Исаев ауылы Вакцина егуден бас тарту дұрыс па, бұрыс па? «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде»



Дата08.11.2019
өлшемі29,21 Kb.
#51285
Байланысты:
егу жұмыст медбике

Исаев бастауыш мектебі

Тақырыбы: Жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстарына

ата-аналарға кеңес психологиялық көмек беру



Исаев ауылы

Вакцина егуден бас тарту дұрыс па, бұрыс па?
«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген қағида бүгінде дүниежүзіндегі денсаулық сақтау саласының басты қағидасына айналған. Осы ұстанымдағы мемлекеттердің барлығы вакцинаға жыл сайын миллиондаған қаражат жұмсап, түрлі ауруларға қарсы балаларға егу жұмыстарын жүргізіп келеді. Аурулардың алдын алу мақсатында егілетін екпенің алғашқысы нәресте дүниеге келу бойына перзентханада егілсе, одан кейінгілері кезең-кезеңімен 56 жасқа дейін егіліп отырады. Өкінішке қа­рай, соңғы кездері қауіпті ауру­лардың алдын алуға бағытталған вакциналарға қарсы шығып, балаларына үзілді-кесілді егуден бас тар­татын ата-аналар да кө­бейіп барады. Вакцина тура­лы айтылып жүрген аңыз бен қауесеттің ақиқаты қайсы? 
Рас, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының экология комитетінің маман­да­ры әртүрлі мемлекеттердегі инфекциялық ау­рулардың туындауын сараптай келе, олар­ды екпесіз-ақ, уақытылы  түрде дәрігерлерге қаралып тұру, таза ауызсу мен сапалы, дұрыс тамақтану арқылы жеңу­ге болады деген қорытындыға келген. Алайда бүгінде таза ауызсуға жер хал­қының 89 пайызының ғана қол жеткізіп, 783 млн адамның ластанған су көздерін місе тұтуға мәжбүр болып отырғанын, күн сайын төмендеп бара жатқан экологиялық жағдайлар мен адамдардың дұрыс тамақ­тану режимін жиі бұзатынын есепке алсақ, вакцинасыз күніміз қараң екеніне көзіміз жетеді. Яғни бүгінде адамзат вакцинаға тәуелді. 
Мамандар: «Инфекция адам таң­да­май­ды. Егер егу жұмыстары жаппай жүр­гі­зіл­месе, ұлттық генофонға да кері әсерін ти­гі­зеді. Сондықтан бірен-саран қарсылық көр­сеткендерге де мұқият түсіндіру жұмыс­та­рын қолға алып, міндетті түрде егу жұ­мыс­тарын жүргізу керек», – дейді. Айта кетер жайт, жыл сайын вакцинаның ар­қа­сында 3 миллиондай сәби ажал тыр­н­а­ғы­нан арашаланып, 750 мыңдай балдырған мү­гедектік қаупінен арылады екен. Бұл – мамандардың вакцинасыз кезеңмен, уақы­тылы вакцина егіліп жатқан бүгінгі ке­зең­­ді салыстыра келе түйіндеген статис­ти­ка­сы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мы­ның деректеріне сүйенсек, жыл сайын түрлі сырқаттан көз жұматын адам­дар­дың үштен бір бөлігінің өлімі жұқпалы ауру­лар­дан келетін көрінеді. Сондай-ақ әлем бойынша 3 миллион сәби қазіргі таңда вак­­цинасы табылмаған түрлі жұқ­па­лы ауру­­лардан көз жұмады екен. Осы­лай­ша, әлем халқы вакцинасы жоқ жұқпалы ау­ру­лардан зардап шегіп жатқанда алдын алу вакцинасы белгілі болып тұрған қауіпті дерт­терден сақтандыратын екпелерге ата-ана­­лардың қарсы шығуы жұқпалы дерт­тер­ге қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды күрделендіріп тұр. Ал қазіргі таңда 27 түрлі ауруды вакцинамен ауыздықтауға бо­ла­тыны анықталған. Осы орайда жұқпалы ау­руларға қарсы күрестегі бірден-бір құрал халықты егумен толық қамту екенін жұртшылықтың жаппай түсінуі маңызды болып отыр. 

Алтын НАЖМЕДЕНОВА, ҚазҰУ-дың эпидемиология кафедрасының доценті, ме­дицина ғылымының докторы, про­фес­сор:



– Екпеге қарсы пікірді таратып жүр­ген­дер – медицинадан еш хабары жоқ жандар. Қауіпті дерттің алдын алудың бірден-бір жолы – вакцина. Мәселен, 1988 жылы полиомиелитке шалдыққан 125 ел тіркелген. Вакцинаның арқа­сын­да оларды толығымен жойдық деуге болады. Түрлі инфекция адам өлі­мінің көбеюі мен мүгедектіктің та­ра­луына алып келеді. Вакциналауды аз уақытқа ғана тоқтатқан елдерде түрлі инфекциялардың қауіпті ошақтары пай­д­а болған. Осы орайда біздің елі­міз­де де тұрақты түрде вакциналау жұ­мыс­тары жүргізіліп келеді. Осындай жүргізілген жұмыстардың арқасында жіті вирусты гепатит, тыныс жолдарының ауруы күрт азайған. Мұның барлығы дер кезінде жүргізіліп отырған егу жұ­мыс­тарының арқасы деп білемін. Мәселен, Тәжікстанда 2010 жылы полио­миелиттің таралуы халық ара­сын­да егуден өтпегендердің көбеюінен пайда болған. Сондай-ақ Жапония және басқа да бірқатар Еуропа елдері егу жұмыстарын босаңсытқан кезде қы­замық, көкжөтел, қызылша секілді аурулардың тез таралу қаупі байқалған. Осы орайда еліміздегі вакциналау жұ­мыс­тарын дамыту мақсатында жақында ҚазҰУ-ден вакцинология мектебі ашыл­ды.

Мамандар дәл қазіргі таңда елімізде нақты қанша ата-ананың балаларын егу­ден бас тартқанын айтып бере алмады. Де­генмен жыл өткен сайын олардың санының артып бара жатқанын да жасырып қалмады. Айта кетер жайт, ата-аналардың вакциналарға қарсылығы кезінде АҚШ-та да тіркелген екен. Сол кезеңде жанұялық дәрігерлер балаларын егуден бас тартқан ата-аналармен жұмыс істеуден мүлдем бас тартқан. Яғни аурудың алдын алатын вакцинаны салдырмаған ата-аналардың бала­ларының денсаулығын өз жауап­кер­ші­ліктеріне алуын талап еткен. Ал біздің елімізде вакцина салдыруға қарсылық білдірген ата-аналармен тек түсіндіру жұмыстары ғана жүргізілуде. Әйтсе де, ма­ман­дардың айтуынша, мұның да қанша­лық­ты нәтиже беріп жатқаны белгісіз көрі­неді. 
Бір анығы, қазіргі таңда дамыған елдер­де қауіпті ауруларға қарсы вакцина егілетін аурулар қатары көбейіп келеді. Тіпті дамыған Еуропа елдерінде, әсіресе Америка мен Израильде бізде салынбайтын вакциналар да бар екен. Ал Қазақстаннан шетелге шығатын кезде соларды егу талап етілетін көрінеді. Сондықтан мамандар біздің елімізге де замана көшінен қалмай, қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу жұ­мыстарын күшейту қажеттігін ескер­те­ді.
Автор: Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет