Сызыктық перспективаның заңдылықтары Белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына карай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады.Параллель сызықтардың қосу нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады. Көкжиек сызығына жуықтаған сайын параллель сызықтардың ара қашықтығы бір-біріне жақындай түседі. Көрушіден алыстаған сайын тіке сызықтардың ара қашықтык өлшемдері кішірейе түседі. Мысалы: телеграф бағаналарының көкжиек сызығынан төмен орналаскан сызықтары төменнен жоғары карай бағытталса, көкжиек сызығынан жоғары орналасқан сызықтар жоғарыдан төмен қарай бағытталады,бәрі көкжиек сызығында түйіседі
Сызықтық перспективаны бейнелеу ережелері: Бақылаушыдан алыста тұрған заттардың өлшемдері әрдайым кіші болып бейнеленеді.Конус, цилиндр формасы геометриялық заттар бойындағы шеңберлер перспектива заңдылығы бойынша овал болып бейнеленеді.
Ауа перспективасы Егер ашық теңізге шығып, көкжиекке көз салсаңдар , заттар бізден алыстаған сайын жарығырақ, бозғылтырақ бола түскенін байқайсыңдар.
Көз ұшындағы орман да алыс тау шоқыларындай көгілдір тартады. Өйткені, біздің жанарымыз бен алыстағы нысананың арасында тығыз ауа қабаты жатыр. Әлгі заттардың өңін жұмсартып, түсін өзгертіп тұрған да сол. Оны бірінші боп байқап, өз шығармасында бейнелеген – итальян суретшісі Леонардо да Винчи Ауа перспективасының бейнелеу ережелері
Затты кеңістікте бейнелеу үшін жақындағы заттар анық, ал алыстағы заттар солғын бейнелеуі қажет.
Алыстағы тұрған жарық түсті заттар өз түсінен қараңғылау, ал қараңғылау заттар сәл жарық болып бейнелеуі тиіс.
Жақындағы заттар көлемді болып бейнеленсе, алыстағы заттар жазықтау болып бейнеленеді.
Есте сақта! (Дәптермен жұмыс) Сызықтық перспективасына мысалдар Көкжиек сызығы – суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем.
Көру нүктесі – сурет салушының затты бақылайтын орны немесе нүктесі.
Шығу нүктесі – өзара параллель түзулердің алыстаған сайын бір – біріне жақындап, көкжиек сызығында барып қосылатын нүктесі.
Көру деңгейі – суретшінің көз деңгейін білдіретін ойша алынған жазықтық.
Оқушылар тақтада жазылған сөздерді есте сақтап қағаз паракшаларына жазады.
Машықтық кезең. Қара қарындаш, оқулық, А3 пішімі,бояу карындаштар
Берілген тапсырмалар бойынша топтар тапсырмалар нобайын салады.
1-топ. Табиғат көрінісі
2-топ. Бөлме көрінісі (интерер)
3-топ Темір жол мен электр бағандары
4-топ Қала көшелері
. Салынған суреттерді перспективаның қай түріне жататының , сурет салыну жолдарын түсіндіріп өтеді.