Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



бет2/4
Дата16.11.2022
өлшемі31,75 Kb.
#158395
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Перспектива заңдылықтары
didaktika
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу,оқушының сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:
Сенімділік жаттығуы:Мақсаты:Оқушыларды сенімділікке үйрету. Шарты:Оқушыларға бос ақ парақ таратылады.Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөліп белгілейді. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп бірінші бөлікке өздерінің жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы керек.Содан соң ол қағазды екіге бөледі. Жағымды қасиеттерін өздеріне қалдырып,жағымсыз қасиеттерін қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады.
Шаттық шеңберін құру.
Сыныптағы оқушыларды төрт топқа бөлемін.
Бейнелеу өнеріндегі негізгі түстер атауымен атаймын, олар —
1 топ — көк түс 2 топ — қызыл түс
3 топ — сары түс 4 топ- жасыл түс
Қораптан карточкалар алынып, әрбір топтың жетекшісі сұрақтарды өздері таңдап алып, тобымен бipre дайындалады. Қай топ дайын болса, сол топ жауап береді. Дайындалуға 2 — 3 минут уақыт беріледі. Әр топ 2 сұрақтан алады
1.Симметрия дегеніміз не?
2.Көкжиек сызығы дегеніміз не?
3.Бейнелеу өнерінің жанрларын атап бер?
Табиғат деген не? -Бізді қоршаған орта
Акварель қандай бояу. -Суға тез еритін
Гуашь қандай бояу. -Суға жақсы езіліп қою жағылатын
Жылы түстерді ата. -Сары, жасыл, қызыл
Суық түстерді ата. көк, күлгін, сұр. т.б.
ІІІ.Сабақтың мақсатын қою. –Балалар , бүгін біз бейнелеу өнеріндегі негізгі заңдылықтардың бірі –перспектива заңдылығымен танысамыз.
ІV.Жаңа білім беру. Презентациялық слайдтар көмегімен түсіндіру.
Перспектива – бір шаршы кенепте немесе қағаздың бетіне КЕҢІСТІКТІ қалай бейнелеу керектігі туралы ілім.
Перспектива латынның «perspicere» – «тасадағыны көре білу» деген сөзінен шыққан. Перспективаның заңдары өте көп, соның ең басты екеуін суретшілер қалайда білуге тиісті.
Зат бізден неғұрлым алыс тұрса , ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
Параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады.
Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі – қайта өрлеу дәуіріндегі атақты итальян сәулетшісі және суретшісі Брунеллески.
Перспектива 2 түрге бөлінеді : Сызықтық перспектива және ауа перспективасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет