Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) Алматы, 2014 ббк пікір жазғандар



бет1/8
Дата15.04.2018
өлшемі2,57 Mb.
#40184
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті



ИСАЕВ ОҚУЛАРЫ

(ғылыми мақалалар жинағы)

Алматы, 2014

ББК


Пікір жазғандар:

Р.Рахметова – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің докторы.

А. Сембаева – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

Жауапты редактор:

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Ж.К. Отарбекова

Редакция алқасы:

Қ.Ш. Балабекова, С.Самархан, Ә.Қарабалаева.



Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы). Алматы, 2014 ж. 172 бет.

Филология ғылымдарының докторы, профессор С.М. Исаевты еске алу құрметіне жыл сайын өткізіліп тұратын бұл оқуларға студент, магистрант, жас ізденушілердің ғылыми мақалалары енгізіліп отыр.

Ғылыми мақалалар жинағын баспаға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Қазақ тіл білімі кафедрасы ұсынған

ISBN
Алғысөз

Қазақ тілінің маманы, университетіміздің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаев – қазақ қыздарының сауатын ашып, қазақ қоғамынан мұғалім деген атқа ие болуына тікелей жәрдем берген, «бұлақ көрсең, көзін аш» деген халықнақылынберікұстанған ұстаздарымыздың бірі.

Профессордың «Қазақ тілі» деген кітабы 1989 жылы, Қазақ тілі Мемлекеттік мәртебеге ие болған жылы оқуға түскен қыздардың, қазір республика бойынша мектеп мұғалімдері, т.б. қызметтегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандарының жол нұсқаушысы, ақылшысы, ұстаздық етуде тірегі бола бермек. Сол бір кітабының өзі талай мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті бірлестіктерінде қыры-сыры мол қазақ грамматикасының негізі ретінде қаланғалы қашан. «Қай теориялықнегізде айтыптұрсыз?» дегенде «С.М.Исаевтың «Қазақ тілі» кітабына сүйеніп айтып тұрмын» деген жауап талай олимпиадалар мен сайыстарда, Ұлттық Бірыңғай тесттерден өтуге дайындықта, яғни талай мектептердегі сынақ кезеңдерінде халықтың қолынан түспей, айнымас жол сілтеп келеді.

Мектеп грамматикасына сүйеніш, тірек болған кітап иесі, ғалым С.М.Исаевтың студенттер үшін жазылған «Қазақ әдеби тілінің тарихы» оқулығы күні бүгінге дейін жас ұрпақтың әдеби тілдің тарихын тануда өзектілігін танытып келеді. Ғылыми негіз бен ғылыми бастауды нұсқап берген оқулықтың кез келген тіл тарихын игеру ниетіндегі студент, магистрант, докторант үшін алғашқы түсінік қалыптастырып, сара жолкөрсетері анық.

Жоғары білімнің негізі ғылыми грамматикада «Қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар» деген кітабында морфологиядағы грамматикалық категория мен грамматикалық мағынаның, грамматикалық форманың құпиясы, астары ұғынықты түрде түсіндірілген.

Университетіміздің 70 жылдық тарихы қарсаңында жарияланғалы отырған осынау дәстүрлі жинаққа мұрындық болған, профессор С.М.Исаевтың ұстаздық еткен жылдарында, оның дәрістерін тыңдап, қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдарды терең меңгерген ғалым ұстаздар қазір профессор, доцент ғылыми атақтарына ие. Ұстазынан үлгі алып, ұстаздық сара жолын таңдап, ғылымибұлақтан нәр алған ұстаздарымыздеп ерекше мақтан ете аламыз.

Профессор С.Исаев шәкіттері өзара кездескенде, ұстаздарының қазақ тіліндегі нөлдік форманы түсіндіргенде жиі қолданатын «белгісіздің өзі - белгі» деген сөзін еске алысады.


ф.ғ.к., профессор м.а. М.Ә. Жүнісова

1-секция.
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселелер

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚЫЗҒА ҚАТЫСТЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДЕГІ СИМВОЛДЫҚ МӘН

Қ.Әбидін ҚазМемҚызПУ 41- ______________________________________________________________________________________________________-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., проф.Ермекова Т.Н.
Тілдік таңбаның ерекше түрі болып табылатын фразеологиялық бірліктерде ұлттың мәдени жемістері, яғни халық ауыз әдебиеті, діни философиясы, салт дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, мифологиялық дүниетаным көздерінің іздері жатыр.

Халық мәдениеті, танымы, өмір-тіршілігі негізінде қалыптасқан фразеологизмдер тұрақты символдық мәндерді игеруге өте қабілетті. Әлем, табиғат, адамның сыртқы түрі мен ішкі қасиеттері танымдық процесінде ерекше семиотикалық мағынаға – мәдени мағынаға ие болады. Әлем өзінің физикалық, материалдық табиғаты, негізгі тура мағынасынан босатылып, адам танымында әлеуметтік, рухани уәжділікке ие болады. Мәдени мағынасы бар материалдық әлемнің таңбалары мәдени таңбаларға айналып, адамда оның екіншілік қасиеті бойынша қолданыс табады. Осыған байланысты Р.Авакова: «Кез-келген халық санасында қалыптасқан символдар болады, ол символдар әрқашан уәжделеді, яғни олар дәлелді. Тіл-тілдің идиомасында фразема жасайтын символдық компоненттер болады, оларды кейбір ғалымдар ұйытқы компоненттер деп атайды» [1, 161б.].

Қазақ тіліндегі қызға қатысты фразеологиялық тіркестердегі симводық мәнге ие компоненттер қыз баланың сырт келбеті, әдеті мен мінез-құлықтары, тіршілік ету салты, тұрмыстық ұғым-түсініктері, ырымдар мен наным-сенімдері, адам мінезінің ерекшеліктері, қасиеттері мен сапалары және т.б. сипаттарына тікелей қатысты. Мұндай ерекшелік тек қазақ тіліне ғана емес, әлемдегі тілдердің көбіне тән болып келеді.

Қазақ тіліндегі қызға қатысты фразеологизмдердегі символдық мәнге ие болатын негізгі өзек семаларды анықтадық. Оған төмендегілер жатады: ай, ақ, ақша, алма, алтын, гүл, күн, таң, құс, аққу, жан-жануар, төрт-түлік, таң. (Кесте 1)



Кесте 1. Қызға қатысты фразеологизмдердегі символдық мәнге ие өзек семалар


Негіз сема

Мысалдар

Ай


Айдай сұлу, айдай таза, күндей нұрлы, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, ай қабақ, алтын кірпік, ай мүсін, ай маңдайлы, толған айдай, он төртінші айдай;

Ақ


Ақ сазандай бұлықсыған, ақ сұпыдай, ақ тамақ, ақ жүз, ақ бет, ақ дидарлы, ақ күмістей, маржандай аппақ тісті, ақ білек, ақ сұпыдай;

Ақша


Ақша жүз, ақша маңдай

Алма


Алма бет, алма мойын, аршын төс;

Алтын


Алтын айдар, жібек шашты, алтын айдар, қалам қас, алтынның сынығы (жақсының көзі), алтын кірпік;

Гүл


Гүлдей жайнау, қырдың қызғалдағындай, жауқазындай жайқалған, нәркес көзді (нарцисс), қырмызыдай ажарлы;

Күн


Күндей көрікті, күндей нұрлы, күндей көркем, күндей сәулелі, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, ай мен күндей;

Таң


Атқан аңдай, ақ таңдай, ақбөкеннің таңындай;

Құстар

Тотыдайын таранған, сұқсырдай сыланған;

Аққу

Аққудың көгілдіріндей, аққудайын сыланып, тотыдайын таранған, аққу мойын, шомылып көлге шыққан қудай;

Жан-жануарлар

Кермаралдай керілген, киіктің асығындай, құралай көз,ақбөкеннің құралайындай, қарға аунаған түлкідей, ақ маралдай, абжыландай толғанып, құланның құлынындай;

Төрт-түлік

Қой көз, бота көз, тана көз, қаз мойын, жез бұйдалы нар тамақтай , қысыр емген тайдай, жүйрік аттай ойқастап, құнан қойдай бой тастап;

Тал

Сырдың құба талындай, тал шыбықтай бұралған, тал бойында бір мін жоқ, талдырмаш қана;

Қазақхалқыөзіндікұлттықойлауерекшелігі- дүниешындығынкөркемобразбенқабылдауышешендіксөзөнерінұлтменталдығыретіндекөрсетуі, қалабердітабиғатаясындағыкөшпеліөмірсалты – «түрімдегі – тілімде, тілімдегі – түрімде» дегеніндей, қазақұлтыныңпсихологиялықтереңболмысынбайқатады [2, 3.].

Адамзат дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі – табиғат. Табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің танымында ай мен күн – сұлулықтың символы. Сондықтан да бұл екі сема қыздың көркін, келбетін білдіруде жиі қолданылған.

Түркі халықтарының мәдениетінде аспанмен қатар оның шырақтары да құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған. Бұл мағынада әсіресе күннің атқаратын рөлі ерекше. Қазақ ертегілерінде ертегі кейіпкерлерін Күнсұлу, Күн астындағы Күнекей және т.б. деп бекер атамаған.

Азиялық өркениетте Күнмен қатар аспан шырағы Ай болған. Ай көне түрік мәдениетінде Күннің орынбасары, сұлулықтың таңбасы, көп мұраларда әйел тіпті құдай ретінде танылған. Көшпелілер үшін де айдың маңызы зор болған. Ай әдемілік пен сұлулықтың үлгісі болып табылған. Қазақ эпосында сұлулық, нәзіктік, арулық Аймен теңестіріледі. «Толған айдай толықсып, бұралып кетіп барады» (Қыз Жібек), «Жалғыз қызы Гүлбаршын – он бесте толған ай еді» (Алпамыс), «Жақсы Ай – Күндей, жарығы әлемге бірдей» (мақал)

Өткелге тоғыз тарау көш те келді

Наурызбай жігіттерін көштен бөлді

Нұрланып он төртінші туған айдай

Науанды алшын, жаппас келіп көрді./Хан кене/ [3, 12-15б.].

Қазақ ежелден қызын аялап, мәпелеп өсірген. Ұл, қызының сұлулығын ай мен күнге балап, жүріс-тұрысына мән берген. Күн – тіршіліктің тірегі, жарық пен қуат көзі болса, қазақ халқы қыз балаға, ертеңгі ұрпақ тәрбиелеуші, әйел-анаға тіршілік берекесі ретінде баға берген. Мысалы, күндей көрікті, күндей нұрлы, күндей көркем т.б.Ал, Айға балап қыздарының атын Айман, Айсұлу, Айтолқын, Айтолды, Толғанай, Айкерім, Айгүл, Айзада, Айқыз, Айкөз, Айбике, Айкүміс деп қойған. Айды қазақ халқы жақсылыққа ырым етіп, айды қолдаушы тұтқан. “Айы оңынан туыпты”,-деп жақсылықтың нышаны екенін білдірген. Айдай сұлу – өте көркем деген мағынада қолданған. Оның басын және қағып, екі інісінің үстіне қалап, үйге кіріп келсе, бір айдай сұлу қыз отыр; көре салып, Жұмакелді шалқасынан түсіп, талып қалады (“Қаз. ертегі”).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет