Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалысы



Дата07.02.2022
өлшемі21,26 Mb.
#96788
түріСабақ
Байланысты:
ПРАКТИКАСЛАЙД31.11.20
партограмма каз

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
 
«Математика, физика және информатика» институты
Практикант: Алғазы Ұлтуған
7М01504 - Физика
Группа: МФОК-191
2020 ж
Практикалық сабақ 9: Физиканы оқытуда дидактикалық материалдарды қолдану

Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалысы


Орбита дегеніміз не?
Ғаламшардың массасы мен ауырлық күші ғаламшардың орбитасына қалай әсер етеді?
  • Тартылыс күші дегеніміз не?
  • Тартылыс күшін не анықтайды?
  • Тартылыс күші неге тәуелді?

Тихо Браге

Тихо Браге

(1546-1601)


Иоганн Кеплер
(1571-1630)
Дания астрономы Тихо Брагеннің өте мұқият жасаған Марс қозғалысына қатысты бақылау жұмыстарының нәтижелерін пайдалана отырып, неміс астрономы және математигі Иоганн Кеплер Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдарын тұжырымдады.
Иоганн Кеплер
1609 – 1619 жылдары ғаламшарлар қозғаласының үш негізгі заңын ашты.
Бұл заңдар КЕПЛЕР заңдары деп аталады.
О – эллипс центрі
S және S1 – эллипс фокусы
АВ – үлкен ось
Осы осьтің жартысы (а), кейде мұны улкен жарты ось деп атайды, бұл ғаламшар орбитасының өлшемін сипаттайды.
А – перигелий, В – афелий
Эксцентриситет: e = OS/OA
Жердің табиғи серігі Айдың және кез келген жасанды серіктердің Жерге ең таяу келетін нүктесі перигей (грекше Гея- жер), ал ең алыс нүктесі апогей деп аталады.
Кеплердің бірінші заңы
планета орбитасының пішінін анықтайды:
Барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.
Астрономияда Жердің Күннен орташа қашықтығы Күн жүйесінде қолданылатын қашықтық өлшеу бірлігі ретінде қабылданған.
Ол астрономиялық бірлік (а.б.) деп аталады:

1а.б.=149 600 000 км.
Кеплердің екінші заңы
аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды:
планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады.
Планеталар ең үлкен жылдамдықпен перигелийде,
ал ең кіші жылдамдықпен афелий де қозғалады.
Кеплердің үшінші заңы

планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды:
кез келген планетаның Күнді айналу периодтары жартыосьтерінің қатынасына тең болады.
Есептер
1.Марстың үлкен жарты осі 1,5 а.б. Күнді айнала қозғалысының жұлдыздық айналу периодын анықтаңыз.
2.Ғаламшардың синодтық периоды 500 тәулік.Оның орбитасының үлкен жарты осін және жұлдыздық айналыс периодын анықтаңдар.
3.Қайсы бір ғаламшардың қарсы тұруы 2 жыл сайын қайталанады.Оның орбитасының үлкен жарты осі неге тең?
Кеплер заңдарына мысал келтір?
Кеплер заңдары барлық планеталар үшін бірдей ма?
Кеплер заңдарын астрономияда қолданудың маңызы неде?
Үй жұмысы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет