ҚЫСҚа мерзімді сабақ жоспары мұғалімнің аты-жөні



бет3/5
Дата18.01.2023
өлшемі144 Kb.
#165835
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
№ 3- сабақХимиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы

Сипаттама



С

1.Химиялық элементтің атауы мен таңбасы

Көміртек

2.Элементтің периодтық кестедегі орны (период және топ нөмері )

2-период ,IV- топ

3. Aтом құрылымы:
a) атом құрамы
ә)атомның электрондық формуласы
б) элемент түрі (s,р)


a) 126C +6 ( 6p + ;6n 0)6 e
ә) 6C 1s 22s22p2
б) р- элемент

4.Металл/бейметалл

Бейметалл

5.Оттекті қосылысының формуласы ,оған сәйкес келетін гидроксид сипаттамасын көрсету

СО 2- қышқылдық оксид,
H2CO3-қышқыл,СаСО3- тұз

6. Ұшқыш сутекті қосылысының формуласы

СН 4- метан

Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттер. Периодтық кестеде орналасқан бір топтағы элементтер химиялық элементтердің табиғи ұяластарын құрайды. Химиялық және физикалық қасиеттері ұқсастығы бойынша біріктірілген элементтер тобы ұқсас элементтер тобы немесе табиғи ұяластар деп атайды.
1.Сілтілік металдар 2.Галогендер 3.Инертті газдар Сілтілік металдар. І топшада орналасқан: литий Li, натрий Na, калий К, рубидий Rb, цезий Cs, франций Fr. Франций - радиобелсенді элемент. Олардың топтық атауы - сілтілік металдар — сумен әрекеттескенде күшті негіз - сілті түзуіне байланысты қойылған.
Мысалы:2Na+2H2O=2NaOH+ H2+Q Жалпы электрондық конфигурациясы – ns1, яғни сыртқы қабатында бір электрон болады. Бұлар – күшті тотықсыздандырғыштар. Металдар I валентті .Сондықтан олардың қосылыстарының құрамы ұқсас болады. Барлық металдардың ішіндегі ең белсендісі –осы сілтілік металдар.Металдардың ұқсастығымен қатар ,физикалық қасиеттері және химиялық белсенділіктерінде айырмашылықтар да бар. Оксидтері Li2O Na2O K2O Rb2O Cs2O Гидроксидтері LiOH NaOH KOH RbOH CsOH Жалпы сипаттамасы :
Жұмсақ, иілгіш, пышақпен оңай кесіледі, жаңа кесілген металл бөлігі металдық жылтырлыққа ие. Сілтілік металл молекулалары бір атомнан тұрады. Заряд саны артқан сайын сілтілік металдардың атомдық радиустары да өседі (топ бойынша жоғарыдан төмен қарай).Балқу мен қайнау температурасы топ бойынша жоғарыдан төмен қарай артады. Жоғары химиялық белсенділігіне байланысты табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі.
Қолданылуы
Калий өсімдіктерде фотосинтез процесінің жүруін, крахмал жиналуын тездетеді. Бидай, арпа, сұлының сабағын қатайтады, картопта крахмал жиналады. NaCl – ас тұзы есебінде асқа қолданылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет