Исаак ньютон



Дата04.08.2017
өлшемі396,6 Kb.
#22654
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҒЫЛЫМИ – ТЕХНИКАЛЫҚ КІТАПХАНА

АНЫҚТАМА – БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ


ИСААК НЬЮТОН
(Әйгілі ағылшын ғалымының туғанына 370 жыл)

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ҰСЫНЫСТЫҚ ТІЗІМ

ҚЫЗЫЛОРДА 2013

1643 жылдың 4 ақпанында Англиядағы Линкольншир графстовасындағы Ньютондар отбасында бір сәби дүниеге келді. Сәбидің жетілмей туылғандығы барлық отбасы мүшелерін алаңдатып, оның тірі қалуы күмән тудырған еді. Десе де сәби Исаак тірі қалып, барлық адамзат баласының бақытына орай аман есен өсіп-жетіле берді.

Мектеп жасында Исаакта дарындылықтың ешқандай белгісі байқалған жоқ. Оқытылған пәндердің көпшілігінен қанағаттанарлық деген баға алып жүрді. Бұны тек баланың оқытылған пәндерге деген қызығушылығының жоқтығымен ғана түсіндіруге болады. Оның өмірінің кейінгі кездерінде көрсеткен интеллектісіне қарап, тек осындай ғана тұжырым жасауға болады.

1660 жылы өздігінен Кембридж университетінің Тринити-колледжіне оқуға түскенде, ол не-бары он сегіз жаста болатын. Бұл университет сол кезеңдердің өзінде үлкен абыройға ие болып, шамалы адам оқуға түсе алмайтын. Айта кетер нәрсе Исаак өмір сүрген он жетінші ғасырдың ортасында Англияда революция орын алып, бірінші Карлдың басы шабылып, парламент таралып, ел ішінде бүліктің болып жатқан кез еді. Осыған қарамастан, Англияда университеттер қалыпты жұмыс істеп, баяу болса да ғылым дамып жатты.

Осылайша Ньютон 1665 жылы тіл білімдерінің бакалавры атанып, 1668 жылы магистр атағын алып, осы университетке мұғалім болып орналасады. 1669 жылы аты әлемге әйгілі математик әрі оның ұстазы Исаак Барроу оған кафедраны тапсырады. Осы сәттен бастап, 1689 жылға дейін ғалым университетте математика мен оптикадан дәріс оқиды.

Бір қызығы Ньютон жастайынан химияға қызығып, онымен де айналысқан. Бұған себеп болған нәрсе мынау. Грантэмдегі қоғамдық мектепте оқып жүрген кезінде ол дәріханашының үйінде бірге тұрған еді. Осының әсерінен химияға қызығушылғы пайда болып, осы саланы да біраз меңгерген. Дегенмен, Ньютон механикаға көңіл бөліп, сол саланы барынша зерттеуге тырысты. Кейінірек Галилейдің идеясын дамытып, механиканың негізгі теорияларын қалыптастырды. Ол жаңалық әлі күнге дейін мектеп бағдарламасында оқытылып келеді.

Ұлы ғалымның әлем ғылымына тигізген ықпалының зор болғандығын айтып өткенбіз. Нақтырақ айтсақ, алғашқы рет бүкіләлемдік тартылу заңының негізгі қағидаттарын анықтап, теорема негізінде дәлелдеген. Кеңістікке лақтырылған дененің белгілі бір қисық сызып өтетіндігін алғаш тапқан осы кісі. Мысалы, таудың ұшар басынан жерге қарай тас лақтырып жіберер болсақ, ол эллипс, гипербола немесе парабола сызып, жер бетіне түседі. Кейбір жағдайда түзу сызық немесе шеңбер бойымен түсуі мүмкін. Яғни, кез келген денеге әсер ететін күштердің заңдылығы бар екендігін, олардың траекториясын есептеп шығуға болатындығын көрсеткен алғашқы ғалым. Кейінірек бұл заңдылық планеталарға да қатысты екендігі дәлелденіп, бүкіләлемдік тартылыс заңы пайда болды. Осы жаңалықтар кейін ғарышқа кеме ұшыру кезінде де пайдаланылды.
Осы арқылы Ньютон галактикамыздағы планеталар мен күннің өзінің массасы мен тығыздығын анықтады. Мысалы, күннің тығыздығы жердікінен 4 есе аз екендігі есептелінді. Осылайша, күнге жақынырақ орналасқан планеталардың тығыздығы соғұрлым көп болатындығы белгілі болды.

Сонымен қатар, жердің формасын есептеп, экватор бойы жалпақ екендігін, польюстердің сәл қысыңқы екендігін анықтап берді. Ньютонның осы ашқан теоремаларын пайдалана отырып, Э. Галлей 1759 жер бетіне кометаның жақындайтындығын болжаған еді.

Көріп отырғандарыңыздай, ұлы ғалымның ашқан жаңалығы бүкіл ғаламның негізгі түсініктерін айқындап берді. Бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы ой Ньютонның басына 1666 жылы өз ауылы Вулсторпта демалып жатқанда, ағаш басынан төбесіне алманың түсіп кетуімен келді деп айтылып жүр. Сол алма ағашы жылдар бойы сақталған деседі. Ол ағаш қурап, өлген соң, сол жерге ескертіш ретінде орындық орнатылыпты.

Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, Исаак Ньютон, Корольдік қоғамның мүшесі — ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы.

1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда 1669-1701 ж.ж. кафедраны басқарған.

Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген, бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың корпускулалық теориясын дамытқан, Лейбництен тәуелсiз дифференциалдық және интегралдық есептеулердi шығарған. Ол бүкiләлемдiк тартылыс заңынан Кеплердiң 3 заңының шығатынын көрсеттi, айдың қозғалыс ерекшелiгiн түсiндiрдi, жердiң фигурасының теориясын дамытты, жердiң жасанды серiктерiнiң құрылу проблемасын қарастырды және т.б.

Ньютонның оптикаға әкелген еңбегi мол. 1666 ж. үш жақты шыны призма көмегiмен ақ түстi жетi түске орналастырып, оның күрделiлiгiн дәлелдедi.1668ж. және 1671 ж. телескоп-рефлекторды ойлап тапты. Жұқа пластиналардың түстерiн зерттеп, жарықтың дифракциясы мен интерференциясын анықтады. Өзiнiң оптикалық зерттеулерiн «Оптика» еңбегiнде жариялады.

Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi – ньютон аталған.

Оның 1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізін қалады. Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысының заңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы мен аспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша ол гелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді.

Механикада Ньютон импульстың және бұрыштық импульстың сақталу заңдарын алға тартты. Оптикаға қосқан үлесі: ол рефлекторлы телескоп жасап шығарып, үшбұрышты призманың жарықты көзге көрінетін жеті түске бөлетінін ашты. Ол Ньютонның суу заңын тұжырымдап, дыбыстың жылдамдығын зерттеді.

Математикада Ньютон Готтфрид Лейбницпен қатар дифференциалдық және интегралдық санақты ойлап шығарды. Сонымен қатар ол биномдық теореманы көрсетіп, функцияның нөлін шамалауға қолданылатын Ньютон әдісін тапты. Дәрежелік қатарларды зерттеуге де үлес қосты.

Ньютонның дінге деген қызығушылығы да зор болды, оның діни еңбектері көлемі жағынан ғылымға қосқан үлесінен үлкен.Денелердің Орталық күш әсерінен қозғалу траекториясы конустық қима болатынын, оған себеп барлық планеталар мен кометалардың Күнге, ал планета серіктерінің өз планеталарына ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал күшпен тартылуы екенін дәлелдеп, бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Физикада Ньютон қызған денелердің суыну заңын, ақ жарықтың монохромат сәулелерге жіктелуін, сфералық мөлдір денелердің түйіскен нүктесінің айналасында интерференц. сақиналардың пайда болатынын, т.б. ашты. Ол – термометрді ойлап шығарған алғашқы ғалымдардың бірі.

[1] Астрономияны телескоптық бақылау мен математикаға сүйенетін жаңа ғылыми сатыға көтерді. Өзі жасаған екі айналы телескоп арқылы (1668) аспан құбылыстарын тікелей бақылады. Аспан денелерінің қозғалыс теориясын жасап, аспан механикасының негізін салды.

[2] Ньютонның астрономиялық еңбектері механика мен физикадағы табыстарына ұштасып жатады. Математикада дифференциалды және интегралдық есептеулерді (Г.Лейбницке тәуелсіз) ойлап тапты, шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу, қисық сызыққа жанама жүргізу, қисық сызықтың ұзындығын, жазықтықтағы тұйық сызықтың қоршайтын ауданын табу, функцияларды қатарларға жіктеу, т.б. жаңалықтар ашты. Бұлар математикалық анализдің негізі болып табылады. Ньютонның ғылыми шығармаларының жинағы 5 том болып 1779 – 85 жылы Лондонда латын тілінде басылған.



[3]2005 жылы өткізілген сауалнамаға сұралғандардың көпшілігі Ньютонның ғылым тарихына жасаған ықпалы Альберт Эйнштейндікінен әлдеқайда күшті болған деп ойлайтындарын айтқан.

ҰЛЫ ҒАЛЫМ ИСААК НЬЮТОННЫҢ ЕҢБЕГІ МЕН ҚЫЗМЕТІ ЖАЙЛЫ ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Дәуітов Л.М., Малиновский В.В. Эйнштейн әлемі.- Алматы: Қазақстан, 1980.- 4-5 б.

  2. Ерматов С.Е. «Барлаушы» бөлшектер.- Алматы: Қазақстан, 1988.- 3-6 б.

  3. Ерматов С.Т. Ғажайып әлем.- Алматы: Қазақстан, 1984.- 224 б.

  4. Жұбанов М. Физиканың негізгі заңдары.- Алматы: Мектеп, 1989.- 9- 17 б.

  5. Қалығұлов А. Жарық сәуленің жаралуы.- Алматы: Қазақстан, 1968.- 14-18 б.

  6. Нұрымбетов Ә.Ү., Құсмұхамбетов Е.М. Сандық әдістер және программалау: оқу құралы.- Алматы: Эверо, 2009.- 47-54 б.

  7. Ньютон Исаак: Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы, 2005.- 98-99 б.

  8. Ысқақов


Орыс тілінде:

  1. Азимов Айзек. Популярная физика. От архимедова рычага до квантовой механики.- М.:ЗАО Центрополиграф, 2006.- С. 33-45

  2. Артемьев А.И., Мырзалы С.Қ. Ғылым тарихы және философиясы: оқу құралы.- Алматы: Бастау, 2011.- 143-146 б.

  3. Боголюбов А.Н. Математики механики: бигорафический справочник.- Киев: Наукова Думка, 1983.- С.361

  4. Вавилов С.И. Исаак Ньютон.- М.: Академия наук СССР, 1945.- С.162

  5. Вавилов С.И. Исаак Ньютон: научная биография и статьи.- М.: Академия наук СССР, 1961.- С.293

  6. Глейзер Г.И. Мектептегі математика тарихы. ІҮ-ҮІ кластар: мұғалімдерге арналған құрал.- Алматы: мектеп, 1985.- 66,82 б.

  7. Голин Г. М. , Филонович С.Р. Классики физической науки(с древнейших времен до начала ХХ в.): справочное пособие.- М.: Высшая школа, 1989.- С.142-145

  8. Голованов Я. Этюды об ученых.- М.: Молодая гвардия, 1983.- С.237-243

  9. Григорьев В.И., Мякишев Г.Я. Силы в природе.- М.: Наука, 1988.- С.29-37

  10. Григорьев В.И., Мякишев Г.Я. Силы в природе.- М.: Наука. Главная редакция физико- математической л-ры, 1969.- С. 29-33

  11. Грубе А.В. Биографические картинки.- М.: Изд. книгоградовца А.Л. Васильева, 1877.- С.45

  12. Дягилев Ф.М. Из истории физики и жизни ее творцов.- М.: Просвещение, 1986.- С.44-51

  13. Кингсеп А.С., Локшин Г.Р., Ольхов О.А. Основы физики. Курс общей физики в 2-х т.- М.: Физматлит, 2001.- Т.1.- С.37-48

  14. Кобзарев И.Ю. Ньютон и его время.- М.: Знание, 1978.- С.63

  15. Космодемьянский А.А. Очерки по истории механики.- М.: Просвещение, 1964.- С.12,14, 26-27

  16. Кудрявцев П.С. Исаак Ньютон.- М.: Гос. Учебно- педагогическое изд-во, 1963.- С.141

  17. Кудрявцев П.С. Исаак Ньютон: К 300- летию со дня рождения.- М.: Гос. Уч.-пед. изд-во, 1943.- С.144

  18. Маркович М.М., Уваров П.Я. Ғылыми-көпшілік журналдардың физика сабақтарында политехникалық оқуды жүргізуге көмегі.- Алматы: Қазақтың оқу- педагогика баспасы, 1954.- 6-8 б.

  19. Народная энциклопедия научных и прикладных знаний.- М.: Типография тв. И.Д. Сытина, 1912.- Т.1.- С.152

  20. Ньютон и философские проблемы физики ХХ века.- М.: Наука, 1991.- С.207

  21. Ньютон Исаак 1643- 1727: сборник статей к трехсотлетию со дня рождения/ под редакцией С.И.Вавилова.- Москва – Ленинград: Академия наук СССР, 1943.- С.437.

  22. Ньютон: его жизнь и научная деятельность/биографическая очерк М.М.Филиппова.- СПб, 1892.- С.80

  23. Пайерлс Р.Е. Законы природы.- М.: Физико- математическая литература, 1962.- С.17

  24. Полатбеков П. Оптика: оқу құралы.- Алматы: мектеп, 1967.-3-8 б.

  25. Спасский Б.И. История физики: учебник.- М.: Высшая школа, 1977.- Ч.1.- С.130-145

  26. Тимердинг Г. Математика в учебниках физики.- М.: Типография И.Д. Сытина, 1914.- С.14

  27. Храмов Ю.А.Физики: биографический справочник.- М.: Наука, Главная редакция физико – математической литературы, 1983.- С.199-200

  28. Чарап Джон М. Объяснение вселенной. Новая эра физики.- М.: Техносфера, 2007.- С.24-26, 74-75, 81, 112,130.

  29. Эвальда О. Первые уроки физики: методическое руководство к качественному исследованию физических явлении.- СПБ: Типография А.Якобсона, 1872.- С.90

  30. Энциклопедический словарь.- СПб, 1897.- С.443

АҒЫЛШЫН ҒАЛЫМЫ ИСААК НЬЮТОН ЖАЙЛЫ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ БЕТІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР





Дарибаева Күмісай, Ньютон заңдары. Ілгерлемелі қозғалыс динамикасы= Мұғалім тәжірибесі / К. Дарибаева//Физика және астрономия.- 2011.-№5-6.-8-9б.




Искаков Ж., Қозғалыс теңдеулерінің шешімдерін табуда үйкеліс күшінің кейбір ерекшеліктерін ескерту. / Ж. Искаков//Математика және физика.- 2010.-№3.-20-22б.




Как решать задачи на применение законов Ньютона//Физика в Казахстанской школе.- 2009.- №5.- С.15-18




Қойшыбаев Н., Динамика заңдары / Н. Қойшыбаев//Физика .Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.- 2012.-№1(39).-10-11б.; Физика .Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.- 2012.-№2(40).-4-5б.




Нұрғазиева Мираш Азатқалиқызы, Жас Ньютон=Ашық сабақ / М.А. Нұрғазиева //Білім кілті.- 2012.-№5.-23-24б.




Таласқалиев Е., Күш. Ньютонның ІІ заңы.Масса / Е. Таласқалиев//Физика Қазақстан мектебінде.- 2011.-№5(35).-22-24б.




Тундыбаева Т. Урок- игра «Законы Ньютона»//Физика в Казахстанской школе.- 2007.- №1.- С.29-34.

Каталог: ntb -> doc
doc -> Қазақстандағы жоғары білім
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> Ғылыми техникалық кітапхана анықтама библиографиялық және Әдістемелік бөлім білім және ғылым
doc -> Қазақ поэзиясының дүлділі
doc -> ҚОРҚыт ата атындағы
doc -> Қалыптасқан қазақстан 2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы нұрлан темірбеков, Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры, профессор. Айқын да жарқын бағдарлама


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет