мин

15 мин

2 мин

1 мин


Бекіту

1.Есеп шығару үлгісінің екі есебін топтарға бөліп береді .

2. 6-жатттығу

№1. 250 г суды 5°С-қа қыздыру үшін қанша жылу мөлшері кетеді?

№3. 84 кДж жылу мөлшерін бере отырып, қанша мөлшердегі суды 10°С-қа көтеруге болады?

№4. 168 кДж жылу мөлшерін алған 4л судың температурасы неше градусқа көтеріледі?

№5. Массасы 1 кг қорғасынды 100°С-қа қыздыру үшін 13000 Дж жылу мөлшері жұмсалады. Қорғасынның меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар. Оны кестеде берілген мәндерімен салыстырыңдар.

№7 1г темірді немесе 1г қорғасынды 1°С-қа қыздырғанда қай заттың молекуласының энергиясы көп өзгереді?


Бағалау
Мұғалім есептің жауаптарын ашады.

Үйге тапсырма: §9,10 оқу, 6-жаттығу №2, №9 есептерін шығару


Кері байланыс

Мұғалім оқушыларға өзінің алған білімінің деңгейін бағалау үшін және бүгінгі сабақтар туралы пікірлерін білдіруге стикерлер таратады




Оқушылар есептің шығару жолдарын оқып, өздерінің түсінгендерін топта талқылайды.

Екі топтың оқушылары ауысып басқа топтарға барып өз есептерін түсіндіреді және басқа топтың есебін тыңдап түсінеді


Оқушылар бағалау критерийлерін пайдаланып, өздеріне керек ұпай жинауға тырысады
Оқушылар дәптерлерін сағат тілі бойынша ауыстырып дайын жауап бойынша және бағалау критерийлерін пайдалана отырып, бірін-бірі тексереді және жинаған бағалары бойынша бағалайды.
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздірінің алған білімдерінің деңгейін анықтап, өздерінің пікірлері жазылған стикерлерін іледі

Екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды





№1 (1ұпай)

№3 (2ұпай)

№4(2ұпай)

№5(3ұпай)

№7(3ұпай)

Бағалау критерийі:

9-11 ұпай –«5»

6-8 ұпай-«4»

3-5 ұпай –«3»


ДЖИГСО

стикерлер

түрлі-түсті стикерлер


Мұғалім ескертулері/ Рефлексия:



Есептеу жұмыстарын жүргізе алды.Оқушылар сабаққа белсене қатысты.«Өкіл» әдісі бойынша топтарға барып түсіндіру жұмыстарын орындады.

Мұғалім:



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет